Әкімшілік құқық және басқарудағы заңдылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 23:06, доклад

Описание работы

Басқарудағы заңдылық;
Басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдердің жүйесі мен түсінігі;
Атқару билігінің бақылау органдары;
Әкімшілік қадағалау;
Сот билігінің органдары және басқарудағы заңдылық;

Работа содержит 1 файл

Әкімшілік құқық және басқарудағы заңдылық.docx

— 23.34 Кб (Скачать)

        Әкімшілік құқық және басқарудағы заңдылық

  1. Басқарудағы  заңдылық;
  2. Басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдердің  жүйесі мен түсінігі;
  3. Атқару  билігінің  бақылау органдары;
  4. Әкімшілік қадағалау;
  5. Сот билігінің органдары және басқарудағы заңдылық;

     Мемлекеттік басқарудағы заңдылық -  бұл басқару  қатынастарының барлық субъектілерінің ҚР Конституциясын және мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген басқа нормативті – құқықтық актілерін дәл, қатаң және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы. Оның мәні мемлекеттік басқару сферасында  адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекіту және нақты іске асыруды қамтамасыз ету.

   Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету  - заңдылық - биліктік өкілеттілікке иеленген мемлекеттік құрылымдардың қызметі.

   Олар  мыналарға бағытталған:

   1) мемлекеттік билік органдарының  қызметінде, олардың лауазымды  тұлғаларының заңдарға және одан туындайтын актілерінің талаптарының бұзылуына жол бермеу;

   2) оларға себеп болатын жағдайларды  іздестіру;

   3) оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің  пайда болуы;

   4) табылған құқық бұзушылықтарды  уақытында және оперативтік тұрғыда  жолын кесу және жою;

   5) заңдылық пен тәртіпті бұзған  кінәлілерді белгіленген жауапкершілкке  тарту;

   6) заңдылық пен тәртіптің бұзылуына  себеп болатын жағдайларды жоюға  шаралар қолдану.

   Заңдылық  қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.

   1) Заңның басымдылығы;

   2) Заң алдындағы теңдік;

   3) Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

   4) Заңдылықты бұзғаны үшін жазалаудың болмай қоймайтындығы;

   5) Заңдылықтың кепілдіктері;

   6) Заңдылықты  қамтамасыз етудің жалпы шарттары

   7) Заңдылықты қамтамасыз етудің арнайы құралдары;

   Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның өкілетті органдарының тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар өздеріне  жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде және дәл орындауға тиіс.

   Заңдылық  пен тәртіпті  қолдау және нығайту міндеті жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше  жүйесі  әрекет етеді. Олардың жүзеге асыратын  әр түрлі   құқықтық және ұйымдық қызметтерінің түрлері мен әдістері, қоланатын практикалық амал – тәсілдері, операциялары, жұмыс түрлері заңдылықты  қамтамасыз ету тәсілдері  деп аталады.

   Бақылау – объектілердің белгіленген  көрсеткіштерден (параметрлардан)  ауытқуларын  жою мақсатында  оның қызмет ету процесін байқау және тексеру жүйесі.

   Атқарушы  билік сферасындағы бақылаудың мәні осыған өкілетті  органның  ұйымдық-құқықтық  тәсілдерді және  құралдарды  пайдалана отырып  атқарушы билік органның немесе лауазымды тұлғаның  қызметінде  заңдылықтан қандай – да бір  ауытқулар  бар ма, жоқ па соны айқындайды, ал егерде осындай  ауытқулар болса, онда  оларды өз уақытында  жояды, бұл кезде  бұзылған құқықтарды қалпына келтіреді, жауапкершілікке тартады,  заңдылықты  және тәртіпті бұзудың алдын алуға шаралар қабылдайды.

     Басқару аясындағы заңдылық қағидасы  үлкен мәнге ие. Бұл келесі  маңызды жағдайлармен сипатталады.

  Біріншіден, басқару мемлекет пен жергілікті  басқару органдарының ауқымды  қызметін қамтиды. Мұнда олардың  экономомика, әлеуметтік-мәдени және құрылыстың әкімшілік-саяси басшылықтық бойынша алуан  түрлі қызметтері орындалады.

  Екіншіден, басқару субъектілері өзінің функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыра отырып, құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.

  Үшіншіден,  басқаруды көптеген субъектілер  жүзеге асырады (атқару биліктің  органдары, лауазымды тұлғалар  және т.б.). Негізінен олармен азаматтар,  әр түрлі ұйымдар әрекет етеді.

  Төртіншіден,  басқару органдары қоғам өмірінің  сан алуан салаларын қамтитын  құқық қалыптастыру қызметін  жүзеге асырады.

  Бесіншіден, басқару органдары әкімшілік  мәжбүрлеу шараларын қолдану  аясындағы кең өкілеттіліктерге  ие.

  Сөйтіп, заңдылық әр түрлі басқару  әрекеттерін қамтиды, басшылар  мен бағыныштылардың құқықтық  актілерді біртұтас түсінуін  қамтамасыз етеді. 

  Мақсатқа  сәйкестілік заңдылықпен тығыз  қарым қатынаста болады, яғни, ең  алдымен атқару биліктің органдарының,сонымен  қатар басқару әрекетінің қатысушылары  әрекеттерінің олардың алдында  тұрған мақсаттарына, яғни басқаруға  сәйкес келуі. Заңдар мен заңға  бағынышты актілер атқару билік  органдары мен лауазымды тұлғалардың  алдына мақсат қоя отырып, әрқашан  да толық көлемде олардың жүзеге  асырылуы тиіс жағдайлары мен  әрекеттерін анықтай алмайды.  Оларға өз құзыреті шегінде  олардың алдына қойылған мақсаттарды  шешу үшін дербес мақсатқа  лайықты жолдарды табуға мүмкіндік  беріледі.

  Баяновтың ойынша: « ҚР-сы Конституциясының 34-б. сәйкес мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар және олардың бірлестіктері Конституция мен заңдарды сақтауға міндетті; Конституцияның 4-б. 2-т. бойынша оның ең жоғары заңдық күші бар, сондаықтан республикада қабылданатын заңдар және өзге де құқықтық актілер елдің Ата заңына қайшы келмеуге тиіс. Заңдар да, заңға тәуелді актілер де түгелдей барлық азаматтардың, органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті. Барлық құқықтық актілерді түсіну мен қолдану біркелкі болуға тиіс. Заңдылық пен пайдалықты қарама-қарсы қоюға жол беруге болмайды. Кез келген құқық бұзушылық міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соқтыруға, құқыққа қарсы мінез-құлыққа мемлекеттің оған сәйкес келетін реакциясы болуға тиіс. Дәл осы негізгі талаптар атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы заңдылықтың мәнін айқындайды». [1.372-б.]

  Заңдылықты  қамтамасыз ету белгілі бір  кепілдіктер жүйесінің  көмегімен  жүзеге асырылады, олар: экономикалық, саяси, ұйымдастыру, заңдық, қоғамдық  кепілдіктер. Атқарушы билікті  жүзеге асыру процесінде әкімшілік  құқықтың барлық субъектілерінің  қызметі соларға сүйенеді.

  Басқарудағы  заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз  ету тиісті мемлекеттік құрылымдардың;

  1. Атқару билік органдарының, олардың лауазымды тұлғалардың өз күнделікті қызметін жүзеге асыру барысында негізге алатын әрекет етіп жатқан заңдар мен заңға тәуелді актілерде бекітілген талаптар мен нұсқауларды бұзбауға;

    ә)  мұндай құқық бұзушылықтардың уақтылы  және жедел ашылуға, алдын алуға  және тыюға;

    б)  олардың пайда болу себептері  мен жағдайларын анықтауға;

    в)  заңдылық пен тәртіпті бұзған кінәлілерді  тиісті жауапқа тартуға;

    г)  заңдылық пен тәртіпті бұзудың себептері  мен жағдайларды тыюға бағытталған  шараларды қалыптастыруға және орындауға;

    ғ)  бұзылған жағдайда жауаптылықтан құтылмайтындай жағдай жасауға бағытталған әрекеттерін  анықтайды.

      Сонымен қатар, мемлекеттік және  қоғамдық өмірде, соның ішінде  басқару аясында заңдылық пен  тәртіпті тікелей қамтамасыз  ететін арнайы органдар да  бар(мысалы, соттар, прокуратура, мемлекеттік  инспекциялар).

      Заңдылық пен тәртіпті жүзеге  асыру процесі барысында басқару  аясындағы аталған органдар өз  құзыреті шегінде бақылау және  оның түрлері – орындауды тексеру және қадағалау қолданылады.

      Бақылау өте кең және көлемді  құқықтық категория болып табылады.

      Бақылаудың мәні мен маңызы:

  а)  тиісті бақылауда болған объектінің  функциясына байланысты бақылау;

  ә)  объектідегі заңдылық пен тәртіптің  жағдайы туралы объективті және  анық мәліметтер алу;

  б)  заңдылық пен тәртіпті бұзушылықтарды  алдын алу және жою бойынша  шаралар қолдану;

  в)  құқықбұзушылықтардың болудың себептері  мен жағдайларын анықтау;

  г)  заңдылық пен тәртіпті бұзған  кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту  бойынша шаралар қолдану.

  Мемлекеттік басқару заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету амал-тәсілдерінің жүйесі

  Заңдылықты  қамтамасыз ету тәсілдері:

    1)басқару субъектілері бойынша бақылау – президенттік, парламенттік,  үкіметтік, жергілікті атқарушы билік   

     органдарының, сала аралық, және салалық, әкімшілік қадағалау;

    2)Прокуратураның  қадағалауы:

    -  Конституцияның, заң күшіндегі актілердің және Президент  актілерін бұзуды  анықтау және жою шараларын қабылдау;

    -    жедел-іздестіру қызметінің, алдын - ала анықтау және тергеудің, әкімшілік және атқарушы  өндірістің  заңдылығын қадағалау;

    -    кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың актілерін қадағалау;

    3) Заңдылықты қамтамасыз ету бойынша соттың қызметі:

    а) әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қарау;

    б) лауазымды  тұлғалардың актілерін және әрекеттерінің  заңсыздығын анықтау;

    в) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қалпына келтіру бойынша шешім қабылдау және оларды    

     жауапкершілікке тарту.

    Қадағалау  мемлекеттік басқаруда заңдылықты  қамтамасыз ету  тәсілі ретінде

      Қадағалау атқарушы билік сферасында заңдылықты қамтамасыз ету әдістерінің  бірі болып табылады. Қадағалау - бұл мемлекеттік органдар, мекемелер, кәсіпорындардың, ұйымдардың  ұйымдастырылуның құқықтық меншік нысанына қарамастан, олардың лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің және азаматтардың заңдарды дәл және біркелкі орындауларын тексеру. 

Қадағалаудың  мынадай түрлері  бар:

1) прокуратураның  жалпы қадағалауы - барлық мемлекеттік  органдардың, лауазымды тұлғалардың,  азаматтардың, мемлекеттік емес  ұйымдардың, мекемелер, кәсіпорындар, бірлестіктердің ҚР заңдарын  бұлжытпай орындауын қадағалау;

2) арнайы  қадағалау - әкімшілік қадағалау  - әкімшілік  мемлекеттік басқару органдарының, бірқатар құқық қорғау органдарының қызметінің  арнайы түрі:

а) орган  басшыларының және олар құратын комиссиялардың негізгі және ішінара жүргізілетін қадағалауы (оларға түскен өтініштер, шағымдар және т.б.);

б) арнайы ведомстволар, қызметтер және органдарға мұндай қызмет бастапқы немесе маңызды  болып саналатын қадағалау, мысалы, ІІО қадағалауы       

 ҚР  Конституциясына  сәйкес прокуратура мемлекеттің атынан жоғарғы қадағалауды жүзеге асыруды және оның қадағалауы негізгі бағыттар бойынша іске асырылады:

1) лауазымды  тұлғалардың және азаматтардың  заңдарды, Президент актілерін және  өзге де нормативті - құқықтық  актілердің  біркелкі орындалуын қадағалау;

2) шұғыл  іздестіру қызметінің, тергеудің  заңдылығын;

3) соттарда  істерді қарауда заңдардың  орындалуын қадағалау;

Информация о работе Әкімшілік құқық және басқарудағы заңдылық