Әкімшілік құқық бұзушылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 20:45, контрольная работа

Описание работы

Жалпы құқық бұзушылық – бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлә іс қимыл. Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.
1) Қылмыс – бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса кауіпті іс-әрекет.
2) Теріс қылық – қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс-әрекеттер. Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық-құқықтық, материалдық бөліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз – әкімшілік құқық бұзушылық.

Содержание

Кіріспе 3
1 Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі 4-6
2 Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері 6-7
3 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдар 7-8
4 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу, іс қозғау, істерді қарау 8-9
Қорытынды 10
Қолданған әдебиеттер тізімі 11

Работа содержит 1 файл

әкімш.қ.doc

— 108.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                                                  3

1 Әкімшілік  құқық бұзушылық түсінігі                                                                                        4-6

2 Әкімшілік  құқық бұзушылық түрлері                                                                                        6-7

3 Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істерді  қарайтын уәкілетті органдар                          7-8

4 Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы іс  жүргізу, іс қозғау, істерді қарау                             8-9

Қорытынды                                                                                                                                       10

Қолданған әдебиеттер тізімі                                                                                                           11 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе

     Жалпы құқық бұзушылық – бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлә іс қимыл. Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.

     1) Қылмыс – бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса кауіпті іс-әрекет.

     2) Теріс қылық – қоғам өмірінің  әр түрлі саласындағы жасалатын  және әр түрлі салдар туғызатын  қоғамға орташа және кішігірім  қауіпті іс-әрекеттер. Теріс қылықтар  заңды жауапкершілікке байланысты  бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік,  азаматтық-құқықтық, материалдық бөліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз – әкімшілік құқық бұзушылық.

     Қазақстан Республикасының әімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарында қолданысқа енгізілді. Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидалары мен нормаларына негізделеді. Қазақстан Республикасының әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлігі болып табылады.

     Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың  міндеттері – адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

     ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).

     Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады. Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық  бұзушының жеке басына сай келуі  шарт. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану  кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктің жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1 Жеке адамның, әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жаслған) іс-әрекеті, не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті, не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бқзушылық болып табылады. Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.

     Егер  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын-ала білсе осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс әрекетінің зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын-ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын-ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады (30 бап).

     Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады. Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келуі шарт. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктің жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін негізгі және қосымша әкімщілік жазалардың қолданылуы мүмкін.

     Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған кезде  әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі – 30 тәуліктен, ал төтенще жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу 45 тәуліктен аспауға тиіс.

     Сонымен, Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл  болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік  -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза  қолданудың  фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық  белгіленеді және қолданылады).

     Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдедетін мән-жайлар:

1) Кінәлі адамның шын өкінуі;

2) кінәлі  адамның құқық бұзушылықтың зиянды  зардаптарын болдырмауы, залалды  өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4) әкімшілік  құқық бұзушылықты кәмелетке  толмаған адамның жасауы;

5) әкімшілік  құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;

6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;

7) әкімшілік  құқық бұзушыдықты қажетті қорғанудың  заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа  қарсы ұол сұғушылық жасаған  дамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау;

      Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар:

1) тиісті уәкілетті адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан жалғастыра беру;

2) бұрын  жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;

3) кәмелетке  толмаған адамды әкімшілік құқық  бұзушылыққа тарту;

4) кінәлі  адамның біле тұра ауыр психикалық ауруымен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;

5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік  немесе жаулаусущылық себебі  бойынша, басқа адамдардың заңды  әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ, басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

6) адамға  немесе оның жақындарына қатысты  белгілі бір адамның өзінің  қызметтік, кәсіптік немесе қоғамдық  борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

7) кінәлі  адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға,  басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адмаға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық;

8) адамдар  тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

9) табиғи  апат жағдайында немесе басқа  да төтенше жағдайлар кезінде  әкімшілік құқық бұзущылық жасау;

10) маскүнемдік,  нашақорлық немесе уытқұмарлық  масаң күйде әкімшілік құқық  бұзушылық жасау;

     Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;

     Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:

1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі (қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);

2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)

3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)

4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

     Әкімшілік құқықтың жүйесі — бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.

     Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар. Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.

     Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.

     ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация). Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).

     Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару

2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы

3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

Информация о работе Әкімшілік құқық бұзушылық