Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау

Дата добавления: 08 Ноября 2011 в 16:06
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (24.84 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.docx

  —  27.36 Кб

Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істерді қарау 

   Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті  субъектілердің  әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.

 Әкімшілік   құқық бұзушылық туралы істер  бойынша өндірістің  міндеттері:

1) әрбір істің   мән – жайларын өз уақытында,  жан -  жақты, толық және әділетті  түрде (объективті) айқындау;

2) оны заңнамамен  нақты  сәйкестендіре  шешу;

3) шығарылған қаулының  орындалуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық  бұзушылықты жасауға итермелеген,  ықпал еткен себептер мен жағдайларды   анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын  алу, азаматтарды заңдарды сақтау  рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.

Жалпы құқық қолданушылық қызмет – ұсақ бөлімдердің жиынтығынан, іс жүргізулерден, яғни іс жүргізулердің жиынтығынан тұрады.

Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз – нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.

Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде  - сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.

Процесте толық  қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық  құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне  қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.

 Азаматтардың  әкімшілік-процессуалдық әрекет  қабілеттілігі материалды қатынастардың  мазмұнынан (тұрғын үй, еңбек, салық, әкімшілік, тәртіптік) туындауына байланысты анықталады.

Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық  бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық  құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.

Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:

1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;

2) азаматқа нақты  әкімшілік іс бойынша қабылданған  шешімнің барлық құқықтың салдарлары  таралады.

Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке азаматтың арасындағы өзара  қатынастарының ерекшелігімен анықталады. Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың  және ааматтардың арасындағы қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша  азаматтардың ынтасы бойынша туындайды.

 Азаматтардың  міндеттерін орындауы бойынша  қатынастар азаматтардың өзінің  ынтасы бойынша, сондай-ақ сәйкес  атқарушы билік органдарының  ынтасы бойынша да қалыптасуы  мүмкін.

 Азаматтардың  қатысуымен болатын іс жүргізудің ерекшелігі төменгі басқару органдарын және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін жоғары органдарға немесе сотқа шағым жасау кезінде кіргізу, сонымен қатар қоғамның процестің барлық кезеңдеріне (стадияларына) белсенді қатысуы болып табылады.

 Әкімшілік іс жүргізушілік - әкімшілік процестің құрылымды бөлігі.

Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері.

Әкімшілік-процессуалдық  құқық қолданушылық қызмет ұсақ бөлімдерден  – іс жүргізулерден қалыптасады, яғни процесс дегеніміз – іс жүргізулердің жиынтығы.

Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз – нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.

Әкімшілік іс жүргізушілік басқалардан шешетін істерінің сипаттарымен ерекшеленеді.

Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты міндеттердің ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз бойынша шешім қабылдау.

Құқық беруші әкімшілік  процеске мынадай іс жүргізулердің түрлері жатады:

-    жеке құрамды  жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау);

-    жекешелендіру;

-    азаматтардың  арыз, өтініштерін қарау;

-    өнертапқыштық  туралы істерді, патент туралы  істерді;

-    мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;

-    жер бөліктеріне  иелік етуге, пайдалануға және  азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;

-    тарату.

 Әкімшілік-юрисдикциялық  процеске мына іс жүргізулер жатады:

- әкімшілік құқық  бұзушылық туралы іс;

- қоғамға үлкен  қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану;

-  әкімшілік кесу  шараларын қолдану;

- арыздар, шағымдар;

- ҚР-сының шегінен  шетел азаматтарын және азаматтығы  жоқ тұлғаларды қуу;

- өздігінен шаруашылық  және тұрмыстық құрылыстарды  қулату туралы істер;

- бюджетке белгіленген  мерзімде төлемеген салықтар  және өзге де төлемдерді төлеттіру  туралы істер, кәсіпорындардан  бірінші кезекте және даусыз;

- даусыз тәртіпте  республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатқа сай пайдаланылмаған құжаттарды бюджетке қайтару;

- жерлерді пайдалану  ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны  үшін жер учаскелерін алу.

Іс жүргізуді сәйкес процестің құрамды бөлігі ретінде  ғана қарастыруға болмайды, сондай-ақ әкімшілік-процессуалдық құқықтың институты ретінде де қарастыруға  болады. Өзінің тұрғысынан алып қарағанда іс жүргізу дегеніміз – нақты категориядағы істер бойынша құқық қолдануды реттейтін процессуалдық нормалардың жиынтығы.

(Қосымша. Қазіргі  уақытта әкімшілік процесс көптеген  жекеленген материалды және процессуалды  әкімшілік-құқықтық нормалардан тұратын актілермен реттеледі, бұдан мынандай қорытынды жасауға болады. Әкімшілік-процессуалдық заңдардың бірыңғай жүйесі жоқ.)

Кез келген процесс  кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді.

Кезең (стадия) дегеніміз  – процесс субъектілерінің бірінен соң бірі істелінетін, бір бірімен байланысты нақты әрекеттері.

 Әкімшілік-процессуадлық  кезеңдер процестің қозғалысын  көрсетеді:

-    оның алғашқы  сәттері;

-    аралық  бөліктері;

-    процессуалдық  актіде ресімделетін қисынды  (логикалық) аяқталған бөлімі.

Әрбір кезең бір-бірінен дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс-әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді.

Кез келген әлеуметтік басқару, соның ішінде мемлекеттік  басқару, циклді болады, сондықтан әкімшілік  процесс те осындай қасиет бар. Әрбір заңды іс процесте кезеңдерден өтеді, ал олардың жиынтығы (қосындысы) басқару циклін құрайды.

Әкімшілік іс жүргізулердің  кез келгенінде осы аталған кезеңдердің (стадиялардың) барлығы бола бермейді, мысалы азаматтардың арыз, шағымдары  бойынша іс жүргізуде мәселелерді  анықтау кезеңі қажетті емес, себебі ол шағым, арыз, өтініштің өзінде де болады.

Құқық шығармашылық басқару процесіне қатысты мына кезеңдерді (стадияларда) бөлуге болады:

1)     актіні  шығарудың қажеттілігін анықтау;

2)     актінің  жобасын дайындау;

3)     басқару  органының қарауына актінің жобасын  шығару;

4)     жобаны  талқылау;

5)     жоба  бойынша шешім қабылдау;

6)     қабылданған  актіні жариялау.

Көптеген кезеңдерді (стадияларды) этаптарға бөлуге болады. Этап дегеніміз – бұл қандай да кезең ішіндегі аралық мақсатты көздейтін әрекеттердің жиынтығы. Мысалы,

а) азаматтардың шағым, арыздары бойынша іс жүргізуде істі қарау кезеңінде (стадиясында):

- факт жүзіндегі жағдайды анықтау және зерттеу (тексеру);

- сәйкес материалдық-құқықтық  нормаларды таңдау;

б) құқық шығармашылық басқару актісінің жобасын талқылау кезеңі (стадиясы):

- барлық қатысушыларға  онымен танысу үшін тапсыру;

- жобаға түзетулер  енгізу;

- қажетті жағдайда, - сараптама.

Сонымен, процесс, оның іс жүргізулерінің 4 деңгейлік құрылымы болады: әрекеттер-(этаптар)-кезеңдер (стадиялар)-іс жүргізу (процесс).

  Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істер бойынша  іс жүргізу.Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істер бойынша іс жүргізу  – бұл әкімшілік-юрисдикциялық  процестің құрамына кіреді және әкімшілік құқықтың материалды және процессуалды нормаларымен толық көлемде реттелген. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кдоексімен реттеледі.

Заң әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істер бойынша  іс жүргізуде мынадай міндеттерді жүктейді:

1) әрбір істің жағдайларын өз уақытында, жан-жақты, толық және әділ анықтау;

2) істі заңға нақты сәйкестілікте шешу;

3) шығарған қаулылардың  орындалуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық  бұзушылық жасауға себеп болған  себептер мен жағдайларды анықтау;

5) құқық бұзушылықтың  алдын алу, азаматтарды заңдарды  сақтау және заңдылықты нығайту рухында тәрбиелеу.

6) Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істер бойынша  іс жүргізуде кейбір жалпы юрисдикциялық қағидалар (жариялылық, тартыс, теңдік) толық көлемде жүзеге асырылмайды, мысалы, іс бойынша ешкімді жабық отырыста және кең аудитоияда емес жерде қабылдайды.

Кейбір жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазылмайды, ал жаза құқық бұзушылық жасалған жерде салынады. Кейде істі қарауда тек бұзушы мен іс бойынша қаулы қабылдаушы лауазымды тұлға және сол жерде орындаушы ғана қатысады.

Тартыс қағидасына байланысты әкімшілік іс жүргізуде  прокурордың, адвокаттың қатысуы міндетті емес, құқық бұзушы әрқашанда қатыса бермейді, ал айыппұл орынында салынатын кездерде тартыс мүлде жоқ.

(Қосымша өзім  үшін. Қылмыстық іс жүргізуге  қарағанда әкімшілік іс жүргізушіліктің  айырмашылығы оған істі тергеу және қараудың күрделі процедурасы тән емес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың тәртібі де қысқартылған).

Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің 2 түрі бар:

-          кәдімгі ( әдеттегі, қарапайым);

-          жеңілдетілген (қысқартылған).

Кәдімгі іс жүргізушілік негізгі істерге тән заңмен егжей-тегжейлі реттелген.

 Жеңілдетілген іс жүргізушілік тәртіпте Кодексте тура қарастырылған істер қарастырылады. Ол аз мөлшердегі процессуалдық әрекеттер мен олардың шапшаңдығымен сипатталады.

Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кезеңдері (стадиялары) :

І - әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істерді қозғау;

ІІ – істі қарау;

ІІІ - әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істер бойынша  қаулы шығару;

ІУ – қабылданған  шешімдерді орындау;

У – шешімге шағым беру.

1 стадия: әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істерді  қозғау – іс жүргізушіліктің бастапқы кезеңі болып табылады, өзінің нақты мақсаты және процессуалдық ресімделуі бар. Осы кезеңнің мән-маңызы процессуалдық құжат тудыру - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы тудыру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың негізі – тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы. Әрбір құқық бұзушылыққа заңға сәйкес айыппұл салынады және төлеттіреді, ал ескерту құқық бұзушылық істеген жерде тіркеледі және осыған өкілетті лауазымды тұлға жазуы қажет.

Страницы:12следующая →
Описание работы
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.
Содержание
содержание отсутствует