Әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауаптылықтың негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 19:49, реферат

Описание работы

Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.

Содержание

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың негізі ретінде
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңи белгілері
3) Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері
4) Әкімшілік жауаптылыққа субьектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі
5) Әкімшілік жазаны салу тәртібі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Адм правонаруш.docx

— 39.88 Кб (Скачать)

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Тақырыбы: «Әкімшілік құқық бұзушылық  - әкімшілік жауаптылықтың негізі»

 

 

 

 

                                                                                     Орындаған: Нурбаева А.

                                                                                Тексерген:Құсаинов Д.Ө.

 

 

 

 

Алматы 2013 ж.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың негізі ретінде
  2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңи белгілері

          3)       Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері

          4)       Әкімшілік жауаптылыққа субьектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі

         5)         Әкімшілік  жазаны салу тәртібі

          Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімшілік құқық  бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық – бұл  мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару  тәртібіне  қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі.

Әкімшілік құқық бұзушылық  ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет –бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік  -  бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза  қолданудың  фактілік негізі болып табылады (нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық  белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың  белгілері:

1) Қоғамдық қауіптілік  -  бұл іс - әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде  көлік құралдарын басқару;

2) Құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы;

3) Кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс - әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп  деп тану үшін оның  ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) Жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) Жаппай өріс алуы  (массовость) - бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы  қоғамдық қатынастарға  қауіп төндірсе, заң шығарушы  осы қатынастарға қорғалатын мәртебе  беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін  бекітуге және   оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге  мәжбүр болады.         

 Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны жауапкршілікке тарту үшін жеткілікті және қажетті заңмен белгіленген  белгілердің жиынтығы. Егер осы заңды құрамның барлық белгілері болғанда ғана әрекет  құқық бұзушылық деп танылады. Ол мынадай 4 элементтен тұрады:

1) әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі;

2) әкімшілік құқық бұзушылық объектісі;

3) әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы;

4) әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы.       

 Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі  -  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі дұрыс  тұлға. Бұл жалпы субъект болып табылады. Арнайы субъект- лауазымды тұлғ,алар, диплматиялық қорғаншылықтарды пйдаланбайтын  шетел азаматтары,  азаматтығы жоқ тұлғалар; ерекше субъект - әскери қызметкерлер, әскери жиында  жүрген азаматтар, прокурорлар, ІІО қатардағы және басшы құрамындағы  тұлғалар, қаржы полициясы  мен кеден органдарының қызметкерлері.       

 Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Оның 4 түрі бар:

1) жалпы объект - мемлекеттік басқару облысында туындайтын және бұқаралық құқық салалырмен  реттелетін қоғамдық қатынастар;

2) текті объект - пайда болу және жүзеге асырылу саласы бойынша бір текті жақын қоғамдық қатынастар тобы. ,  мысалы,  жеке меншік, қоғамдық тәртіп, табиғатты қорғау, тұрғындардың денсаулығы, басқару тәртібі;

3) түрлі объект - бір текті құқық бұзушылықтар үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы, мысалы, жол жүру ережелерін     бұзу, паспорттық режимді бұзу, кеден ережелерін бұзу.

4) тікелей объект- әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын, нақты қоғамдық қатынастарға зиян келтіру,     мысалы, кедендік бақылау зонасының режимін бұзу.       

 Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы - бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын білдіретін белгілердің жиынтығы. Оған мыналар жатады:

1) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік;

2) құқық бұзушылықтың сипаты (әлденеш рет жасау, қайталану);

3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде);

4) оның тигізген зиянды салдарлары (зиянның мөлшері кейде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық шараларын   қолдануды анықтайды);

5) құқық бұзушылық істеген кезде пайдаланылған құралдар (көлік құралы, ішімдік заттары, есірткі заттары, қару-жарақ).        

 Әлденеше рет жасау - бұл бір текті әрекетті немесе әрекетсіздікті бірнеше рет жасауды білдіреді.                

 Қайталану - бұл тұлғаның 1 жыл ішінде біртекті құқық бұзушылықты  жасап, сол үшін алдында ғана  әкімшілік жазаға тартылған болса. Бұл жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады. Құқық бұзушылықты әлденеше рет жасаудың қайталанудан айырмашылығы - бірнеше құқық бұзушылық емес, тек бір ғана құқық бұзушылық болып саналады.        

 Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы құқық бұзушының істеген құқыққа қайшы әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және оның салдарларына ішкі, психикалық қатысы. Құқық бұзушылықтың  субъективті жағының міндетті белгісі - кінә.  Оның 2 нысаны бар: қасақана және абайсызда; Факультативті белгілері : мақсат және себеп.       

 Қасақана - бұл тұлғаның өзінің ісәрекетінің құқыққа қайшылығын сезсе, оның зиянды салдарларын алдын ала білсе,  ол салдарлардың туындауын қаласа, әкімшілік құқық бұзушылық әдейі жасалған деп танылады. Оның екі нысаны бар; тура және жанама;       

 Абайсызда -әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған тұлға  өзінің іс-әрекетінің зиянды саладарларының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ оның алдын алуға болатындығын ұшқары ойласа немесе тиісті  назар аударғанда оның алдын алуға болатындығын,соындай салдарлардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалған деп саналады. Оның екі түрі бар: немқұрайлылық пен менмендік.

Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның)  қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.

       Әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті  сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау  құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны  мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.       

 Әкімшілік жауапкершілікке  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған  тұлғалар тартылады.      

 Кәмелетке толмағандардың  әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы.  16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  тұлғаларға кәмелетке  толмағандардың істері  бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта  Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.    

    Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және  әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы  және басшылық ету құрамындағы  тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда  тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған  тұлғалар жер қойнауын, жер  және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын  бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде   әкімшілік  жауапкершілікке тарталады.        

 Осы аталған тұлғаларға  әкімшілік қамау қолданылмайды.      

 Шетел азаматтары мен  азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары  және азаматтығы жоқ тұлғалар  жалпы негізде  әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.       

 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын  мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 - 43 бабарында қарастырылған:

1) қажетті қорғану;

2) қол сұғушылық жасаған  адамды ұстау;

3) аса қажеттілік;

4) негізді тәуекел;

5) күштеп немесе санаға  әсер етіп мәжбүреу;

6) бұйрықты немесе өкімді  орындау;

7) ақыл есінің кемдігі  (33 бап).        

 Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап):

1) кінәлі адамның өкінуі;

2) кінәлі адамның құқық  бұзушылықтың зиянды зардаптарды  бодырмауы, залалды өз еркімен  өтеуі немесе келтірген зиянды  жоюы;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты  күшті жан  толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты  кәмелетке толмаған адамдардың  жасауы;

5) әкімшілік құқық бұзушылықты  жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі  баласы бар әйелдің жасауы;

6) әкімшілік құқық бұзушылықты  күш қолдану немесе психикалық  мәжбүрлеу нәтжесінде жасау;

7) әкімшілік құқық бұзушылықты  қажетті қорғанудың заңдылығы  шарттарын бұзу, құқыққа қарсы  қол сұғушылық жасаған адамды  ұстау, бұйрықты немесе өкімді  орындау кезінде жасау.        

 Әкімшілік  құқық бұзушылық үшін жауаптылықты  ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап):

1) уәкілетті адамдардың  талап етуіне қарамастан құқыққа  қарсы мінез-құлықты жалғастыра  беру;

2) бұрын жасаған әкімшілік  құқық бұзушылығы үшін әкімшілік  жазалауға ұшыратылған, ол бойынша  осы Кодекстің 66 бабында көзделген  мерзімі бітпеген адамның  біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;

3) кәмелетке толмаған  адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа  тарту;

4)  кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік  жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;

5) ұлттық, нәсілдік және  діни жек көрушілік немесе  жауласушылық себебі бойынша,  басқа  адамдардың  заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында  әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

6) адамға немесе оның  жақындарына қатысты белгілі  бір адамның өзінің қызметтік,  кәсіптік немесе қоғамлық борышын  орындауына байланысты әкімшілік  құқық бұзушылық жасау;

7) кінәлі адамның біле  тұра жүкті әйелдерге қатысты,  сондай-ақ жас балаға, басқа да  қорғаныс  немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

Информация о работе Әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауаптылықтың негізі