Автолық құқық

Дата добавления: 01 Марта 2013 в 18:48
Автор: m********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (30.12 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Дари кукык.doc

  —  120.00 Кб

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тәуелсiз елiмiз тәй-тәй басқан алғашкы қадамынан бастап-ақ адамзаттың ақыл-ойының жарқын көрiнiсiне айналғал ру-хани асыл қазыналарды қорғауға, қадiр-қасиетiн кемiтпей, корын молайта  түсуге, ең бастысы, көне жәдiгерлердiң заңды жалғасындайнебір жауһарларды өмiрге әкелушi туы ндыгер авторларға қолдау көрсетуге бағытталған бiрқатар игi шараларды жүзете асырды. Халқымыздың көл-көсiр көңiлiндей шетсiз де шексiз дархан даламыз -тарихи-медени жәдигерлерге кенде емес.

 Есiмi ғасырлар тозаңының  астында қалған небiр елеусiз  хас шеберлердiң қайталанбас қолтаңбаларын  қастерлеумен бірге заң жүзiлде  қорғау мемлекеттiк маңызды iс,  Мiне, содан да теуелсiз елiмiз  тәй-тәй басқан алғашқы сәттің  өзiнде санаткерлiк менiшiк, авторлық құқық меселелерi не айрықша мән берiп, халықаралық Конвенцияларға қосылуға ұмтыла түстi, алдыңғы қатарлы өркениеттi елдермен келiсiм, шарт жасауға ниет бiлдiрдi. Егер, заң жүзiнде атқарылар бұл шараларды нақтылай түсер болсақ, оның аясының кеңдігін, бұл нәселелер халықаралык, әлемдiк сипатқа ие екендiгін аңғарар едiк.

 Әрине, сыртқы байланыстарды  қалыптастыру, нығайту, жетiлдiру  және дамыта түсу үшiн iшкi ұлттық  заң жүйесiн орнықтыру, бекемдеп-берiктендiру, iске қосу тегiктерi тап-тұйнақтай  ойластыру кажет. Бiр сөзбен айтқанда халықаралық Конвенциялар мен келісім, шарттар мемлекеттiң iшкi заңдарына, қандайда норматквтiк құқықтық келісімдерге қайшы келмеуге тиiс. Өйткенi, өзара үйлесiм-өркениеке өрiс ашумен бiрге мемлекеттерлiк iшкi және сыртқы байланыстарын. ынтымақтастығын нығайтады, қол жеткендi қожыратпай, жеңісті де жемiстi биітерге бастайды.

1.Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар     

 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
      1) автор - шығармашылық еңбегiмен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;  
      2) авторлық құқық - автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары; 
      3) авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралы - туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне қол жеткiзудi бақылайтын, автор, сабақтас құқықтар иесi немесе өзге де айрықша құқықтар иесi туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне қатысты рұқсат етпеген iс-әрекеттердi жүзеге асыруды болғызбайтын не шектейтiн техникалық (бағдарламалық-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттерi;  
      4) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк данасы - жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады;  
      5) авторлық шарт - нысанасы автордың мүлiктiк құқықтарын беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бiр түрi болып табылады;  
      6) айрықша емес құқық - осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң тиiстi рұқсатымен басқа адамдардың құқық иеленушiмен бiр мезгiлде туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарын пайдалана алатын құқығы;  
      7) айрықша құқық - автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңда белгiленген мерзiм iшiнде өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы;  
      8) аккредиттеу - ұжымдық басқару салаларында мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың осы Заңда белгiленген заңды құқықтарын уәкiлеттi органның ресми тану рәсiмi;  
      9) деректер базасы - деректер электронды-есептеу машинасының (бұдан әрi - ЭЕМ) көмегiмен табылатындай және өңделетiндей етiп жүйеге түсiрiлген материалдардың iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесiн бiлдiретiн деректер (мақалалар, есептер, фактiлер және басқалар) жиынтығы. Деректер базасы ұғымы оның көмегiмен деректер базасының материалдарына электрондық қол жеткiзудi жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға қолданылмайды;  
      10) дыбыстау-бейнелеу туындысы - тиiстi техникалық құрылғылардың көмегiмен көрiп және естiп (дыбыспен берiлетiн жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердiң (дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей) түсiрiлген сериясынан құралатын туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейiнгi түсiрiлу тәсiлiне қарамастан, кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың барлығын (телефильмдердi және бейнефильмдердi, диафильмдер мен слайдфильмдердi және сол сияқты туындыларды) қамтиды;  
      11) дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы - осындай туындыны жасаудың бастамасы мен жауапкершiлiгiн мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелер болмаған кезде, осы туындыда есiмi немесе атауы белгiленген тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы деп танылады;  
      12) жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелердi техникалық құралдардың көмегiмен оларды бiрнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкiндiк беретiн қандай да бiр материалдық нысанда жазып алу;  
      13) жалпы жұрттың назарына жеткiзу - авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн көпшiлiк оларға өзiнiң жеке қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтiк режимде) қол жеткiзудi жүзеге асыра алатын сым арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен хабарлау;  
      14) жариялау - автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне өзге құқық иеленушiнiң келiсiмiмен туындының, орындаушылық жазбасының немесе фонограмманың даналарын көпшiлiктiң орынды қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын мөлшерде көпшiлiкке ұсыну;  
      15) кәбiл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы жұрттың назарына кәбiл, сым, оптикалық талшық арқылы немесе соған ұқсас құралдардың көмегiмен хабарлау;  
      16) көпшiлiк алдында орындау - туындыны мәнерлеп оқу, ойнау, билеу немесе қандай да бiр өзге жолмен, соның iшiнде техникалық құралдардың көмегiмен отбасы мүшелерi болып табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкiн орындарда орындау;  
      17) көпшiлiкке көрсету - туындының түпнұсқасын немесе данасын тiкелей немесе слайд, кино-, телекадр түрiнде экранда, басқа кез келген техникалық құралдың көмегiмен немесе кез келген өзге әдiспен (дыбыстау-бейнелеу туындысына қатысты - олардың реттiлiгiнен тыс жеке кадрларды көрсету) отбасы мүшелерi болып табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкiн орындарда көрсету;  
      18) көшiрмелеу (репрографиялық қайта шығару) - жазбаша және басқа да графикалық туындылар түпнұсқаларының немесе көшiрмелерiнiң фотокөшiрме жолымен немесе басып шығарудан өзге басқа да техникалық құралдар арқылы кез келген мөлшерде және нысанда бiр немесе одан да көп данасын факсимильдiк қайта шығару. Репрографиялық қайта шығаруға аталған көшiрмелердi электрондық (цифрлық көшiрмелерiн қоса), оптикалық немесе машинамен оқылатын өзге де нысанда сақтау немесе қайта шығару кiрмейдi;  
      19) қайта шығару - туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда, толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн кез келген материалдық нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлерi болып табылады;  
      20) құқық иеленушi - авторлық құқыққа қатысты автор (оның мұрагерлерi), сабақтас құқықтарға қатысты орындаушы (оның мұрагерлерi), фонограммаларды жасаушы, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе осы Заңда көзделген өзге де негiз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға айрықша құқық алған өзге де жеке немесе заңды тұлғалар;  
      21) құқықтарды басқару жөнiндегi ақпарат - туындыны, туынды авторын, орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограмманы, туындыға, орындаушылыққа не фонограммаға не туындыны, орындаушылықты немесе фонограмманы пайдалану шарттары туралы ақпаратқа қайсыбiр құқық иеленушiнi бiрдейлендiретiн ақпарат. Ақпараттың кез келген элементi туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың данасына қоса берiлетiн, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және (немесе) жеткiзуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат берiлген кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жөнiндегi ақпарат деп ұғынылады;  
      22) құрамдас туынды - материалдарды iрiктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтiң нәтижесiн бiлдiретiн туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы);  
      23) орындау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды тiкелей орындалатын ойын, ән, би арқылы немесе қандай да бiр техникалық құралдардың (телерадио хабарлары, кәбiлдiк телевизия және басқалары) көмегiмен көрсету, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысының кадрларын ретi бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету;  
      24) орындаушы - актер, әншi, музыкант, бишi немесе рөлде ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын, интерпретациялайтын немесе әдебиет және (немесе) өнер туындыларын (соның iшiнде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмiрлерiн) немесе халық шығармашылығы туындыларын өзгедей жолмен орындайтын басқа адам, сондай-ақ спектакльдi қоюшы-режиссер және дирижер;  
      25) пайдаланушы - авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын жеке немесе заңды тұлға;  
      26) прокатқа (жалға) беру - туындының немесе фонограмманың данасын тiкелей немесе жанама коммерциялық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беру;  
      27) сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқықтары;  
      28) сәндiк-қолданбалы өнер туындысы - көркем кәсiпшiлiк туындысын немесе өнеркәсiптiк әдiспен дайындалған туындыны қоса алғанда, iс жүзiнде пайдаланылатын заттарға көшiрiлген екi өлшемдi немесе үш өлшемдi өнер туындысы;  
      29) спектакльдi қоюшы-режиссер - театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклiн немесе өзге де спектакль (көрсетiлiм) қойылымын жүзеге асырған адам;  
      30) туындыны аудару - шығарманы түпнұсқа шығарманың тiлiнен басқа тiлде бiлдiру. Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да, стилiн де бұрмаламайтын болуға тиiс;  
      31) туындының данасы - туындының кез келген материалдық нысанда дайындалған көшiрмесi;  
      32) туындыны жариялау - туындыны жариялау, көпшiлiкке көрсету, көпшiлiк алдында орындау, жалпы жұрттың назарына жеткiзу арқылы және өзге де әдiстермен оған көпшiлiктiң алғаш рет қолын жеткiзетiн iс-әрекеттi автордың келiсiмiмен жүзеге асыру;  
      33) туындыны өңдеу - түпнұсқа туындыны бiр жанрдан екiншi жанрға өзгерту. Бұл ретте түпнұсқа туындыны сахналау, қою және аранжировка жасау туындыны өңдеу түрлерi болып табылады;  
      34) туынды шығарма - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесiнде жасалған туынды;  
      35) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;  
      36) фонограмма - орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгiзiлген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру;  
      37) фонограмманың данасы - фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бөлiгiн қамтитын кез келген материалдық жеткiзгiштегi фонограмма көшiрмесi;  
      38) фонограмма шығарушы - қайсыбiр орындаушылықты немесе өзге де дыбыстардың тұңғыш дыбыс жазбасы үшiн бастамашылық пен жауапкершiлiктi мойнына алған жеке немесе заңды тұлға;  
      39) халық шығармашылығы туындысы - дәстүрлi көркемдiк мұраларға (халық ертегiлерi, халық поэзиясы, халық әндерi, халық аспаптық музыкасы, халық билерi мен пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдiк нысандары және басқалар) тән элементтердi қамтитын туынды;  
      40) ЭЕМ-ге арналған бағдарлама - табиғатына орай ЭЕМ-ге арналған бағдарлама олардың неғұрлым кейiнiрек кезеңдегi нәтижесi болып табылатын дайындық материалдарын қоса алғанда, машинада оқылатын материалдық жеткiзгiшке жазу кезiнде ЭЕМ-мен белгiлi бiр мiндеттердi орындау немесе нәтижеге қол жеткiзу қамтамасыз етiлетiн сөздер, схемалар немесе бейнелеудiң өзге де кез келген түрiнде бейнеленген командалар жиынтығы;  
      41) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны қайта құрастыру - ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның құрылымын зерттеу және кодын белгiлеу мақсатында объектiлiк кодты бастапқы мәтiнге өзгертудi қамтитын техникалық тәсiл;  
      42) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны бейiмдеу - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаға өзгерiстер енгiзу;  
      43) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны түрлендiру (өңдеу) - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның бейiмделуге жатпайтын кез келген өзгерiстерi;  
      44) эфирге беру - туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (көрсетудi немесе орындауды қоса алғанда) радио немесе телевизия арқылы (кәбiлдiк телевизияны қоспағанда) беру жолымен жалпы жұрттың назарына хабарлау. Туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын жерсерiк арқылы эфирге беру кезiнде жердегi станциядан жерсерiкке сигналдар қабылдау және жерсерiктен сигналдар беру эфирге беру деп түсiнiледi, солар арқылы туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын көпшiлiктiң нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына жеткiзу мүмкiн болады. Егер көпшiлiкке кодты ажырату құралдарын эфирлiк хабар тарату ұйымы берсе немесе соның рұқсаты бойынша берiлсе, код белгiленген сигналдарды беру эфирге беру болып табылады;  
      45) эфирге кейiнгi беру - бұрын эфирде берiлген немесе кәбiл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарланған шығармаларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн қайталап беру;  
      46) эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабары - эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының өзi жасаған, сондай-ақ соның қаражаты есебiнен соның тапсырысы бойынша басқа ұйым жасаған хабар.  
   2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Реттелетiн мәселелер

      Осы Заң санаткерлiк меншiк  саласында ғылым, әдебиет және  өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi.       

3-бап. Қазақстан  Республикасының авторлық құқық  және  
             сабақтас құқықтар туралы заңдары      

 Қазақстан Республикасының  авторлық құқық және сабақтас  құқықтар туралы заңдары Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексiнен  , осы Заңнан және соларға сәйкес  шығарылатын басқа да нормативтiк  актiлерден тұрады.     

4-бап. Халықаралық шарттар      

 Егер Қазақстан Республикасы  бекiтетiн халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер  белгiленген болса, онда халықаралық  шарттың ережелерi қолданылады. Z040547

3. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ     

5-бап. Авторлық  құқықтың қолданылу аясы     

1. Осы Заңға сәйкес авторлық құқық:     

1) Қазақстан Республикасының аумағында  жарияланған не жарияланбаған,  бiрақ авторлардың немесе олардың  құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына  қарамастан Қазақстан Республикасының  аумағында қандай да болсын  объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады;     

2) Қазақстан Республикасынан тыс  жерлерде жарияланған не жарияланбаған,  бiрақ Қазақстан Республикасынан  тыс жерлердегi қандай да болсын  объективтi нысандағы туындыларға  қолданылады және Қазақстан Республикасының  азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады     

3) Қазақстан Республикасынан тыс  жерлерде жарияланған не жарияланбаған,  бiрақ Қазақстан Республикасынан  тыс жерлердегi қандай да болсын  объективтi нысандағы туындыларға  қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.      

2. Егер туынды Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерде алғаш жарияланған  күннен кейiнгi отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.     

3. Қазақстан Республикасы аумағында  туынды халықаралық шарттарға  сәйкес қорғалатын болған жағдайда  туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.      

4. Қазақстан Республикасы бекiткен  халықаралық шарттарға сәйкес, егер  ол Қазақстан Республикасы бекiткен  тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне айналмаса, туындыға қорғау берiледi.  
         

6-бап. Авторлық  құқық объектiсi. Жалпы ережелер     

1. Авторлық құқық мақсатына,  мазмұны мен маңызына, сондай-ақ  берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi  болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.     

2. Авторлық құқық белгiлi бiр  объективтi түрге ие болған:  
      1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);     

2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық,  көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);     

3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық,  сандық, магниттiк, оптикалық және  сол сияқты);     

4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет,  жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе  фотокадрлар және сол сияқты);      

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);     

6) өзге де нысанда жария болған  да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында  орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға  қолданылады.     

3. Заңның осы бабының 1-тармағында  аталған белгiлерi бар және  дербес қолдануға болатын туынды  бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң  атауларымен қоса) авторлық құқық  объектiсi болып табылады.     

4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың,  принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.     

5. Туындыға деген авторлық құқық  туынды жасалған материалдық  объектiнi меншiктену құқығымен  байланысты емес.  
      Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.  
     

7-бап. Авторлық  құқық объектiлерi болып табылатын  
             туындылар     

1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi  болып табылады:     

1) әдеби туындылар;     

2) драмалық және музыкалық-драмалық  туындылар;     

3) сценарий туындылары;     

4) хореография және пантомима  туындылары;     

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi  жоқ музыкалық туындылар;     

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;     

7) кескiндеме, мүсiндеме, графика  және бейнелеу өнерiнiң басқа  да туындылары;     

8) қолданбалы өнер туындылары;     

9) сәулет, қала құрылысы және  бау-саябақ өнерi туындылары; Z010242     

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;     

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға,  топография мен басқа ғылымдарға  қатысты үш өлшемдi туындылар; Z020332      

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;      

13) өзге де туындылар.     

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды  қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң)  бастапқы мәтiн мен объектiлiк  кодты қоса алғанда, кез-келген  тiлде және кез-келген нысанда  жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.      

3. Авторлық құқық объектiлерiне  мыналар да жатады:  
      1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);     

2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының  iрiктелуi және (немесе) орналасуы  жағынан шығармашылық еңбектiң  нәтижесi болып табылатын басқа  да құрама туындылар.  
      Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады. .     

8-бап. Авторлық  құқық объектiлерi болмайтын туындылар      

 Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:     

1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы  және дипломатиялық сипаттағы  өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың  ресми аудармалары;     

2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер  (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);     

3) халық шығармашылығы туындылары;      

4) оқиғалар мен фактiлер туралы  ақпараттық сипаттағы хабарлар.     

9-бап. Авторлық  құқықтың пайда болуы. Авторлықтың  
             ақиқаттылығы     

1. Ғылым, әдебиет және өнер  туындысына авторлық құқық оның  жасалу фактiсiне қарай туындайды.  Авторлық құқықтың пайда болуы  мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны  тiркеу, туындыны өзге де арнайы  ресiмдеу немесе қандай да болсын  шарттылықты сақтау талап етiлмейдi.  
      Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:     

1) қоршауға алынған латынша  "С" әрпi;     

2) айрықша авторлық құқықтар  иесiнiң есiмi (атауы);     

3) туындының алғаш жарияланған  жылы.  
      Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленушi туындыға айрықша мүлiктiк құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.     

1. Бiр жеке немесе заңды тұлғалардың  тауарларын (қызметтерiн) басқа жеке  немесе заңды тұлғалардың бiртектi  тауарларынан (қызметтерiнен) ажырату  үшiн қолданылатын (соған арналған) туындылар авторлық құқық объектiсi ретiнде тiркелмейдi.     

2. Өзге дәлелдер болмаған жағдайда  туындының түпнұсқасында немесе  данасында автор ретiнде көрсетiлген  адам туындының авторы деп  саналады.     

3. Туынды жасырын немесе бүркеншiк  атпен жарияланған жағдайда (автордың  бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде осы Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi.      

4. Егер өзiн жарияланбаған туынды  қолжазбасының авторымын деп  санайтын жеке тұлға оны басқалардың  заңсыз пайдалануына немесе иемденiп кетуiне жол бермеу үшiн сақтауға өткiзудi қажет деп тапқан жағдайларда уәкiлдiк берiлген орган қолжазбаны қабылдап алуға мiндеттi, ол туралы қолжазбаны өткiзген адамға оның түскен мерзiмi туралы анықтама беріледі. 
      Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды .  
           

10-бап. Тең  авторлар     

1. Екi немесе одан да көп адамның  (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық  еңбегiмен жасалған туындының  авторлық құқығы, мұндай туындының  бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.  
      Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.  
      Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.     

Страницы:12следующая →
Описание работы
Тәуелсiз елiмiз тәй-тәй басқан алғашкы қадамынан бастап-ақ адамзаттың ақыл-ойының жарқын көрiнiсiне айналғал ру-хани асыл қазыналарды қорғауға, қадiр-қасиетiн кемiтпей, корын молайта түсуге, ең бастысы, көне жәдiгерлердiң заңды жалғасындайнебір жауһарларды өмiрге әкелушi туы ндыгер авторларға қолдау көрсетуге бағытталған бiрқатар игi шараларды жүзете асырды. Халқымыздың көл-көсiр көңiлiндей шетсiз де шексiз дархан даламыз -тарихи-медени жәдигерлерге кенде емес.
Содержание
содержание отсутствует