Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

Дата добавления: 15 Октября 2012 в 16:34
Автор: s*********@bk.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (32.77 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

95.docx

  —  35.70 Кб

Атырау медицина колледжі

Реферат

Тақырыбы: «Адам  мен азаматтың құқықтары мен  бостандықтары»

                                                                         Дайындаған: Сейткереев Ш.Ж

                                                                               Тексерген: Мұханбетова Н.Ж

Атырау 2012 жыл

Жоспары:

1.Құқық туралы  түсінік

2.Құқықтың қайнар  көздері

3.Қорытынды

4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

                          1.Құқық туралы түсінік

Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы

    “Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады.

      Біріншіден, “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. “Құқық – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адамзаттардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда “құқық” түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.

      Екіншіден, “құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. (4 бап).

      Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық тағы басқа. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық – мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

      Төртіншіден, “құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты “құқық жүйесі” деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.

      Құқық пәндерін  оқып, құқықтың мәнін терең түсінген  адам оның түрлі жағдайда мағынасы  әр түрлі болатынын да анықтай  алады. Мұның өзі құқықтың өте  күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің  белгісі Құқықтың түрлі түсінігінің  болуы -  оның әлеуметтік мәнінің  де түрлі болуының негізі. Егер  құқықты тұлғалармен байланыстырса,  тұлғалардың мемлекетте, қоғамда  құқықтық мәртебесі қандай екенін  анықтау, түсіну қажеттілігі туады.  Азаматтарға сан-қилы құқықтар  мен бостандықтар беріліп, оларды  жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса,  онда қоғамда шынайы теңдік  орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз  болғанда, мемлекетте қалыптасқан  заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан  сипатталады.

                         2.Құқықтың қайнар коздері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:

  1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
  2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешікім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
  3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.  
  4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше

     көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада

     азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,

     сондай-ақ міндеттер атқарады   

  1. Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары. 

       12.1. Бұл бап Республикада адам қүқықтары мен бостандықтарын танумен қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады. Онда еліміздің қүқықтық жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың оларды - экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси-құқьіқтық жағынан қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған.

        12.2.Қазақстан  Республикасының құқықтық жүйесінің  басты ілімі және негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып табылады.

        12.3.Осы  тармақта адам мен азаматтың  құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан  жазылған болса,  азаматтың құқығы  кейін пайда болады.  Азаматтың  құқықтық мәртебесіне табиғи  түрде адам құқығы, сондай-ақ жеке  адамның құқықтары мен бостандықтарын  қорғаудың кепілдігі негізіне  қызмет ететін, азамат пен оның  мемлекеті арасындағы ерекше  билік қатынастарын қоғамдық  шарттар түрінде белгілейтін  саяси қүқықтар мен міндеттер  кешені кіреді. 

       12.4.Конституцияның  осы нормасына сәйкес шетелдіктер  мен отансыз адамдардың (апатридтердің)  Қазақстан Республикасы азаматтарымен  әлеуметтік-экономикалық және тиісінше  саяси салада азаматтық құқықтары  мен міндеттерінің толық теңдігі  белгіленген.

       12.5.Осы  норма бұзылған жағдайда кері  зардаптарға әкеліп соқтыруы  мүмкін құқықтары мен бостандықтарын  жеке адамның   іске асыруының  шегін орнықтырады. Бұл, мысалы, басқа адамдардың құқықтары мен  бостандықтары, конституциялық құрылыс  және қоғамдық; имандылық. Аталған  шектеулер құқықтық практикада  жалпыға мәлім шектеулер болып  табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында былай делінген:

1. Әркімің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

2. Әркімнің   өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі24

13.1. Конституцияның 13-бабының  1-тармағының нормалары азаматтық  заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылатын "құқық  субъектісі" санаты азаматтардың  құқық қабілеттілігі мен әрекет  қабілеттілігінің азаматтық-құқықтық  ұғымын құрайды.

ҚР АК-інің 13-6абында азаматтық  құқығы және міндеттілік жүктеу қабілеті болудың (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтар үшін бірдей дәрежеде танылатындығы белгіленген. Азаматтық  құқық қабілеті ол туған сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.

Азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, сондай-ақ шет елдерде  де мүлікке, оның ішінде шет ел валютасына меншік құқығына; мүлікті мұралыққа  алу және мұралыққа беруге; реслублика аумағында еркін жүру және тұратын  орнын еркін таңдауға; Республика шегін еркін тастап шығу және оның аумағына еркін қайта оралуға; заң  актілерімен тыйым салынба-ған  кез келген қызметпен айналысуға; занды тұлғаны жеке немесе басқа  азаматтармен және заңды тұлғалармен  бірлесе құруға; заң актілерімен  тыйым салынбаған кез келген мәміле жасауға және міндеттемелерге қатысуға; жаңалық ашуға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына және өзге де ой еңбегіне жеке меншік құқығы болуға; материалдык, және моральдық зардаптардың орны толтырылуын  талап етуге; басқа да мүліктік және жеке құқықтарды иеленуге құқылы (ҚРАК-інің14-бабы).

Азаматтың өз іс-әрекеттерімен  азаматтық құқықты иелену және оны  жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық  міндеттерді туғызу, оларды орындау (азаматтык, қабілеттілік) оның кәмелеттік жасқа келуімен, яғни жасының он сегізге толуымен толық көлемінде  туады.

Азаматтық құқықты қорғау тәсілдері ҚР АК-інің 9-бабында белгіленген. Азаматтық құқықтарды қорғауды: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын  немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін іс-әрекеттердің жолын кесу; міндеттіліктің іс жүзінде орындалуына үкім ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмілелерді  заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын толтыру; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік  басқару немесе жергілікті өкілді не атқарушы органдардың заңдарға сәйкес келмейтін актілерін заңсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың  немесе заңды тұлғаның құқық иеленуіне  немесе оны жүзеге асыруына кедергі  келтіргені үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айып өндірту  жолымен, сондай-ақ заң актілерімен  көзделген өзге де тәсілдермен сот  немесе аралық сот жүзеге асырады.

Страницы:12следующая →
Описание работы
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы
Содержание
1.Құқық туралы түсінік
2.Құқықтың қайнар көздері
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі