Yзақ мерзімді міндеттемелер аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:16, реферат

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Работа содержит 1 файл

Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті.doc

— 199.00 Кб (Скачать)

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған аудитор  әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектілерге қатысты құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. 

Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, аудитор қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін ұйым дербес анықтай  алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа  да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен ұйымның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ға дейінгі сомасы алынады. 

Негізгі құралдардың  кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екінші данасы тапсырушы цехта қалады. 

Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалынады.     Негізгі құралдарды басқа ұйымдарға сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші ұйымда қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.  

Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі. 

Бухгалтерия келіп  түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалынады. 

Бұл мүліктерді бір карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. 

Бұл мүліктік карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметері қайталанбайды. Негзгі құралдарды басқа ұйымға тапсыру  кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің ұйым ішінде орын ауыстыру кезінде “Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі” ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға “Негізгі құрал объектілерін есептен шығару актісі” негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін “Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері” негізінде жазылады. “Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы” бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштерімен шектеліп, оған қатысты маңыдзы құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында  қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілердің тобына тұтастай береді [11]. 

Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері  айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады. 

Бухгалтерияда толтырылған мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың  есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол негізгі құралдардың жіктемесі  бойынша бір данада жасалады. 

Тіркеу кезінде карточкалардың нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде – қолдану орындары мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: ”Қолданыстағы негізгі құралдар”, сондай-ақ “Ағымдағы  айда келіп түскені”, “Ағымдағы айда шығып кеткені”, “Ішкі орын ауыстырудағы”, “Жөндеудегі”, “Қордағы”, “Тоқтап тұрғаны”, “Жалға берілген негізгі құралдар”, “Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар”, “Жалға алынған негізгі құралдар”, “Архив”. 

Ай ішінде “Түскендері”, “Есептен шыққандары” және “Ішкі  орын ауыстырғандары” бөлімшелерінің карточкалары 2420-“Негізгі құралдар”  бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен  салыстырылғаннан кейін, картотеканың тиісті бөлімдерінде орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап тұруы біткеннен кейін, қордан қолданысқа өткізілгеннен, т.с.с. кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдерінде салынады. Шығып кеткен негізгі құралдар бойынша картотекаларды “Архив” бөлімшесіне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді. 

Ұйымның материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың барлығы бөлімдер бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі және мүліктік карточкадағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану орны бойынша негзгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек. 

Ұйым қолданып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды  басқа ұйымдарға беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығрып тастауына болады. 

Негізгі құрал-жабдықтарды  есептен шығару: табиғи және моралдық тозуына байланысты жою қажет  болған жағдайда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа  да объектілерді техникалық қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табағи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады. 

            Объектіні қайта жабдықтау және  жаңалау кезінде олар толық  немесе ішіннара жойылады. Ұйымның  балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және аппаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа ұйымға беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады. 

            Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын  анықтау үшін, сондай-ақ қажетті  құралдарды дайындау үшін басшының  бұйрығымен аудитор құрамы тағайындалады,  оның құрамында бас инженер немесе ұйым жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін аудиторлар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. 

Тұрақты жұмыс  істейтін аудиторлар есептен шығарылатын  қажетті объектілермен тікелей  танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын, есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын, кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды, негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Аудитор актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады. 

Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшекері  тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар  – тек негізгі тетіктері, тораптары  мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда, көп жылдық ағаштар – биологилық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жойғанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде ұйымдар үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады [9]. 

Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің “Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі” деген бөлімінде қарастырылады. 

Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады [13]. 

Негізгі құрал-жабдықтарды  бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға  беру кезінде екі дана етіп акт  дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады. 

Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер  бухгалтерияға келіп түседі және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол 12”Негізгі құралдар”бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі. (ХҚЕС бойынша 2400 ”Негізгі құралдар”бөліміндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі). 

Негізгі құралдардың  аудиті бағдарламасының құрамдас элементері болып келесі тексерістер табылады:

негізгі құралдардың  бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітабының мәліметтерімен сәйкестігі;

негізгі құралдардың  қолда бары мен сақталуы;

мүлік  негізгі  құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша ттоптастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;

негізгі құралдардың  түсуі мен  істен шығуы жөнідегі операциялардың есебінде бағаланудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлелдігі;

негізгі құралдардың  тозуы мен жөндеу есептеу мен  көрсетудің мақсатқа сәйкестігі

бухгалтерлік  есеп пен есептіліктің регистрлеріне  негізгі құралдардың бар болуы  мен қозғалысытуралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;

негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен  тиімділігі және т.б. [11]. 

  

2.2. Материалдық  емес активтер есебінің аудиті 

  

Материалдық емес активтер деп - белгілі бір нақтылы  табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат  түрінегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға  бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға  өнім өндіруге, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп  тұратын активтерді айтады. 

Кәсіпорындарда  материалдық емес активтердің қатаына  жататындар: 

Лицензиялық келісімдер- белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бірзаңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол маериалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орандайды. 

Материалдық емес актитердің «Программамен жабдықтау»  деп аталатын түрі кәсіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына  қатысты табыс әкелетін ақпараттармен  мәлеметтерді айтады. 

«Патент»  деп  аталатын меатериалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды  тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаналығын  мемлекеттік тұғыдан мойындапжәне ол жаңалықты ашқан адамға, топқа  немесе заңды тұлғаға жаңалығын  өз айдасына(жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. 

«Ұйымдастыру  шығындарына» - кәсіпорындарды жаңадан  ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымдарды тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамала үшін төленген төемдер және басқа да шығындар жатқызылады. 

Материалдық емес активтердің «Гудвилл»деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы» деп  те атайды. Бұл материалдық емес активтер бір кәсіпорын екінші бір кәспорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәспорынның нақты нарықтық бағасымн оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді [5]. 

   «Материалдық  емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық  есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер  есебі» БЕС ( бухгалтерлік есеп  стандарттары) сәйкес материалдық  емес активтер әкімшілік мақсатта  және басқа субьектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үйлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды: 

а) анықтауға  болады; 

ә) субъект бақылайды; 

б) қолданудан субъект  болашақта экономикалық пайда алуды  күтеді. 

Материалдық емес бап материалдық емес активтер болып  саналады, егер: 

Информация о работе Yзақ мерзімді міндеттемелер аудиті