Шығындарды талдамалық топтарда талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есеп беру бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 12-қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І. Қаржы, қаржының мақсаты
1.1. Қаржы туралы түсінік......................................................................................6
1.2 Қаржы саясатының мақсаты, міндеттері.........................................................9
ІІ. Шығындарды талдамалық топтарда талдау
2.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері...............................12
2.2. Өнім өндіру шығындары. Шығындарды төмендету жолдары...................14
2.3. Өнім өндіруге жұмсалған шығын.................................................................21
2.4. Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау...................24
ІІІ. Қорытынды....................................................................................................30
VI. Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................32

Работа содержит 1 файл

мой курсовой.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

     Өндіріс шығынына: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстар құны және жыл  бойғы негізгі қорлардың тозуы, өнім өндіруге қатысқан техникалар, машиналар, құрал-жабдық, үйлер, ғимараттар тағы басқа  материалдық ресурстар –айналым қоры (жағар жанар май, отын химикаттар тағы басқа құралдар құны) кіреді.

     Барлық  салаларда өнімнің өзіндік құны жанды еңбек, өткендегі не болмаса  мүліктенген еңбек шығындары  болып бөлінеді. Өткендегі мүліктенген  еңбек шығындары  дегеніміз өндіріс  құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары. Жанды еңбек шығындары дегеніміз – жұмысшылардың белгілі бір өнімді өндіруге нақтылы жұмсаған шығындарын айтады. Мысалы, өнеркәсіпте керекті мүліктенген еңбек шығынына: түрлі станоктар, техникалар, машиналар, жағар-жанар май, химикаттар тағы басқа шығындар кірсе, жанды еңбек шығынына: әрбір технологиялық өндірістің жұмыстарына жататын, мысалы: шикізатты қабылдаудан бастап, өнім бұйымдарын шығаруға дейінгі шығындары кіреді.

     Сонымен, мүліктенген және жанды өндірістік еңбек шығындарының біріккен жиынтығы – қоғамның өндіріс шығынын құрайды. Өз кезегімен өндірістің қоғамдық шығынын тауардың құнын құрайды.

     Тауардың  өзіндік құнын тауар құнының  бір бөлігі деуге болады. Ол құн  төмендегідей үш бөлімнен тұрады: баға =С+Y+М,

     мұнда: С - өндірісте тұтынған, еңбек арқылы өндіріс факторларының өнімге айналған түрінің құны; Y - өнімнің қажетті еңбек арқылы келген бөлімнің құны.

     Өнім  өндіруге жұмсалған шығынды сол  өнімнің әрбір бірлігіне бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын  анықтайды. Өнеркәсіпте өзіндік құн динамикасы көп ретте өңделетін шикізаттың сапасына, өндіріс технологиясының қазіргі талапқа сай деңгейіне байланысты.

     Әр  жерден дайындалған тіпті бір  типтес шикізаттарды, материалдарды  өңдеуге бірдей шыққан шығынның өзінде де қорытындысы әр түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайда өзіндік құнның мөлшері де әр түрлі болады, яғни жұмсалған шығынға сәйкес келмейді. Ол өндіріс салаларының бағытына, өндірісті ұйымдастыруына, шикізат, материалдар сапасына, еңбек ресурстарын дұрыс басқару және мамандардың қабілетіне тікелей байланысты болып келеді.

     Өнімнің өзіндік құнын есептеуді калькуляциялау дейді. Жоспарлы және нақты өзіндік  құнды ажыратады. Өнімнің жоспарлы өзіндік құны мөлшерлі, есептеу және жоспарлы көрсеткіштердің негізінде  анықталады. Ал нақты өзіндік құнды бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша нақты шығын арқылы анықтайды. Өнімге жұмсалған шығындардың қалыптасу кезеңдеріне байланысты өзіндік құнды үш түрге бөлуге болады:

  • технологиялық өзіндік құн;
  • өндірістік өзіндік құн;
  • коммерциялық өзіндік құн.

     Технологиялық (цехтық шығындар) өзіндік құнға  - өнімнің технологиялық үрдісінде  пайда болған шығындар, сонымен бірге  оның құрамына өндірісті ұйымдастыру  мен басқаруға кеткен шығындар кіреді.

     Өндірістік (жалпы зауыттық шығындар) өзіндік  құнға - өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді цехтар арасында тасымалдауға жұмсалған шығынның бәрі кіреді.

     Коммерциялық (толық) өзіндік құнға өндірістік өзіндік құн, оған қосымша транспорт  шығындары және өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар кіреді.

     Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндіріс  шығындары өзінің әртүрлі белгісімен жіктеледі.

     Негізгі белгісі бойынша жіктелу екіге  ажыратылады:

     а) шығынның бастапқы элементтері бойынша (экономикалық маңызда);

     б) шығынның пайда болу түріне және мақсатына қарай (калькуляция баптары бойынша).

     Өндіріс үрдісі негізгі және көмекші болып  бөлінетіндіктен, көмекші өндіріс  шығындары өздерінің негізгі  өндірістегі алатын рөлі бойынша  топтастырылады.

     Өндірістің  барлық шығындары өнімнің жеке түрлерінің (соның ішінде жеке тапсырыс бұйымдардың) немесе біртектес өнімдер топтарының өзіндік құнына жатқызу тәсілдеріне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.

     Тікелей шығындар деп -өндірістік өзіндік құнына тура және тікелей өз бетімен кіре алатын, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы және ьағы басқа) шығындарды айтады.

     Жанама  шығындар деп - өнімнің өзіндік құнына бөлінген соң кіретін, өнімнің бірнеше түрлерінің өндірісімен байланысты шығындарды (жабдықтарды дайындау және пайдалану шығындары, цезтік шығындар және тағы басқа) айтады.

     Шығындарды  калькуляция баптары бойынша  топтастырған кезде тәртіп бойынша  тікелей шығындар (мысалы «материалдар») элементтер тұрғысынан есепке алынады, ал жанама шығындар (мысалы «қосымша шығындар») кешенді баптарды құрайды, яғни өндіріс үрдісіндегі атқаратын рөлдері бойынша ажыратылатын бірнеше элементтерден тұратын шығындардан құралады.

     Кәсіпорын шығындары өнімді дайындау үрдісіне қатысу сипатына байланысты  негізгі және қосымша болып бөлінеді.

     Негізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық  үрдісінің жүруімен тікелей байланысты. Оларға өнім дайындайтын шикізат  пен материалдар шығындары, технологиялық  үрдісте қолданылатын отын және энергия (ғимараттарды жылыту мен жарықтандыру шығындары емес) шығындары, негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы, жабдықтарды күту, ұстау, пайдалану шығындары кіреді.

     Қосымша шығындар өнім өндірумен емес, өндірісті  ұйымдастыру, басқару және пайдаланумен тікелей байланысты. Оларға әкімшілік – басқару персоналының жалақы шығындары, үй-жай, ғимарттарды жылыту мен жарық беру шығындары және олардың амортизациясы жатады.

     Шығындар  өндіріс көлеміне байланысты өзгермелі  және шартты – тұрақты болып бөлінеді.

     Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне байланысты пропорционалды түрде өсіп немесе кеміп  отырады. Бұған шикізат пен материалдардың, технологиялық мақсаттағы отын мен  энергияның құны, өндірістік жұмысшылардың  кесімді жалақысы жатады. Егер қандай да бір себеппен өнім шығару уақытша тоқтап қалса, онда осы уақытта өзгермелі шығындар да болмайды.

     Шартты-тұрақты  шығындар өзгермелі шығындарға қарағанда  өндірістік көлемімен тіпті тәуелсіз. Бұл – басқару шығындары, ғимарттар  мен үй-жайды жылыту және жарықтандырумен байланысты шығындар, жалға беру ақысы және тағы басқа. Шартты – тұрақты шығындар өнім өндіру тоқтап қалса да, кәсіпорынның банкроттыққа ұшырап және оның ресми жабылуы жарияланғанға дейін орын алады. 
 
 
 
 

     2.4. Өнімнің өзіндік  құнына кіретін барлық шығындарды талдау 

     Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау, есепке алу және жоспарлау  мақсатымен, сонымен қатар әртүрлі  кәсіпорындарда өндірілетін өнімнің  өзіндік құнын салыстыру үшін бірі – бірі толықтырушы екі жіктеу тәсілі қолданылады:

     Элементтер  және калькуляциялық баптары бойынша.

     Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар өздерінің экономикалық мазмұны  бойынша келесі элменттерге топтастырылады:

    1. Негізгі шикізат және материалдар;
    2. Көмекші материалдар;
    3. Отын (сырттан әкелінетін);
    4. Энергия (сырттан әкелінетін);
    5. Өндірістік персонал жалақысының шығындары;
    6. Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар;
    7. Амортизациялық аударымдар;
    8. тағы басқа шығындар.

     «Материалдар» («материалдық шығындар») элементінің  құрамына құндар кіреді:

  • өндірілетін өнімнің құрамына жататын, оның негізін құрайтын шикізат пен материалдардың;
  • өндіріс үрдісінде қолданылатын, сатып алынған материалдардың;
  • қалыпты технологиялық үрдісті қамтамасыз ету үшін қажетті бұйымдардың;
  • материалдық ресурстарды жеткізумен байланысты шығындардың құны.

   Материалдық шығындарға қайтатын қалдықтардың құны қосылмайды.

   Қайтқан қалдықтар деп - өнімді өндіру үрдісінде  қалыптасқан, бастапқы қасиеттерін  толығымен немесе жарым-жартылай жоғалтқан  және осыған байланысты жоғары шығынмен (өнім шығыны азайғанда) пайдаланылатын немесе өз орнында

 Тіпті  пайдаланылмайтын шикізат материалдар,  жартылай фабрикаттар мен материалдық  ресурстардың және тағы басқа  түрлерінің қалдықтарын айтады.

Тағайындалған технологияға сәйкес басқа өнім түрлерін өндіру үшін толық бағалы материал ретінде өзге цехтарға жіберілетін, материалдық ресустардың қалдықтары өндірістік қалдықтарға жатпайды.

     Жалақы  шығындары элементінде негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оған қоса өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, ынталандырушы және орын толтырушы төлемдер, сонымен бірге негізгі қызметке қатысатын, кәсіпорынның штатында тіркелмеген жұмысшылардың жалақысының шығындары бейнеленеді.

     Еңбекақы  шығындарының құрамына мыналар кіреді:

     - кәсіпорында қабылданған еңбекақы  төлеу нышаны мен жүйелеріне  сәйкес, кесімді бағалар, тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақы мөлшерлеріне қарай белгіленетін, орындалған жұмыс үшін жалақы төлемдері, жұмыскерлерге еңбектері үшін натуралды түрде берілетін өнімнің құны;

     - ынталандырушы сипаттағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, кәсіптік шеберлігі және тағы басқа үшін тарифтік ставкалар мен жалақыға қосылатын үстемелер;

     - жұмыс тәртібі және еңбек жағдайларымен  байланысты орнын толтырушы сипаттағы  төлемдер, соның ішінде түнгі  уақыттағы жұмыс, мерзімінен тыс, көп ауысымдық тәртіптегі жұмыстар, демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс, бірнеше жұмысты қатар атқарғаны үшін, ауыр, зиынды және ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін тарифтік ставкалар мен жалақыларға қосылатын үстемелер мен қосымша төлемдер;

     - заңға сәйкес тегін көрсетілетін  коммуналды қызметтер, тамақтандырудың  және кәсіпорын жұмыскерлеріне  берілетін тегін үй шығындарының  құны;

     Кезекті және қосымша демалыстар ақысы (пайдаланылмай  қалған демалыстың), сонымен қатар  мемлекеттік міндеттерді орындау мен медициналық байқаудан өтуге байланысты кеткен уақыттың ақысын төлеу;

     Жеке  иелікке тегін берілетін (арнайы киім, киім – кешекті қоса алғанда) заттардың құны;

     - жұмыскерлер санының қысқаруымен  байланысты төлемдер; көп жылғы  еңбегі үшін берілетін біржолғы сыйақылар (кәсіпорында мамандығы бойынша жұмыс стажы үшін қосылатын үстемелер);

     - басқа кәсіпорындардан ауысып  келген жұмыскерлерге нақты бір  мерзім ішінде лауазымдық жалақы  мөлшерін сақтауға байланысты  төленетін жалақы айырмасы.

     Әлеуметтік  мұқтаждықтарға, мысалы әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар белгілі бір мөлшерлер бойынша еңбекақы қорынан жүргізіледі. Бұл мөлшерлердің көлемі заң тәртібімен тағайындалады және қайта қаралуы мүмкін.

     Негізгі қорлар амортизациясына барлық амортизациялық аударымдар жатады.

     Бастапқы  төрт элемент өзінің экономикалық мазмұны  жағынан толығымен біртектес  болып табылады. Шартты түрде «тағы  басқа шығындар» деп аталатын соңғы топ өзінше ерекше. Бұл топқа  шығындардың өзге элементтерінің қай  қайсысына да қосуға болмайтын, өздерінің экономикалық құрамы жағынан әртүрлі шығындар кіреді. Бұл пайыз бойынша төлемдер, материалдық емес активтердің тозығы, іс-сапар шығындары, өкілдік шығындары, жарнама шығындары, кадрлар дайындау шығындары тағы басқа.

     Шығындар  элементтері бойынша есептелген өзіндік құн өнімнің қандай нақты түріне пайдаланылғанына байланыссыз өндірістік бағдарламаны орындау үшін тұтынылған ресустардың жалпы көлемінің құндық өлшемін бейнелеуге мүмкіндік береді.Экономикалық элементтер бойынша жіктеу, сонымен қатар, шығындардың қалыптасуы кезіндегі әр элементтің мәнін анықтауға және өзіндік құнды төмендетудің, айналым құралдарына қажеттіліктерін есептеуге және инвестициялар мен несиелерді экономикалық орналастыру үшін, яғни бизнес жоспар құру кезінде шығындар сметаларын есептеуге мүмкіндік береді.  

   Тамақ өнеркәсібіндегі  шығындар құрылымы 

Информация о работе Шығындарды талдамалық топтарда талдау