Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 16:27, реферат

Описание работы

17.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
17.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
17.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
17.4. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары
17.5. Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Шетел валютасында.doc

— 243.50 Кб (Скачать)


Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі

 

17.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу

17.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі

17.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі

17.4. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары

17.5. Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу

Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан  Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, елмімздің ішінде бейрезидент тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем құралы ретінде сол елдің ұлттық валютсы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚЕХС сәйкес валюталық операция – бұл шетел валютасында диноминацияланатын немесе ондағы есепті талап ететін операция.

Валюталық нарықтар-шетел валюталарын, сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасқан бағам бойынша ұлттық валютаға сатып алып сататын немесе айырбас жүргізілетін ресми орталықтар.

Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық ХІХ ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

                           байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;

                           операциялар барлық елдер түкпірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалыналыд;

                           валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында валюталық операциялардың кең көлемде дамуы;

                           алып-сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты валюталық оепарциялардан біршама асып түседі: олардың қатысушыларның саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлтаралық корпорациялардан (ҰАК) басқа заңды және жеке тұлғалар да жатады.

Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды:

                           халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы;

                           валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;

                           әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтардың өзара байланысы;

                           банк, кәсіпорын, мемлекеттік валюталық резервтерінің әртараптандырылуы (диверсификация);

                           валюталық бағады реттеу;

                           қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы;

                           экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.

Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық – бұл банктердің, брокерлік фирмалардың, корпорациялардың, әсіресе ұлт аралық корпорациялардың (ҰАТ) жиынтығы. Банктер банк аралық нарықта өзара және тауарлы-өнеркәсіп клиентурасымен 85-95 % валюталық мәмілелер жасайды.

Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғалары жатады.

Валюталық реттеулердің объектілері валюталық құндылықтарымен жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжаттары, қарыздық мінджеттеме, қымбат металдар) жатады.

Валюталық құдылықтарымен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамын елден валюта аудару және керісінше валюта қаблдау, саудалы сипатға жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және т.б. капитал қозғалысы мен байланысты операциялар жатады.

Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензияларды Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерді сәйкес жүргізуге құқы бар:

                           шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға;

                           банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие және қарыздарды тарту және ұсыну;

                           шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу;

                           өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;

                           шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;

                           халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру.

Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген банктер уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелер мен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңзды рөл атқарады.

2000 жылдың сәурінен бастап Ұлттық банк теңгенің еркін қалқымалы бағамын белгіледі. Ол Ұлттық банк қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жағдайда валюталық реттедің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

* Қазақстан республикасының аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын анықтайтын нормативтік-құқықтық актілерді шығару, валюталық операциялар субъектінің құқықтары мен міндеттері;

* валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау (валюталық бақылау);

валюталық нарық, жүргізілетін валюталық операциялар көлемін және құрылымының жағдайын талдау.

Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі келесі негізгі әдістерді қолданады:

                           валюталық операциялар оюъектілері мен субъектілерін, валюталық операциялар субъектілерінің құқықтары мен міндетерін, жіктелуін, валюталық құндылықтармен айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;

                           сипатына, субъктісіне, объектісіне, көлеміне байланысты белгілі валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;

                           шетел валютасын пайдаланатын қызметтерді лицензиялау;

                           валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралық байланыс. (Қазақстан 1992 жылдың ортасынан бстап халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мүшщесі болып табылады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінен бастап ХВҚ келісім баптарының VІІІ бабына енді, онда мемлекеттердің өздерінің валюталарының айырбасталымдылығын қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған, яғни ағымдағы валюталық операциялар бойынша шектулер енгізбеу).

Валюталық реттеудің негізін құрайшы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары:

                           заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін валюталық операциялардың сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен куәліктердің болуы;

                           шетел валютасындағы төлемдердің шарт жағдайына сәйкестігін тексеру;

                           валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есеп беретін толқтығын объективтігін тексеру.

Валюталық қатынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы валюталық заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республикасың заңдылықтарына сәйкес валюталқ реттеудің қызметтерін атқаратын Ұлттық банкі болып табылады. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар валюталық реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде жүргізеді. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативтік актілері 1998 жылдың 24 желтоқсанында «Валюталық реттеу туралы» заң толықтырулар мен қосымалар енгізілген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың принциптері мен тәртібін валюталық операция субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, валюталық заңдылықтар бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылау агенттері ретінде валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңдылқтардың орындалуын бақылау міндеті жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Респбликасында келесідей валюталық шектеулер қолданылады:

                           резиденттер арасында жүргізілетін операциялар бойынша бар;

                           шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастау өкілетті банктер мен банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тыс жерде жүргізуге болмайды;

                           қызмет және тауар үшін төлем ретінде және несие ретінде резиденттер алатын шетел валютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарына міндетті түрде есепке алыну керек.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және күипеген жағдайлардың туындай кезінде кез келген валюталық операцияларды шектеуге және тоқтатуға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» заңды күші бар Жарғысына сәйкес ҚР Ұлттық банк шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулерді енгізуге оның ішінде осындай оеперациялардың көлемі немесе сыйақылар мөлшерлемесінің деңгейі кіреді құқы бар. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі резиденттердің экспорттық операцияларына валюталық төлем және экспорттық валюталық түсімді міндтті сату тәртібіне шек қоя алады. соңғысы нақты уақытта уақытша тоқтатылған.

 

 

17.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі

Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін валюталық шот ашу қажет. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда оны ашу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

                           нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі;

                           заңды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы:

                           уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері;

                           салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;

                           Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі туралы куәлік.

Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер көшірмесі бар заңдық іс жасалынады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте валюталық шот ашу үшін келесі құжатарды ұсыну қажет:

-                             мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін құжат (патент немесе лицензия) көшірмесі.

Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар заңды болу қажет уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып алынған экспортты валюталық түсім, жарғылық капиталға салым, қаржылық көмек, қайырымдылықтар, сыйлықтар, несиелер, қарыздар, валюта. Заңды тұлғалар шетел валютасындағы несиені тек бейрезидент тұлғалармен есеп айырысу үшін және шетел валютасында алынған банктік несилер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ған алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы валюталық қаражаттарды сатып алуға берілетін арық арқылы (2-қосымша) және кросс-операция (айырбастау) (3-қосымша) бойынша жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-тапсырма негізіндле жүргізіледі (4-қосымша).

Тауарды импорттау (жұмыстар мен қызметтер) бойынша келісімшарттардың төлемі алдын ала валюталық шоттан төленген кезде клиент банкке тиісті өзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерді ұсынуы қажет. Ұсынылатын құжаттар негізінде валюталық шот ашу кезінде тоғыз таңбалы саннан тұратын нөмір беріледі.

 

000 000 000

  1     2     3,

 

Мұндағы: 1 – валютаның коды;

                  2 – шоттың баланстық нөмірі;

                  3 – клиенттің нөмірі (жеке)

Онда шоттың ашылған күні, клиентті атауы, нөмірі және қосымша ақпараттар жазылатын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасы жүргізіледі. Сол уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот бойынша ақша қаражаттарымен байланысты барлық материалдар жиналатын заңды іс және дербес шот көрсетіледі.

Информация о работе Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі