Шағын және орта бизнес дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 13:34, реферат

Описание работы

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – тұтастай алғанда құқықтық қамту және әкімшілік реттеуден тұрады. Құқықтық қамту дегеніміз – шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру, олардың негізгі және айналым қаржыларын тартуы, салық салу режимі сияқты заңнамалық негіздегі айқындаушы тетіктер болып табылады. Ал әкімшілік реттеу - әрбір нақты деңгейге сай тиісті мемлекеттік функцияларды дәлме – дәл тәртіпке келтіріп, жүйелеп отыру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І Тарау Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын
және орта бизнестің рөлі
Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі мен дамуы....................................................................................................5
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны............................................................................................................11
ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі
жағдайы мен даму тенденциясы
2.1Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізушісі субъектілерінің мониторингі.....................................................................................................14
Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы..................................18
Шағын кәсіпкердің даму деңгейін кешенді бағалау..........................20
ІІІ Тарау Шағын және орта бизнестің дамытуға қолданылған нақты шаралар
3.1 Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру.........................................................................22
Қорытынды.............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта бизнес дамыту 2009.doc

— 252.00 Кб (Скачать)

 

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ  БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ

ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

 

 

Пән бірлестік  отырысында                                              «Бекітемін»

келісілген                                                                   Директордың оқу ісі                                                 

ПБ төрайымы                                                            жөніндегі орынбасары

Карьянова Б.З____________                                     _____Курманкулов А.Б

                                                                                    «____» _________ 2012ж

 

 

 

 

 

0518000 «Есеп және аудит(салалары бойынша)»

мамандығы бойынша

курстық жобаға

ТАПСЫРМА

 

«Ұйым экономикасы» пәні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭБУ-32 тобының    3 курс оқушысы

 

     Оспанова  Адина Медеубайқызы   

            (аты-жөні, әкесінің аты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012 ж.

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

 

АЛМАТЫ  МЕМЛЕКЕТТІК  ЭНЕРГЕТИКА  ЖӘНЕ  ЭЛЕКТРОНДЫ 

                                    ТЕХНОЛОГИЯЛАР   КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ  ЖОБА

 

Мамандығы бойынша: 0518000 «Есеп және аудит (салалары бойынша)»

 

Тақырыбы:   ҚР-ғы шағын және орта бизнестің дамуы.

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ЭБУ-32   тобының студенті 

Оспанова  Адина Медеубайқызы  

 

 

Тексерген: Солтабаева Қ.Е                                                       

 Кеңесшісі: Солтабаева  Қ.Е                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары

Кіріспе......................................................................................................................4

І Тарау  Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын

              және орта бизнестің рөлі

    1. Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі мен дамуы....................................................................................................5
    2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны............................................................................................................11

ІІ Тарау  Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі 

               жағдайы мен даму тенденциясы

2.1Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізушісі субъектілерінің мониторингі.....................................................................................................14

    1. Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы..................................18
    2. Шағын кәсіпкердің даму деңгейін кешенді бағалау..........................20

ІІІ Тарау Шағын және орта бизнестің дамытуға қолданылған нақты шаралар

3.1 Шағын және орта бизнестi  мемелкеттiк қолдау және дамыту  бағдарламаларын жүзеге асыру.........................................................................22

Қорытынды.............................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Ата заңының 24-бабының негіздемесінде “Әркім өз еркімен маман таңдауы  және өз еркімен еңбек етуге құқылы”

 Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” Қазақстан халқына жолдауы

 Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, несие ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғарғы сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті.

  Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға басқа көңіл бөлу керек деп санаймын.

 Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту.

  Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуметі мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік жеңісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.

  Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған “жасырын” монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіру үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни сектолрлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек. Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.

   Мемлекеттің “Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына және Қазақстан Республикасы  Президентінің 2006-2008 жылдарға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары.

  Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәспкерліктің даму деңгейіне байланысты. Артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер шағын кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіруге жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми –техникалық прогрестің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруге және де бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

  

І Тарау  Қазақстанда  бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын     және орта бизнестің  рөлі

    1. Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолдану тәжірбиесі мен дамуы

 

   Шағын және орта кәсіпті дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің маңыздысы. Кәсіпкерлік- қазіргідей күрделі кезеңде ел экономикасын іргелетуге, әлеуметтік бірқатар мәселелерді шешуге, еңбекпен қамтамасыз ету ісіне септігін тигізуге мейлінше жағдай туындайтын бірден-бір жол.

   Соңғы кездері ресми талдаулар көрсеткендей, шағын және орта кәсіпте өндіріс көлемінің өсуіне қол жеткізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың аса маңызды шарттарының бірі –отандық тауар өндірушілерді қолдау. Дегенмен, уақытша қиындықпен, кейбір кедергі проблемалармен санаспай әрекеттенуші кәсіпкерлермен тұтынушыларына лайықты өнімдер ұсынушы отандық өндірушілер аз емес.

  Бүгінгі таңда жұртшылыққа тәуір тауар талдағанға сәйкес өнім түрлерін ұсыну айтарлықтай оңай шаруа емес.

   Кәсіпкерліктегі бәсекенің қазіргі механизімінің негізгі артықшылығы-тиімділікке ерекше көңіл бөлу. Осыған байланысты бәсеке қағидалары кәсіпкерліктің   барлық формаларының бастамасы ретінде нарықтық инфроқұрылымнан жан-жаққа таралады. Тағы бір ерекшелігі -өзінің бәсекелік артықшылықтарын күшейту жолында шағын, орта және ірі бизнестің біріктірілуі, бәсеке жағдайында шағын және орта бизнес түрлері үшін біріктіруді “тең” ұстауда ірі бизнес белгілері күшейеді. Шағын бизнес жүйесі үшін микроэкономикалық иемдену басты шарт болып қалады, бірақ соған қарамастан лизинг, франчайзинг сияқты формаларында сыртқы сипаттамалардың өскендігін байқаймыз. Олар: инвестициялаудың қосымша көздерін іздеуге ұмтылыс, дамудың инновациялық бағыттылығы. Бұған өзара байланысты элементтердің аралық мүдделері де қосылады.

   Қазіргі кәсіпорында бәсекелік мүмкіндікті зерттеу үшін кәсіпорын субъектілерінің  экономикалық тиімділігі белсенділікке ие болып отыр.           Бухгалтерлік пайда мөлшерімен анықталатын кәсіпорын қызметінің табыстылығы жетілмеген бәсекенің –табыстың жоғарлатудың объективті негіздеріне қарама-қайшы келеді. Берілген қайшылық, екі процестің өзара қызметі еркін көрінетін ғылыми техникалық прогрестің   дамуының эволюциялық сипаты болып табылатын екі процесс: техника және ғылымның дамуымен шығарылатын жаңа қолдану ынталылығы немесе  алдыңғы қатарлы тапқырлықтарды қолданудың және және акцент жасаған “сұранысты болдыру” құралатын ынталардың алғашқы себебін көрген “технологиялық секіріс” болып табылады. Басқаша айтқанда, “ұсыныс жаңа ашулары” мен “сұраныс жаңа ашуларының” қарама-қайшылығы кәсіпорын табатын қалыпты пайданың экономикалық формасында көрініс алады.

    Динамикалық  бәсекелестік жағдайында технологиялық траектория мен бәсекелестердің өз позициясын салыстыру кәсіпорын үшін стратегия құру әдісіне немесе бәсекелестік күресті болжау құралына айналады. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарына технологиялық тиімділігінің төмендеуі-экономикалық потенциалының өсу шапшандығының жоғарлығымен сәйкес келеді. Әрбір нақты технологияның табиғи шегі және және жаңа ашылулардың “жетілу” деңгейіне байланысты осы шектеуге біркелкі жақындау жылдамдығы болатындықтан кәсіпорын берілген  технологиялық траекториядан шығып, басқа жаңа   технологиялық      траектория жолымен жүруіне болады. Осылайша, ерте кезден жаңа технологияға өту, қазіргі қызмет етіп тұрған және пайда алып отырған технологиямен салыстырғанда сөзсіз шығынды. Сондықтан, оның орнын толтыруға және экономикалық пайда табуға бағытталған қазіргі кезеңгі кәсіпорында ғылыми техникалық прогресс  артықшылықтарын қолданудың қарама-қайшылығының мәні осында.

Бәсекенің сыртқы кәсіпорындық факторы- жаңа ашылуларға қабілеттілік, жаңа технологияларды ерте кезеңдерде пайдалану және оларды қолдануда объективті шектеулерге қарсы тұрады. Сондықтан, постиндрустриалды дәуірдің кәсіпорын тұлғасына бәсекенің экономикалық көрсеткішттері болып, ең алдымен, қалыпты пайда алуға көмектесетін жалпы орташа шығындар мен бағаны өлшеп салыстыру тән болды. Берілген қайшылықтар қаржылық инвестициялар орталығы болып табылатын фирманың ішкі бөлімшлеріне де және сәйкесінше, жаңа ашылуларды дайындау, өндеу және қолдануға да бағытталады. Жаңа технологиялардың ішкі бөлімшлерінде уақытында және көп түрлілік пайдалануына орай кәсіпорын табысты төмендетуден сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір тепе-теңдікке жетеді. Ішкі фирмалық құрылым жеке технологиялық және экономикалық тиімділктерді салыстыра отырып, оларға өздерінің жеке қызметін жүзеге асыратын салыстырмалы өндірістік автономдыққа иелігі қосымша мүмкіндік болып саналады.

Инновациялық механизм процесін өндеу адамның творчесволық потенциалын енгізудің  әр түрлі  әдістерін, ғылыми-техникалық прогресс саласында қызмет ететін адамдар  ұжымдарының  әдістері мен қағидаларын қарастырады.

   Зерттеушілер мен өндеуші новаторлардың нақты нәтиже шығаруы –ірі кәсіпорындардың әкімшілік бақылаудан босап, өздерінің ұйымдық құрылымының ішінен тәуелсіз зерттеу бөлімшелері  құрылуына себеп болады. Мұндай бөлімшелер көбінесе еншілес компания мәртебесіне ие, оларды өндеу–болашағы бар инициаторлы-мамандармен, ғылыми-техникалық ойлар авторларымен   басқарылады. Жеке таңдаулары бойынша зерттеушілер ұжымын тексере отырып, зерттеу бағытын жұмысты ұйымдастыруда, қаржы ресурстарын жұмсауда толық  жекеменшікке, яғни тәуелсіздікке ие болады.                                            Осылайша, кәсіпорын ішкі венчурды ұйымдастыру кезінде новаторлық идеяның коммерциялық табысына сене отырып, тәуекелге барады.

    Кәсіпкерліктің тәуекелді формасы  табысты өндеу мен пайда алынған жағдайда өндеушінің пайдадан үлес алуын ескереді. Ізденушілердін шығармашылығы мен тәуекелі едәуір ақшалай сый алуына көмектеседі.   Кәсіпкерліктің берілген формасы шаруашылық тәсілі ретінде жеке кәсіпкерлікке өте үлкен әсер етеді, нарықтық тұлғалардың өзара қызметінің бәсекелестік механизміне қолдау жасайды. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік шешімдерді орталықтан қабылдау жүйесі де артта қалуда. Жаңа өнімдердің көбейту мен  олардың жаңартылу жылдамдылығының артуы, сонымен қатар нарықтық  жағдайдың өзгерісіне деген жылдамдықтың қажеттілігі өндірісті басқару әдіс-тәсілдері мен әдісін   өзгертеді. Американдық экономист Питер Друкер венчурлық бизнестің дамуымен кең қолданылуын –экономикалық тарихтағы сынық нүктесі, экономика өсу фазасына енуінің куәсі ретінде бағалаған. Осылайша,  кәсіпорын жаңа ашылулар дамуының қаржылық қызметін атқара отырып, фирма ішінде ғана емес, сонымен қатар сыртында да бәсекелестік ортаның құрылуына септігін тигізеді. Жеке бизнестің кәсіпорын формасын да  инновацияларды қаржылық қолдаудың негізгі ауыртпалығын өзіне жүктейді. Америка Құрама Штатында  мысалы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға арналған құралдардың 95%-ы жеке фирмалар мен ұйымдар арасында бөлінеді. Бірақ, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру таза трансферттік бағытқа ие болмайды. Бәсекелік инновациялық процестің тек қана түрлі экономикалық микросубъектілері арасында ғана болмайтын енушілік қызметтің “таратушылық” мотиві де болып табылады.

    Бәсекенің күшті нарықтық реттеуші механизмі ретінде пайда болуы макродеңгей ғана емес, микродеңгейдеде өте қажетті және маңызды деп айттық. Бәсекелестік күрестің мәнін кәсіпорынның ішкі ұйымдастырылуының іргелі негізі ретінде тәжірбие жүзінде жоғары тиімділігін көрсеткен “Дженерал Моторос” компаниясы алғашқы рет қолданып, бағаланған. Й. Шумпетер бәсекені “жоюшы процесс” ретінде сипаттап, ол үздіксіз “экономикалық құрылымды ішінен төңкеріс жасайтынына” мән берген.   Бәсекелес жүйе бөлімшелері ретінде фирманың нарықтық архитектоникасын құру қажеттілігі бүгінгі күні Ресей экономикасы үшін макро,- және микронарықтық  процестермен шартталған. Микродеңгейдегі нарықтық  принциптер белсенділігінің деңгейі тұтастай нарықтың  тиімді қызмет етуінің “айқын” көрінісі болуы қажет. Ішкі бәсекелестікті ұйымдастыру –кәсіпкерлік рухының үздіксіз белсенділігіне, қабілеттілігіне қарайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті тұтастай алғанда бәсекелік оның тиімді қызмет етуін ынталандыруға алып келеді.

Информация о работе Шағын және орта бизнес дамыту