Шаруашылық субьектілердің ішкі аудиторлық тексерулері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 01:30, лекция

Описание работы

2.1 Шаруашылық субьектілердің ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу мақсаты
2.2 Шаруашылық субьектілердің ішкі аудиторлық тексерулері нәтижесі

Работа содержит 1 файл

Шаруашылық субьектілердің ішкі аудиторлық тексерулері.docx

— 24.51 Кб (Скачать)

 Шаруашылық субьектілердің  ішкі аудиторлық тексерулері

2.1  Шаруашылық субьектілердің  ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу  мақсаты

2.2 Шаруашылық субьектілердің ішкі аудиторлық тексерулері нәтижесі

     

         Ішкі шаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылықтық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.

        Нарықтық қатынастар жағдайында  ішкі шаруашылықтық бақылау оның  бұрынғы ұғынысындағы өзінің  мағынасын жоғалтып барады: оның  орнын мемлекеттік кәсіпорындарда  шаруашылық есеп ынталандырмалы  және меншіктің басқа нысандарының  кәсіпорындарында коммерциялық  ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық  есеп, коммерциялық есеп әр түрлі  бұзулардан сақтануға көбірек  кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі  қызметкердің, кәсіпкердің жеке  ынталылығы өзін-өзі бақылаудың  қажеттігін керек қылмайды. Ішкі  шаруашылық бақылауды  шаруашылық  жүргізуші субъектілердің экономикалық  службалары – бухгалтериялар, қаржы  бөлімдері және т.с.с. жүргізіледі.  Бұл орайда бас (аға) бухгалтер  маңызды рөл атқарады. Мұнда субъектінің  өзінің, сондай-ақ оның құрылымдық  бөлімдерінің өндірістік және  қаржы қызметі бақылаудың объектісі  болып табылады.Әр шаруашылық  органдарда, жергілікті атқарушы  органдарда ішкі шаруашылықтық бақылауды жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау – тексеріс бөлімдері, топтары құрылады. Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері тексерулер мен тексерістер болып табылады. Коммерциялық құрылымдарда (акционерлік қоғамдарда, жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда, биржаларда, банктерде және т.б.) ішкі шаруашылықтық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі, сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.

         Аудиттің мазмұнын анықтамалар  арқылы қарастырғаннан кейін  оның негізгі түсінікті болған  сияқты. Сонымен қатар, аудиттің  мазмұнын одан әрі терендеу  қарастыру мақсатымен біз мына жағдаймен қарастырайық.

1. аудитор-кәсіпкер, табыс  табу үшін кәсіпорындарға қызмет  көрсету. 

2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын,  оған аудитор қорытындысы керек

Ол кезінде басылымға  шығуына кепілдік береді.

3. мемлекет, кәсіпорындардың  жақсы жұмыс жүргізіп табысты  болғанын қалайды, себебі олар  салық төлейді, аудит жұмысына  құштар болу себебі аудитор  тексеру барысында табыстылық  есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды анықтайды.

      Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит төуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс тәртібі жұмыс атқарады. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты.  Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы,  ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.

Аудит қызметі қалыптасқан  елдерде ішкі аудит, үлкен және ортал шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:

1) шаруашылық субъектілерінің  басшылары, әкімшіліктері ішкі  аудит қажет деп тапқан жағдайда  өзіне, ішкі тобын құруға шешім  қабылдап, аудиторлық куәлігі бар  маман іздейді;

2) аудитор маманы мен  кәсіпорын басшылары келісім-шарт  жасасып: аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;жұмыс атқару төртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлемсомасы анықталады.

       Бұл келісім-шарттың заңдылық құқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, қаржылану, төлем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық өзіне   қажет   мәлімет   жинауда   кәсіпорын   басшыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі  аудит  тобының  туәлсіздігі жоғарғы  сатыдағы  аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына,   директорлар   қоғамынын   комитетіне   акпарат тапсырып   отырады.   Сондықтан   да   ішкі   аудит   тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.

         Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.

          Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының  орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау.

         Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

       Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын   ғана   тексеріп   қоймай   басқалай   да   көптеген экономикалық   қызметтер   көрсетеді.    Олар    шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді.  Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады.   Кәсіпорын   шаруашьшығында   аудит   тобы   ішкі бақылаушы болып қана қомай ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.

        Қорыта   келгенде,   ішкі   аудит   кәсіпорын   саласында басқарушылық жұмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы   арнайы   анықталған   "Ереже"   талабына   сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның құрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік    ереже-нұсқаулары    анықталған.    Ішкі    аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының   сапасына,   онда   қарастырылған   талаптардың құндылығына,     кәсіпорынның     экономикалық    саясатына байланысты болады. Ішкі аудит жағдайы өз кезегінде "контракт" келісім-шарты міндетін атқарады.  Себебі, онда ішкі аудит тобының құқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағынан кесіпорын басшыларының құқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі мақсаты, жұмыс көлемі, ішкі бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.

         Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бұл құжаттың жоғарғы сатыдағы құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.

         Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы керсетілген шаруашьшыққа тиісті. Оның ішінде .өңдіріс барысының шығыны, әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шығын, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын және олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақыпау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойьшша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.

         Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақьшау-тексеруді жетілдіру, әсіресе сату барысы, өндіріс шығыны, таза табысты болжау, өндіріске негізгі кұралды енгізу, қаржыландыру көзін қарастыру мәселелерімен айналысады.


Информация о работе Шаруашылық субьектілердің ішкі аудиторлық тексерулері