ҚР-ның сауда саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 11:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады.

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

    Келісімдік  шарттардың құндық бағасы:

    - айырбастың эквивалентілігін (баламалдығын) қамтамасыз ету;

    - тауардың сақтандыру сомасын  анықтау;

    - міндеттемелер орындалмаған кедергі айыппұлдарды есептеу;

    - сапасыз тауарларды жеткізу кезінде  тауардың бағасын төмендету шамасын  есептеу үшін қолданылады.

    Компенсациялық  мәмлелер өзінің мәні бойынша бартерлік (тауар айырбасы) операцияларды білдіреді. Көбінесе өнімге деген өндіріс құралдары айырбасталады. Кәдімгі бартерлік операциялардан компенсациялық мәмлелердің келесідей ерекшеліктері бар:

    - егерде бартерлік операциялар  негізінде тек екі тауар қолданылса, компенсация операция кезінде әрбір тараптан бірнеше тауарлармен айырбас жүргізіледі;

    - бартерлік операциялар кезінде өзара жеткізу құны өте дәл теңестірілуі керек болса, ал компенсациялық операция өзара жеткізу құнының арасында ақшалай айырмашылықтарға жол беріледі. Бұл айырмашылық контрагент келісімшартта көрсетілген барлық келісілген соманы ұсына алмаған жағдайда қалыптасады. Өзара жеткізілген тауарлар құнының арасында пайда болған айырмашылық конверттелмеген сальдо деп аталады. Негізінен бұл импорттаушы елдің экспорттаушы елге қарызы болып саналады. Оның конверттелмейтін деп аталу себебі - бұл ақшаны импорттаушы банктік көшіру арқылы аудара алмайды. Тараптар бұл жағдайда ақша айырмашылығын импорттаушы елдің осы ісі үшін арнайы ашылған шотыңда. сақтайды. Экспорттаушы бұл қаржының қалған қалдығын экспорттаушы елдің шеңберінен шығармай сол елде қолдана алады. Күрделі технологиялық құрылғыларды сату барысындағы компенсациялық операциялар жиі орын алады. Келіссөздер кезінде импорттаушы құрал-жабдықтарды (жабдықтауға дейін) өзіндік арналар арқылы өткізуге шарт қояды. Осылайша импорттаушы өзінің шығындарын төмендетеді. Жабдықтау жөніндегі жабдықтаушының міндеттемесі негізгі импорттық келісім-шартқа қосылады. Мұндай келісімшарт жабдықтаушы міндеттемесі қандайда бір қаржылық кепілдіктерді талап етпейді, өйткені мұндай міндеттеме импорттаушы сатып алатын құрал-жабдықтардың негізгі техникалық шарты болып табылады. Егерде аталған мәміле компенсация жағдайында жүзеге асырылатын болса, онда импорттаушы экспорттың атына өз еліндегі банкте шот ашады. Конверттелмейтін сальдо елден шағарыла алмайтындығына байланысты экспорттаушы бұл сальдоны жарнаманы ұйымдастыруға, ақпараттарды жинау мен талдауға, өкілдік мақсаттарға, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға, командировканың ақысын төлеуге және тағы басқа мұқтаждықтарға жұмсайды. Компенсациялық мәміле келесідей тәртіппен жүзеге асады:

    - контрагенттер тауарлар тізімін  талқылайды;

    - тауарлар тізіміне келісе отырып, олар тізімдердің әрбір ұстанымы бойынша бағасын талқылайды;

    - екі қосымшасы бар келісімшартқа  қол қойылады, оның біріншісінде бір тарап ұсынатын тауарлардың тізімі көрсетілсе, екіншісінде келесі тарап ұсынатын тауарлар тізімі мен конверттелмейтін сальдоның шамасы көрсетіледі.

    Берілетін шикізатты өңдеу  шарттары. Бұл операцияның мәні шикізаты бар, бірақ та осы шикізатты өңдейтін белгілі бір қуаттағы өндірісі жоқ мемлекет, екінші бір мемлекетке өзінің шикізатын өңдеуге беріп, сол өндірілген өнімге өнімнің бір бөлігін ақы ретінде төлейді. Өңдеуге берілген шикізаттан дайын өнім алынса, оны берілетін шикізат деп атайды. Бұл операция өзінің мәніне байланысты бартерлік немесе қарама-қарсы контрактіге жақын. Берілетін келісімшарттардың ерекшеліктері келесі жағдайға келіп тіреледі:

    - ол теңдестірілген валюталық  емес, алдын ала бағаланған және ұзақ мерзімді, өйткені контрагенттердің арасында ұзақ және берік байланыстар орнаған;

    - шикізатты экспорттау және дайын  өнімді импорттау келісімдері  бір ғана келісімшарт арқылы  жасалады;

    - бағалауға шикізат құны, қайта  өңдеу құны, дайын өнім құны  кіреді;

    - келісімшартқа қол қойыларда  өзара міндеттемелер белгіленеді және тасымалдауға және баж төлеуге кеткен барлық қосымша шығындар бағаланады;

    - берілетін шикізаттың жеткізілуі  кезінде келісім бойынша өңдеушінің шығындары ғана емес, сонымен қатар белгіленген пайда алу да қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта келісімшартта шикізаттың әлемдік бағасы, өңдеу бағасы, өңделетін шикізат бағасы көрсетіледі. Жеткізілетін шикізаттың саны қайта өңделетін өнімнің жоспарланған санынан келіп туындайды;

    - уақытында жеткізілмеген немесе  лайықты деңгейде өңделген шикізатқа байланысты есеп айырысулар жеткізілетін шикізат санының түрленуімен жүргізіледі. 

        2.3. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 

    Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесшің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өңдірістік өнеркәспті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгерді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымның принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әр түрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылатн алғашқы қадамдар жасауда.

    Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әр түрлі жолдары бар екені белгілі, батыс ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және онң еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқ сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді шешеді.

    Қазіргі кезде Қазақстан және Өзбекстан  тұрақты халықаралық сауда-экономнкалық байланыста. Аймақтық эксперттердің ойы бойынша республикаға беретін пайдасы мналар:

    а) отандық өнімдерді экспорттауға әдеттегі тосқауылды алу жағдайы әлемдік экономика мен сауда-экономикалық байланыстарды терендетеді, капиталдың ағылу жолдарын халықаралық мамандануға қарай бұрады;

    ә) халықаралық саудадағы тендік, дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін барлық мемлекеттер сияқты сауда қағидалары мен жеңілдіктерге ие болады;

    б) сыртқы сауданы дамытуда ұзақ жылдарға болжам жасау арқылы сауда стратегиясын ойластыру мүмкіндігінің болуы, сондай-ақ отандық кәсіпкерлердің әлемдік нарыққа шығуына жол ашу;

    в) республикалардың дүниежүзілік сауда ұйымына мүше балуынан бастап осы ұйымға мүше елдер тарапынан мейлінше қолайлы жағдай туғызуы;

    г) халықаралық сауда қағидалары мен тараған принциптердің негізінде әр түрлі келіспеушіліктерді реттеу;

    ғ) халықаралық сауда ауқымында болып жатқан хабарлар базасын қолдану мүмкіншілігі.

    Халықаралық сауда жүйесіндегі қауымдастық процесінде сауда саясатының негізгі мақсаттарының аспекттері төмендегідей:

    • Орта Азия мемлекеттерінің халқының гүлденуіне жету мақсатында өзара пайда және тең құқықты сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету;

     сауда тәртібінің мейлінше бейтараптығына қол жеткізу;

    • республикалардың халықаралық сауда ұйымына толық құқылы мүше болуына жетуі.

    Осы жетістіктерге жетудегі республикалар алдына сауда саясатын ұстауда мынадай міндеттер жүктейді:

    • сыртқы және ішкі сауданы одан әрі либералязациялау (босату);

    • халықаралық нарықтың жан-жақты дамыған аймақтық сауда жүйесіне кіргізудегі белсенділігін арттыру,

    • экспорттық салалардың даму жолында экономиканың құрылымын қайта құруды мүлде жетілдіру,

    • сауданы реттеуде қолданылып жүрген халықаралық құқық нормаларын ары қарай жетілдіру,

    • сыртқы және ішкі сауданы дамытуда шетел инвестициясын және несиесін кіргізу,

    • сауда инфрақұрылымының негізгі элементтерін қалыптастыру;

    • экспорттық қадағалауды күшейту.

    Халықаралық саудадағы мемлекеттін рөлі сауда барысындағы тиімді және ашық үш жағдайға байланысты:

    - ұлттық экономиканың дамуы және оны басқару

    - күнделікті ресми қадағалауды жүргізу

    - өнім мен қызмет көрсетуде ірі кәсіпорындарды басқару. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ХЭҚ-та өзінің бағыттарын кеңейтуде. Оған себеп болушы бірнеше факторлар ықпал етті. Негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер (1997 жылдың 1 қантары) төмендегі 1-кестеде көрсетілген.

                                                                                                      6-кесте

    Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер 1997 ж.

КӨРСЕТКІШТЕР  
1. Жалпы ішкі өнім (ЖІӘ) 1,1
2. ЖІӨ, адам басына шаққанда (млн. $) 1275
3. Экспорт, мли. $ (ТМД елдерінен) 6230 (3472)
4. Импорт, млн. $ (ТМД елдерінен) 4261 (2964)
5. Импорт ЖІӨ-ге % есебінде -20,2
6. Экспорт ЖІӨ-ге % есебінде 29,6
7. Сауда сальдосы, млн, $ 1969
8. Төлем балансына  дефицит -1,8
9. Инфляция 30
10. Жумыссыэдық деңгейі, % 4,1
11. Орташа жалақы (АҚШ $-ы) 101,8

 

    Бірақ та сыртқы байланыстар ішіндегі дамыған сыртқы сауда. Оның сандық көрсеткіштері 1 және 2 суреттерде көрсетілген.  

    Қазақстан Республикасының импорттық тауар құрылымы

    5-сурет

    

 
 

    Қазақстанның  басқа елдерге экспортының үлес салмағы 7-кестеде көрсетілген.

    7-кесте 

          2007     2008     2009
    Барлығы (млн. %)     3230,7     4974,4     6230,4
    оның  ішінде ТМД     1905,2     2801,3     3671,6
    %-тік  қатысы     58,97     56,31     58,93
    Дамушы  елдер     635,5

    19,67

    949,4

    19,09

    1226,4

    19,68

    Дамыған елдер     690

    21,36

    1223,7

    24,6

    1332,4

    21,39


 

    Таблицадан көріп отырғанымыздай ТМД елдерініде үлес мөлшері көпшілік орнды алады, яғни 2009 ж. 58,93%. 2010 жылы көбейіп келеді (62% құрайды).

    Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы сауда айналымы 2009 ж. 10491,7 млн. $ (2008 жылғы деңгейлермен салыстырғанда 120%), оның ішінде экспорт - 6230,4 млн. $ (125%), импорт – 4261,3 млн. $ (113%). Оның ішінде негізгі сауда серіктестері Россия (49%), Украина (3%), Өзбекстан (3%).

    Ал  алыс шетелдердің сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы мынадай Еуропа елдері 23%, Германия (4%), Нидерланды (35%), Ұлыбритания (3%), Азия-тынық мұхит аймағында үлес салмағы 13%; Қытай (5%); Оңтүстік Корея (2,5%).

    Ал  дамыған капиталистік елдер мен экспортың үлесі 2009 ж. 21.39%-тен аспай отыр. Бұл елдермен сыртқы сауда байланыстары қалыптасу үстінде. Импорттың құрылымында тұтыну өнімдері және оларды өндіруге кететін шикізаттар басым. Ал экспортттқ саясат көбінше шикізат және жартылай шикізат шығаруға негізделіп отыр. Жақын жылдардағы республика тарапынан экспортты және импортты реттеу мәселесі маңызды және кезек күттірмейтін саясатқа айналуы тиіс. Экспорт пен импортың географиясына қарап мемлекеттік реттеудің басқару әдістерінің әлсіз екенін байқауға болады, ол өздігінен республика экономккасына зиянын тигізеді. Бақылаудың нәтижесінде Қазақстан қуатының дамуына және валюта құралдарының ағымна төмендегідей экономикалық проблемалар мен қиындықтар кедергілер жасайды. Батыс пен Шығыс транспорттық тораптарының болмауы. Барлық транспорт торабының Россия арқылы өтуі. Қазақстанның негізгі шикізат ресурстарын тұтынатын Еуропа елдері болып отыр, ал оған жеткізу жолдары қымбатқа түсуде.

Информация о работе ҚР-ның сауда саясаты