Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 23:57, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алды. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі стандартында және субъектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабында, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Шығындар және оларды жіктеу...........................................................................4
Шығыстың шығыннан айырмашылығы........................................................4
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.................................6
II. Өндірістік шығындардың есебі.......................................................................8
2.1. Шығындарды топтастыру мен бөлу.........................................................8
2.2. Өнім өндірісіне шығындардың есебі........................................................4
III. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................16
3.1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....16
3.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.....................21

Қорытынды..................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсавой ШЫГЫНДАР ТУСИНИГИ.doc

— 216.00 Кб (Скачать)



 

Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыруда екі ұйымдастырушылық аспект бар: қолданылатын бухгалтерлік шоттар жүйесі мен шығындарды топтастыру тәсілдері. Мұндай есепті ұйымдастыруға мына факторлар әсер етеді: қызмет түрі; басқару құрылымы, кәсіпорын мөлшері , ұйымдастыру – құқықтық пішін және т.б.

Техникалық көзқарас өндірістік шығындардың тұрғысынан басқару есебін аналитикалық есеп деп қарайды. Шоттардың жұмыс жоспарын жан-жақтылау дәрежесі басшылардың басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат қажеттілігіне байланысты.

Басқару есебін ұйымдастыру, сонымен қатар есеп объектісіне байланысты, дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары және жауапкершілік орталықтарына қалай айқын топтасуын көздейді.

 

3-Тарау. Өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау

3.1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері  

Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.                                                                                    Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.                                                                                                                      Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.     Калькуляциялаудың міндеті - шығындардың, оны кетеруші бірліктерге, 
яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, өрсетілген кызметтің),бірлігіне қанша болатынын есептеу.                                       Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі - калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.                                                                                                        Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.                                                                                                      Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.                          Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында - төмен. Сондықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында – төмен.

 Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты (өдіріс бойынша жоспарды асыра орындау мен орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т.б. тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.                                                                                                                              Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы ұйымдастырушы -техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді.

Жобалық калькуляция - келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.                                                                                                                   Шамаланған тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өндіру бойынша есептер негізінде жасалады. Бұл калькуляциялардың мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру қорытындыларын алдын-ала анықтау үшін қолданылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау объектісінің өлшеуіші болып саналады, әдетте, өнімнің сәйкес түріне арналған техникалық шарттарда немесе стандарттарда    және    заттай    бейнеленетін    өнім    өндіру    жоспарында қабылданған өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.                                                                                    Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйымдастыруды сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі. Ұқсас белгілері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.                       Заттай (натуральды) бірліктер бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат,погон метр, текше метр, шаршы метр, литр және т.б.) сәйкес келеді.                                                                                                                         Ірілендірілген заттай (натуралды) бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар аяқ киімі, белгілі бір түрдегі шойынның тоннасы, дербестенбеген сыраның гектолитрі, ішкі балықтың центнері, темірбетон бұйымдардың текше метрлері және т.б.) өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер (натуралды) қолданылады.

Шартты-заттай бірліктер  өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін (100%-тік спирт, құрамында пайдалы заттары бар минералды тыңайтқыштар).                                                                                    Құндық бірліктер - көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнім.                                                   Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады (1 нормасағат, 1 нормаауысым).                                                                                                                 Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте қолданылады (тасымалдық тоннакилометр, машинаауысым және т.б.).                                                                                                            Техникалық-экономикалық көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы шығындарды салыстыру үшін (трактор өндірісінің шығынын қуаттылық, бірлігіне, пресс өндірісінің шығынын өнімділік бірлігіне есептелу) қолданады.                                                                                           Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыстыруға болатындай,  баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі.                                                                                                                                   Калькуляциялауға ең алдымен қатысы бар өндірістік шығындар есебі (өндірістік есеп), калькуляциялаудың алғышарты болып табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белігілі бір үлгімен дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірісті басқаруда объективті қажетті процесс болып шығатын өнімнің өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.                                              Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бір мақсатты - өзі өндірген дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірісішілік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға, сондай-ақ пайданы анықтау үшін қажет еді.  Бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың бұрынғы жүйелері бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды ақпарат болмайтын.                                                 Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңдестірген. 

 Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:

  • өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
  • шығарылатын өнімнің ассортименте оңтайландыру;
  • жұмыс  істеп  тұрған  технология  мен  станок  парқын  жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.

Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік қүн жөніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқу себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға лайық технологиялық процестерді және т.б. енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін қолданылады. Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді.Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның     бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.                                                                                                      Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағыны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.                                                                                                                 Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен тұлынылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.                                          Сондықтан, өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын ғана емес, тұластай кәсіпорынның басқару жүйесінің негізгі элементтері болып табылады.

 

3.2. Калькуляциялау  принциптері, оның объектісі мен тәсілдері

Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.                                                                                                                                                        Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құлын калькуляциялау болып табылады.                                                                                    Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді  есепке  алғаннан  кейін  есептеледі. 

Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен өзіндік құлның егжей-тегжейлендірген көрсеткіштері,   мысалы   өнімнің   жеке   түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады.

Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік кұнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары 7 "Тауарлық-материалдық қорлар есебі" бухгалтер есеп стандарттарын және оған әдістемілік ұсыныстарды басшылыққа алады. Өндірістік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.

Кәсіпорын басшылығы нарыққа  көшу  қазіргі  заманғы,  құбылмалы  жағдайында  негізгі  басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың бірі-өзіндік қүн.

Өнімнің өзіндік құны - оның шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құны өндіріс процесінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі құрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан жиналады.

Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді.

•  кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек- 
жарақтары шығындары өндірісті дайындау мен игеру шығындары, өндірісті 
технологиясы және ұйымдастырумен, тапқырлық және үнемділікпен 
байланысты шығындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 
шығыстар; кадр жинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты 
шығыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т.б.);

• өнімді еткізуге: «яғни орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға; делдалдық   қызметке   төлеу,   комиссиялық шығындармен байланысты шығыстар;

• өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ 
олардың өнімнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы 
өндірісті (геология-барлау жұмыстарына, жерді қайта өңдеуге шығындар, 
тамыр жіберген ағашқа суға төлеу) қамтамасыз ету үшін қажетті. Сонымен 
қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік кұнына ақаудан, 
жұмыстың өндірісішілік себептерге байланысты тоқтап қалуынан болған 
шығындар, материалдық құлдылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым (сот 
шешімі негізінде) алуға байланысты еңбекке қабылеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу де кіреді. Басқару есебі жүйесінде озіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік қүн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінгі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік қүн шоттарының әр түрлі тәсілдері (қандай басқару міндеті шешілуіне байланысты) қолданылуы мүмкін.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау