Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 20:10, реферат

Описание работы

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды. Өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Работа содержит 1 файл

93_30A.doc

— 53.00 Кб (Скачать)

 

 

Тақырыбы: «Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькуляциялау  – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды. Өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Қазіргі заманға  экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің  өзіндік құнын экономикалық есептеу  жүйесі деп белгілейді.

Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оның көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің, бірлігіне қанша болатынын есептеу.

Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны  ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың  әртүрлі түрін айқындайды.

Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.

Жоспарлы калькуляцияның бір түрі – сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.

Жобалық калькуляция  – келешектік калькуляцияның бір  түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін  анықтау үшін қолданылады.

Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері

Шығынды есептеу  мен калькуляциялау тәсілін кәсіпорын  өз бетінше таңдайды, өйткені жеке жағдайлардың бірқатарына: саланың  кімге тиесілілігіне, қолданылатын технологияға өнім ассортиментіне және т.б. байланысты.

Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау әртүрлі тәсілдермен  жүзеге асады. Калькуляция тәсілі –  калькуляциялық бірліктің өзіндік  құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау тәсілін талдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдің ұзақтығына шығарылатын өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты.

Шығынды есептеу  мен калькуляциялау тәсілдерін 3 белгі  бойынша топтастыруға болады:

  • шығын есебі объектілері бойынша: - процестік;
              • бөлістік;
              • тапсырыстық;
  • шығын есебінің толықтығына қарай:

- толық өзіндік  құнды калькуляциялау;

- толық емес  өзіндік құнды калькуляциялау;

  • шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:
  • нақты өзіндік құн есебі;
  • нормаға сай шығындар есебі.

 

Калькуляциялаудың процестік тәсілі. Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретін не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады. Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші энергетика салаларында қолданылады.

Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі. Бұл тәсіл кеңінен тараған. Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорында қолданылады. Калькуляциялау объектісі ретінде бөліс деп аталатын өндіріс кезеңі болғандықтан, бұл тәсіл бөлістік деп аталды. Мұндайды жартылай өнімді шығарумен аяқталатын технологиялық процестің біткен бөлігі бөлістік деп түсіндіріледі. Жартылай өнімнің бөлінуі оның өз пайдалану бағыты  бойынша, яғни басқа жаққа өткізілуі мүмкін болған жағдайда жүзеге асырылады.

Калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілі. Бұл тәсіл бұйымға, жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұган дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.

Толық өзіндік  құнды калькуляциялау. Біздің тәжірибемізде толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрде жүргізіледі. Толық өзіндік құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама деліліп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпрынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі; сосын таңдалған бөлу базасын өнімінің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.

Толық өзіндік құн негізінде  кәсіпорын басшысы өнімнің пайдалылығы  мен шығындылығы, болашақта оны  өндірудің мақсатқа сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар жасайды.

Толық өзіндік құн бойынша  есептеу жүйесінің біздің пікірімізше, бірқатар жақсы жақтары мен олқылықтары  бар. Толық өзіндік құн бойынша  есептеудің тиімді жақтары:

    • ҚР-нда қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілерге сәйкестік;
    • Аяқталмаған және дайын өнімнің құнының байыпты бағалау

Есептеудің  бұл жүйесінің елеулі оқылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

    • Өнімнің өзіндік құнына оны өндіруге тікелей қатысты емес шығындар кіреді;
    • Жанама шығыстарды есептен шығарған жалпы бөлу базаларын қолдану салдарынан калькуляциялау объектілерінің өзіне тән даралығы жоғалады;
    • Өнімге сұраныс азайғанда, қоймадағы дайын өнім қорына тұрақты қосымша шығыстар капиталданады;
    • Өзіндік құнды жоспарлы калькуляциялауда жоспарлы пайда алдын-ала қарастырылады, шын мәнісінде ол зиянның тәуекелділігін жою мақсатында жасалады.

Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды  калькуляциялау мен «директ-костинг» жүйесіндегі есептің ерекшеліктері

Шығындарды  өнімнің өзіндік құнына толық  енгізу тұрғысынан толық өзіндік  құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық  қамтамасыз етпейді. Сондақтан халықаралық  практикада «директ-костинг»  шектеулі өзінік құн есебі жиірек қолданыла бастады. «директ-костинг» жүйесінің негізіне салынған басты принцип – өзгермелі және тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану. Бұл жүйе әрқилы елдерде әртүрлі аталады. Германия мен Австрияда «бірен саран шығын есебі» немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда - «Маржиналды шығындар есебі»; Францияда – «маржиналды есеп» термині қолданылады.

«Директ-костинг» жүйесінің айрықша ерекшеліктері  бар:

    • Өндірістік шығындар өзгермелі шығындарға және тұрақты шығындарға бөлінеді;
    • Өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуляциялау;
    • кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.

Шығындарды  және калькуляциялаудың нақты жеке нормативті тәсілдері

Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен – оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құнның нормативті тәсілмен өндіріс процесінде калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады. Шығындар есебінің нормативті тәсілін қолданудың мүмкіндігімен қажеттілігі туралы шешімді қабылдау нормалар мен шығыстар сметасын дайындау мен үнемі түзеу жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс. Басқаша айтсақ, ұйымдық құрылымда негізгі нормамен нормативті қалыптастыруды нақты шағындардың нормативтілерден ауытқуы талдауды, ус жүзіндегі норманы түзеу мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар әзірлеуді, өнімнің нақты өзіндік құнын азайтуды жұзеге асыратын арнайы бөлімшеніің бар болуы қарастырылған. Мұндай жағдайсыз есептің нормативті тәсілін енгізу ұйымға нақты пайда әкеле алмайды. Екі тәсілде түпкілікті шотта өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау мен көрсетуге бағытталған, бірақ біріншісі – шығындарды тікелей есептеу жолымен, ал екіншісі – нормадан ауытқуы арқылы көрсетеді.

Нақты шығынды есептеу мен нақты  өзіндік құнды калькуляциялау тәсілі

Нақты шығындарды есептеу – қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көрсетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды  дәйекті жинақтау тәсілі. Нақты өзіндік құн есебінің жүйесі өз еліміздегі кәсіпорындарда дәстүрі және кең тараған болып табылады және белгілі принциптерге сай жүргізіледі:

  • өндіріске шыққан алғашқы бастапқы шығындарды бухгалтерлік есептің шоттары жүйесінде толық көрсету;
  • шығындарды өндіріс процесінде пайда болған сәтінде есептік тіркеу;
  • шығындарды өндіріс түрлері шығыс сипатына, пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша жинақтау;
  • нақты шығындарды есеппен калькуляциялау объектілеріне қатысты ету;
  • нақты көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыру.

Стандарт  – кост жүйесі және өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау

Бұл жүйе өткен  ғасырдың  20-шы жылдардың басында  АҚШ-та пайда болды. Өнім бірлігінң  өзіндік құнын есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған болатын. Стандарт-кост тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің үлгісі болып табылады.

Отанымыздың экономистері америкалық ғалым Д.Ч.Гаррисон 1933 жылы аударылып жарық көрген «Стандарт-кост» кітабы арқылы оның идеясымен танысты.

Басқару техника университеті бұл жүйені іс жүзіне асыру және тәжірибеде қолданудың жолдарын бөлшектеп  оқып білуді қолға алады. Мәселені шешуде нормативтік шығын есебінің әдісі түрінде осы жүйені көрсету арқылыпрофессор М.Х.Жебрак үлкен үлес қосты.

«Стандарт-кост» жүйесінің  мағынасы есепке не болғаны емес, болуы  тиіс нәрсе кіреді, нақты шындық емес, міндеттісі ескеріледі, әсіресе  пайда болған ауытқушылық көрініс табады.

Бұл жүйенің алдына қойған негізгі мақсаты – кәсіпорындағы  пайданың ауытқуы мен шығын есебі. Оның негізінде материалдардың, энергияның, қосымша уақыттың, еңбектің және басқа  қандай да бір өнімді немесе жартылай әзірленген өнімді дайындаумен байланысты шығындардың мөлшерін нақты анықтау жатады және де бұл нормалар қайтадан орындалмайды. Оларды тіпті 80%-ке орындау жұмыстың сәтті болғанын білдіреді. Норманың асып түсуі оның қате белгіленгенін көрсетеді.


Информация о работе Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері