Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Декабря 2011 в 21:38, дипломная работа

Описание работы

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді. Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………..3
Негізгі бөлім
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері…....4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні……….....7
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
классификациясы………………………………………………....12
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау………………………………...16
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі…....….21
Қорытынды…………………………………………………………...28
Пайдаланылған әдебиеттер……………………

Работа содержит 1 файл

Кәжікбаева Маусымжан.doc

— 127.00 Кб (Скачать)
      • бәсекелестер  бекіткен  осы  сияқты  өнімдердің  бағасы;
      • берілген  өнімге  сатып  алушы  төлеуге келісетін-баға;
      • сапасы  жағынан ұқсас  басқа  бұйымдар  бағасымен  салыстыру;

      Мысалы, кәсіпкер  өз  шығындарын (тікелей  және  жанама)  жабқысы  келеді,  және  20%  табыс  алғысы  келеді:

      Толық  өзіндік  құн                              20,89 тенге

      Табыс                                                     4,18  тенге 

      Сату  бағасы                                          25,07 тенге

      Бұл  жағдайда  кәсіпкер  сатудан  20%  табыс  ала алмағанын  көруге  болады. Табыс  тек  қана  16,8%-ды  құрайды  (ол  4,18  және  25,07  арасындағы  қатынаспен  есептелген) және  табсы  нормасы  ( маржасы)  деп  аталады.Бұл  жерде  есептелген   баға,  тек  өнімді  өткізуге  қажетті  бағаны  ғана  көрсетеді. Осындай  сападағы  нанды  фирма  22  теңгеге  сата  отырып  ( толық  өзіндік  құннан  жоғарырақ),  фирманың  жақсы  табыс  табуы  қиынға  соғады.  Сондықтанда  фирма  өзіндік  құнды  осы  өнімге  ұқсас  өнім  өндірушілердікінен  жоғары  болмайтындай  етіп,  түсіруі  қажет  болады. Егер  өзіндік құн  құрылымын  қарастыратын  болсақ,  фирманың  өндіретін  наны   басқа  бәсекелестердікіне  қарағанда дәрумендендірілген.

      Фирмаға  осы  ерекшелікті  ескеру  қажет,  осы  ерекшелікті тұтынушыға      жеткізу      үшін      фирма     сәйкесінше    ақпараттық     және

жарнамалық  компанияның  қызметін  қолдану  қажет, бұл  компанияның  көмегімен  фирма  өзінің  өнімінің  басқа  өндірушілер  өнімімен  салыстырғанда  қосымша қаситтері бар екенін  жария ете алады.  Оған тұтынушыларды өзінің  өнімінің   бағасының жоғары  болуының    себебі  әртүрлі дәрумендермен   байытылғандығына  байланысты  екенін  сендіру қажет.  Басқа жағдайда фирмаға басқаша стратегияны  таңдау  қажет  болады,  тіпті  өндірістік  шығындарды  азайтып  және  өз  өнімінің  бағасын  нарықтағы  бағамен  теңестіру  үшін  витаминдерден  бас  тартуға  мәжбүр  болады.  Әйтпесе, оның  өнімі  нарықтағы  бәсекелестердің  өнімінен  жеңілу  қаупі  болады.Бұл  жағдайда  өнімді  қандай  бағамен  сатуға  тырысатын  әр  түрлі  нұсқаларды  қарастыру  қажет.Әрине,  өнімге  бағаны  құн  арқылы  орнату  тәсілінен  басқа  да  нұсқалар  бар.

      Өндірістің  жаңа  жүйесі  шаруашылық  ерекшелігін,  шығын  дәрежесін,  өнім  сапасын ескере  отырып  дұрыс баға  жүйесін жасауды талап етеді.  Бірақ кәсіпорындардың өндірісін тиімділік жағынан теңестіру үшін  өнім  түрлерінің  сату  бағасына  жоспарлы  түрде үстеме  қосылады  немесе  кемітіп сатуға  пайыз белгіленеді.  Бағаны  белгілеу  үшін  салалық  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  алады,  сонан  соң  оған  өзіндік  құннан  белгіленген  мөлшердегі  рентабелділікті  (сомасын) қосады.  Сөйтіп  пайданы  өзіндік  құнмен  салыстырып  дұрыс  баға  белгіленеді.  Пайданы  толық  өзіндік  құнан  белгіленген  рентабелділік  арқылы есептеп   шығарады.  Өндірісті  одан  әрі  дамыту  үшін  өнімді  сатқаннан  түскен  ақша  барлық   жұмсалған  шығыннан  (өзіндік  құннан)  артып,  қажетті  мөлшерде  пайда  әкелуге  тиіс. 
 
 
 

Қорытынды

      Сонымен,  кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады.  Кәсіпорын  табысы  өндірісіне  шығындар  тәуелді  болады.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар- ол  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады. Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді. Өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі сомасын көрсетеді. Өзіндік құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің өзіндік құнына  барлық  жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады. Кәсіпорын өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік  құн  төмен  болса,   соғұрлым   өндіріс   тиімділігі   жоғары   болады. Кәсіпорынның  өндіріетін  әрбір  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  біле  отырып, сатып алушыға  осы  өнімнің  өткізілу  бағасын  немесе  құнын  анықтауға  болады. Өзіндік   құнды    азайтудың    ерекше    мәні   бар,  ол   пайданы   молайтудың   басты   көзі.  Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Пайдаланылған  әдебиттер

    1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика  предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
    2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. .  Экономика  предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
    3. Жалпы  экономикалық  теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы  ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
    4. Калдыбаев О., Темирбаев А.  Экономика  предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
    5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие  успеха/ В помощъ  предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
    6. Сабырбаев Б. Экономикалық  орысша-қазақша  түсіндірме  сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
    7. Экономика  предприятия: Учеб. Для  вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.
    8. Экономика  предприятия: Учебник/ Под  ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.
    9. Экономика  предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.
    10. Экономика  предприятия: Учебник/ Под  ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999
    11. Экономика  предприятия: Учеб. Для  вузов  / Под  ред. Проф  В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд, перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000

Информация о работе Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу