Ұйымдарда еңбекті нормалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 14:25, курсовая работа

Описание работы

Еңбекті нормалау мәселелеріне қатысты тараптардың өндіріс мен еңбек өнімділігін арттырудың еңбек сыйымдылығын төмендету және өнім шығару көлемін арттыру бөлігіне қатысты міндеттемелері нақтыланады, өндіріс жағдайларын жетілдіру, жаңа нормалар енгізу және қолданыстағы нормаларды ауыстыру көзделген жұмыс түрлері, азайтылған нормалар енгізілетін персонал санатының түрлері және оларды азайту көлемі айқындалады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
Ұйымдарда еңбекті нормалау..................................................................
Жалпы ережелер........................................................................................
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу....
Жұмыс әдістемесі......................................................................................
Бастапқы деректерді математикалық әдістермен өңдеу.......................
Еңбек процестері және оларды сыныптау..............................................
Еңбек процессінің құрылымы..................................................................
Еңбек шығындарының нормативті шамасына әсер ететін факторлар.
Еңбекті нормалау әдістері........................................................................
Еңбек нормаларының түрлері..................................................................
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар.......................



Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Работа содержит 1 файл

Еңбекті нормалауды ұйымдастыру.docx

— 76.48 Кб (Скачать)

қадағалауды жүргізуге арналған  жұмыс орындарын таңдау және  жұмыс орындарында  жекелеген өлшеулерді  іріктеп жүргізу;

еңбек шығындарының шамасына әсер ететін факторларды  белгілеу;

кестелердің  макеттерін және  нормативтік  материалдардың жинақтарын  алдын ала әзірлеу.

Екінші  кезең:

хронометраждық, фотохронометраждық қадағалауларды, жұмыс  күнінің фотографиясы мен  басқа да зерттеу  жұмыстарын жүргізу;

жиналған  материалдарды алғашқы өңдеу; 

Үшінші  кезең:  

нормативтік қадағалау материалдары  жөніндегі  бастапқы деректерді жүйелеу;    

еңбек шығындарының шамасына әсер ететін негізгі  факторлардың  тізбесін айқындау;

әсер  етуші факторлардың мәндері мен  еңбек шығындарының шамасы арасындағы тәуелділіктің  эмпирикалық формулаларын  шығару;

кестелер  мен жинақ  макеттерін  айқындау;

нормативтік шамалардың  есептерін жүргізу;

жинақ жобасының және  оның түсіндірме жазбасының 1-реадакциясын дайындау;

Төртінші  кезең:

1-редакциядағы  жинақ жобасын өндірістік жағдайларда  сынамалау тәртібі туралы  нұсқамалық  материалдарды дайындау;

сынамалау  нәтижелерін  өңдеу және  жүйелеу;

қосымша материалдар жинау.

Бесінші кезең:

өзгерістер  мен толықтырулар енгізу (жинақтың 2-редакциясын дайындау);

жинақ жобасына түсіндірме жазба дайындау;

жинақ жобасын  белгіленген тәртіппен бекіту. 
 
 

                                                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Техникалық  тапсырма  

   Техникалық тапсырма мынадай бөлімдерді қамтиды;

әзірленетін жинақтың нысаны. Бөлімде орындалатын  жұмыстың мақсаты,  жинақтың  қолданылу саласы (жұмыстың түрлері мен өндіріс үлгісі), орындалатын жұмыстардың жалпы еңбек сыйымдылығы мен жинақтың қолданылуынан күтілетін  нәтиже айқындалады.

   Жұмыстың мазмұны мен оның орындалу дәйектілігі.  Бөлімде мыналар келтіріледі:

кезеңдер  бойынша жұмыстың қысқаша мазмұны;

жұмысты орындаудың дәйектілігі;

жинақты әзірлеу кезінде пайдалануға  ұсынылатын  негізгі бастапқы материалдар;

жинақты әзірлеуге тартылатын ұйымдардың тізбесі, олармен бірлесіп жұмыс істеудің тәртібі;

жинақты сынамалау жүргізілетін  ұйымдардың   тізбесі.

   Негізгі жұмыс кезеңдері мен олардың орындалу мерзімдері. Бөлімде  жұмысты кезеңдер бойынша  орындаудың еңбек сыйымдылығы (құны),  әр кезең бойынша  жұмыстың басталу және аяқталу кезеңдері айқындалады.

   Ұсынылатын материалдардың тізбесі. Бөлімде  нормативтер жинағын  келесі бекіту үшін  тапсырыс берушіге ұсынылатын материалдар көрсетіледі.

Бұл материалдардың ішінде:

техникалық  тапсырма;

нормативтік жинақтың 1-редакциясының жобасы;

нормативтік жинақтың 1-редакциясының жобасына ұйымдардан келген пікірлердің жиынтығы;

жинақты  өндірістік жағдайларда сынамалау нәтижелері бойынша  ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған жинақтың                        2-редакциясының жобасы бастапқы материалдар болып табылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жұмыс әдістемесі  

   Жұмыс әдістемесі нормативтік материалдарды жобалау  әдістерін, сондай-ақ,  оларды өндірістік  жағдайларда тексерудің тәртібін айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Әдістемеде мынадай негізгі бөлімдер  көзделген болуға тиіс:

1. 

Негізгі бөлім.

2. 

Нормаларды  жобалауға дайындау және  бастапқы деректерді жинау.

3. Бастапқы  деректерді талдау,  жұмыстың ұйымдық-техникалық  шарттарының норма есептерін ресімдеу.

4. Жобаланған  нормаларды өндірістік жағдайларда  сынамалау.

«Нормаларды жобалауға дайындау және  бастапқы деректерді жинау» бөлімінде:

жұмыс орындарындағы ұйымдық-техникалық жағдайларды  сипаттайтын материалдарды жинау жөнінде нұсқаулар;

олардың жұмысына қадағалау жүргізу үшін нақты қызметкерлерді  іріктеу жөніндегі нұсқаулар;

уақыт шығындарына әсер ететін факторлардың мәндерін айқындау, қадағалауларды жүргізу  және  алғашқы өңдеу (қадағалаулардың түрі, көлемі, дәлдігі,  өлшем бірлігі, жұмыс көлемі, фиксаж нүктелері,  қадағалауларды жүргізудің және нәтижелерін өңдеудің тәртібі), аспаптардың,  өлшеу және бақылау аппаратураларының көрсеткіштерін айқындау жөніндегі ұсынымдар;

қолданыстағы  нормативтерді, нормалар мен олардың орындалуы туралы деректерді жинау жөніндегі  нұсқаулар келтіріледі.

Қажетіне  қарай  жұмыс әдістемесіне  қадағалауларды жүргізу және алынған нәтижелерді  өңдеу үшін  бланкілердің үлгілері қоса беріледі.

«Бастапқы деректерді талдау,  нормативтерді жобалау, нормативтік кестелерді әзірлеу және жинақ жобасын  (1-редакциядағы) дайындау» бөлімінде:

жиналған  бастапқы   материалдарды талдау;

олардың мәндеріне қарай нормативтер  жобалануға тиісті факторлардың   әсерін зерттеуге және оларды таңдауға;

таңдап  алынған  факторлардың  градациясын айқындауға және нормативтерді  жобалауға (қажет болған кезде солар бойынша нормативтердің  формулалары мен  үлгілері келтіріледі);

нормативтер кестелерінің дәлдігіне,  ірілендіру дәрежесіне, құрылымына (кестелердің макеттері);

жинақтың  тұтастай құрылымына және  оның бөлімдерінің мазмұнына (жалпы бөлімге, жұмыстарды орындаудың ұйымдық-техникалық шарттары мен еңбек әдістері, нормативтік және анықтамалық бөліктер келтірілген бөлімдері)  қатысты әдістемелік нұсқаулар келтіріледі.

«Жобаланған нормаларды өндірістік жағдайларда  сынамалау» бөлімінде нормативтер  жинақтарын  ұйымдарда сынамалаудың  мақсаттары мен міндеттері жазылады.  
 
 
 
 

                                   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Нормативтік кестелердің макеттерін  әзірлеу  

   Нормативтік кестелердің макеттерін  әзірлеу деп, уақыт шығындарының шамасын орналастыру көзделген кестенің нысанын алдын ала таңдау ұғынылады. Алдын ала әзірленген макетке қарай бастапқы деректерді жинау жүргізіледі,  қадағалаулар өткізіледі. Кестеде  ұйымдық-техникалық жағдайлар мен  нормаланатын  жұмыстардың еңбек сыйымдылығына әсер етуші факторлардың сандық мәндері  беріледі.

   Кестелердің макеттері:

нормаланатын  еңбек әрекеттерінің, тәсілдерінің немесе  олардың кешендерінің мазмұнын жан-жақты жазуды;

жұмысты орындаудың  ұйымдық-техникалық  жағдайларының суреттемесі;

осы операцияны орындау кезінде уақыт шығынына әсер етуші факторлардың анықтамасы;

әсер  ету факторларының және олардың  арасындағы бағдарлық интервалдардың шекті мәндерін белгілеу;

еңбек процесі элементтерін ірілендіру және нормативтер кестелерін  ыңғайлау кезіндегі  қажетті дәлдік деңгейі  туралы нұсқаулар көзделуге тиіс.

    Нормативтік материалдарды біріздендіру және олардың  пайдаланылуын жеңілдету үшін  нормативтік тәуелділіктердің барлығын  кесте түрінде көрсеткен дұрыс.

   Нормативтік кестелер:

уақыт нормативі белгіленетін, нормаланатын операцияның еңбек әрекеттерінің  құрылымын суреттеумен және орындалу дәйектілігімен;

кестеде нормативтер келтірілетін өлшеуіш  нұсқауларымен;

нормаланатын  жұмыс нұсқасын дұрыс  түсінуге жәрдемдесетін әрі нормативтердің түрліше  түсіндірілуіне жол бермейтін қажетті схемалармен,  эскиздермен және түсіндірмелермен толықтырылуға тиіс.

Кесте макеттерін әзірлеу кезінде тәуелсіз ауыспалының (әсер ету факторының) атаулары мен  сандың мәндері,  тұтастай кесте сияқты,  жекелеген ішкі шағын бөлімдерде де нормативтердің  қажетті дәлдігі талаптарына немесе  практикалық тәртіп талаптарына (қажетті шамаларды  жылдам табу және .б.) орай  белгілі бір жүйемен  келтіріледі.

Кесте макеттерін құрастыру кезінде факторлар  мәндері интервалдарының  дұрыс таңдалуына және нормативтердің қосалқы кестелік мәндерін  айқындауға  назар аударылуы қажет, бұл  келтірілетін сандық материалдың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыстарды орындаудың жекелеген  нұсқаларына арналған нормативтердің кестелік мәндерін  тиісті коэффициенттермен  ауыстырудың және кестенің анағұрлым  қарапайым түрін  таңдаудың тиімділігін белгілеу қажет.

    Өлшеуіш  нормативтердің сапасын анықтау кезінде  негізгі көрсеткіштер болып табылатын,  олардың талап етілетін дәлдігі мен универсальділігіне қарай  таңдалады.

    Нормативтердің универсальділігі нормалау үшін норматив  пайдаланылатын операциялардың санымен бағаланады.

Жедел нормалау үшін нормативтер универсальді ғана емес, сонымен бірге, шамалы уақыт  шығынымен еңбек нормасын берілген дәлдікпен жобалауға мүмкіндік беретіндей болуы қажет. Сондықтан универсальділік туралы мәселені нормативтердің дәлдігі және оларды ірілендіру деңгейін анықтаумен  бірге шешу қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Нормативтік жинақ  макетін дайындау  

    Нормативтік  жинақтың атауы онда келтірілген  нормативтердің қандай екенін айқындауға болатындай болып қалыптастырылуға тиіс. 

Нормативтік  жинақтың атауында (немесе  мұқаба парақтың басқа жерінде) мынадай деректер көрсетіледі: нормативтік материалдардың түрі; олардың қолданылу саласы; өндіріс түрі, оларға арналған жұмыстардың түрі;  еңбек құралының түрі; жабдықтың  түрі мен үлгісі.

    Мұқабалық парақ  белгіленген тәртіппен толтырылады,  жинақтың аты,  «Келісілді» және «Бекітілді» грифтері көрсетіледі, нормативтік  жинақтың екінші парағында  оны әзірлеген  ұйым,  әзірлеуші-ұйым жататын сала,         сондай-ақ нормативтік жинақтың әзірленген жылы, оның  қолданылу мерзімі көрсетіледі.

    Нормативтік  жинақ  мынадай бөлімдерді қамтуға тиіс:

Жалпы бөлім;

   Қолданылатын  жабдықтың  сипаттамасы мен  жұмыс технологиясы;

Еңбекті ұйымдастыру;

Нормативтік бөлім.

Жалпы бөлімде  жинақтың  қандай жұмыстарға  және өндірістің қандай түріне арналатыны көрсетіледі; негізінде осы нормативтік жинақ әзірленген  материалдардың тізбесі келтіріледі; жинақты қолданудың шарттары, жинақты қолдану туралы жалпы әдістемелік нұсқаулар; негізгі формулалар мен осы нормативтер бойынша еңбек нормаларын есептеудің мысалдары беріледі.

Бұл бөлімде,  сондай-ақ, әзірленген нормативтік шамаларды өлшеу бірліктері беріледі және жинақтағы  қызметкерлердің кәсіптері мен  жұмыс разрядтары   алынған  тарифтік-біліктілік  анықтамалыққа сілтеме жасалады.

Информация о работе Ұйымдарда еңбекті нормалау