Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 19:47, реферат

Описание работы

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- баға тұрақтылығы

- халықтың толық жұмысбастылықтығын қамтамасыз ету.

- экономикалық еріктілікті қамтамасыз ету.

- сыртқы экономикалық жағдай.

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты.docx

— 39.83 Кб (Скачать)

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі  мақсаты – экономиканың қалыпты  дамуын қамтамасыз ету.

    Міндеттері:

    -     баға тұрақтылығы

    -     халықтың толық жұмысбастылықтығын  қамтамасыз ету.

    -     экономикалық еріктілікті қамтамасыз ету.

    -     сыртқы экономикалық жағдай.

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің зерттеу  пәні, объектілері – қоғамдағы  экономикалық құбылыстар, процестер, әр түрлі шаруашылық салалары.

    Субъектісі  – мемлекет, мемлекеттік органдар.

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері:

    2-ге  бөлінеді – административті.

    1) Административтік әдістер – құқықтық инфрақұрылымды құрумен байланысты.

    Административтік  әдіс мыналарға негізделеді:

    - тыйым салу;

    - рұқсат ету;

    - сөгіс беру;

    - айып салу;

    - т.б. жазаларды пайдалану.

    2) Экономикалық әдістер – жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруіне, ұлттық өндіріс көлемінің өзгеруіне, халық шаруашылығының барлық салаларының іс-әрекетіне әсерін тигізеді. Экономикалық әдіс екіге бөлінеді:

    а) тура әдістер:

    -    мемлекеттік тапсырыс;

    -    инвестиция бөлу;

    -    дотация, субсидия.

    ә) жанама әдістер:

    -    салық салу;

    -    болжау;

    -    жоспарлау;

    -    бағдарламалау;

    -    несие беру.

    Мемлекеттің атқаратын қызметі:

    1) Қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік саясатты жүзеге асырады.

    2) Нарықтық экономикада бәсекелі ортаны қамтамасыз ету үшін монополияға қарсы саясатты жүргізеді.

    3) Айналымдағы ақша массасын реттеу мақсатындағы ақша-несие саясаты жүргізіледі.

    4) Экономиканың бәсекеқабілеттілігін, индустриалды дамуын қамтамасыз ету үшін – инвестициялық-инновациялық саясаты жүзеге асырылады.

    5) Аймақтық саясат – дотацияны қай аймаққа салу. Аймақтық дамуды реттеу мақсатында аймақтық саясат. Дамыған, дамымаған саясат.

    6) Сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында – сыртқы экономикалық саясат жүзеге асырады.

    Ұлттық  өндірісті шетелдік бәсекеден қорғау мақсатында – протекционистік саясат жүзеге асырылады. 
 

I. 1  Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық- методологиялық негіздері

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің обьективті негіздерін қарастыруға кіріспестен  бұрын,  ең  алдымен  осы  түсініктің  өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі   білімнің кез  келген  саласы “оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары  жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады” Біздің ойымызша, экономиканы  мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық  процестеріне олардың  тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық  тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік - экономикалық және ұйымдық - құқықтық негізде араласуын білдіреді.   

 Мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруға  кіріспестен  бұрын  оларды,  былайша  айтқанда, ұғымдық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе “таза қоғамдық тауарлар”, яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.

Адамзат тарихы мемлекеттердің  пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс - әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын  айқын көрсетіп  отыр. Соңғы жағдай,  яғни күштеу  іс-әрекеттері обьективті түрде белгілі бір материалдық - техникалық және интелектуалдық қорларды  елдің қорғаныс  қабілетін қажетті  деңгейде  қамтамасыз ету  үшін  бөлуіне  мемлекетті мәжбүр етті.  Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі.

Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды  өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының  күшеюі  мен тығыздылығынығ “сыртқы әсерлері” болып табылады.  Адамдардың  өндірістік  тұтыну  қызметінің   сыртқы  әсері  ретінде пайда болатын бұл  мәселенің  шешімі ең  алдымен мемлекеттің  араласуын талап  етеді. Сонымен, мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі қандай?

Белгілі  шарттылықпен алғанда  өзара  байланысты  экономикалық көрсеткіштер  жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін - микраэкономикалық, ал жоғарғы  деңгейін  макроэкономикалық  көрсеткіштер  құрайтын  пирамида  түрінде елестетуге  болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің  бірқалыпты түйісуі  пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық салалық оргондарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері  басым  болып  келеді.

Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу - мемлекеттің  макроэкономикалық  тұрғыда  қолданатын  іс - әрекетіекендігін атап өту керек.  Бұл-үкіметтің болжамы емес,  оның обьективті  қажеттілігі,  өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі   мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасық ету мәселесін  мемлекетке  қалдырады.  “Макроэкономикалық тұрақтылық” түсінігі де толықтыруды талап етеді. Оның мағынасы  - макро көрсеткіштердің өзара байланысқан жүйесі экономиканың өткен кезеңге қарағанда  ілгерлеуін сипаттайды.            

Қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік – экономикалық дамудың ғылымы негізделген мақсаттарына қол жеткізуін қарастырып отырған құралдар құрамына халық шаруашылықтың басымдықтары дәл осындай ғылыми негіздеу қажетті орнын алмағандығын еркше атап өту керек.  Бұл құралдың басқалардан қағидалы түрдегі ерекшелігіне көңіл аударғымыз келеді: Ол экономика дамуының мақсаты мен оны мемлекеттік реттеу арасында аралық жағдайды қамтиды. Осы тұста мақсатқа экономикалық басымдылықтар  бағынышты сипат алады және оныңмәнісін білдіреді, ол мемлекеттік реттеуге қатысты – бастапқы  орында болады. Бұл реттеудің көптеген механизмдері, алдын ала белгілі экономикалық басымдықтарды қамтамасыз ету арқылы мақсатқа жетуге қызмет ететіндігін білдіреді. 

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды  негізге ала отырып, мемлекеттік реттеудің бастапқы қалпы мен оның негізгі  бағыттарын бейнелейтін келесі суретті ұсынуға болар еді (1 сурет). Онда да оны айтарлықтай жеңілдету мақсатымен реттеу мехпнизмдері  толықтай көрсетілмеген.

Айта кететін бір жағдай, жалпы нарық бірнеше механизмдермен реттеледі. Бірінші – нарықтық өзін-өзі реттеу механизмі. Оған сұраныс пен ұсыныс және Адам Смидтің айтуы бойынша “нарықтың көрінбейтін қолы” – бәсекелестік жатады. Екінші – фирмалық, фирмааралық реттеу мезанизмі. Бұл жағдайда экономика  фирмалардың өзара келісім – шарт жасауы арқылы реттеледі. Үшінші  - мемлекеттік реттеу механизмі туралы осы оқулықта сөз болып отыр. Төртінші мемлекет аралық реттеу механизмі. Мемлекет басқа мемлекеттермен бірлесіп  экономикалық қоғамдастық немесе одақ құрған жағдайда, қоғамдық басқару органы қабылдаған шешім мемлекеттің экономикасы үшін міндетті болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік  реттеу методологиясына оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік  реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама  (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады.

Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасын әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипаты болады, яғни белгілі бір обьектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.

Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ  барлық шаруашылық субьектілер үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қарекеттің шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты

к реттеу әдістері     

 Енді экономикалық  процестерде әсер ету үшін  мемлекет әдістерінің кейбіреуін  қалай қолданады, осыған тоқтала  кетейік:

Қазыналық  саясат – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан  жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе – теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Несие ақша саясаты.  Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

а) несиенің пайыз  нарқының өзгеруі. Мысалы, өндіріс салаларын дамыту үшін пайдаланылатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен болғаны абзал;

ә) эмиссиялық банктің  есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы (дисконттық) - бұл банк вексельднрін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқы мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банктен өндіріа алынатын қарыз пайызының нормасы.

б) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумын арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері ақша салымдарынанжәне міндетті ақша салымдарынан тұрады. Орталық банк, міндетті ақша салымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспансиясына мүмкіндік туғызады;

в) “ашық нарықтағы  операциялар”. Бұл жағдайда мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді. 

Бағаны  және табысты реттеу саясаты.  Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша түкелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салынады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне тартылмайды. 

Әкімшілік реттеулер.  Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік)  бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағыттылған бақылау және басқа да осы секілді істер кіреді.  

Қысқа мерзімдік реттеулер.Оның мақсаты - бірнеше нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жандану кезеңінің басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу кезеңін тұрақтандыру немесе одан ары қарай созу туралы болып тұр.

Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның  шамадан тыс өсуімен күрес немесе инфлцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дефляциялық сасат деп аталады. 

Ұзақ  мерзімді реттеу– бірнеше жыл бойынша нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсаты бағытта әсер ету болып табылады. Оған белгілі бір уақыт кезеңі бойынша  экономиканың даму қарқынын ұстап тұру, кейбір салаларды артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерту, технологиялық қайта құру, ғылыми –техникалық прогресті дамыту мақсатында жедел амортизоциялау сасатын жүргізу жатады.

Экономиканы мемлекеттік  реттеуді ұйымдастырудың теориялық  аспектісі оның экономикалық және әкімшілік  әдістерінің арақатынасы мәселелерін  де қамтиды, Бұл мәселелер мемлекеттік  реттеу көбінесе әкімшілік басқару  түсінігімен байланыстырылатындығынан, ал басқарудың экономикалық әдістері нарықтың реттейтін өрісінің кеңеюіне мүмкіндік беретіндіктен обьективтік сипатқа ие болады.

Экономиканы реттеу жөніндегі маңызды жалпымемлекеттік шаралардың бірі- өндіргіш күштерді орналастыру мәселесін де қамтитын құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асырылуы экономиканы құрылымдық қайта құру концепциясы ғылыми негіздеуден  басталады. 

Макроэкономикалық реттеу жөніндегі жалпымемлекеттік шаралар  арасында қаржылай - бюджеттік рөлді атқарады. Бұл жерде мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің  кіріс бөлігін орындаудағы шиеленісушілік әлеуметтік сала мен ғылымның дамуына жұмсалатын бюджет шығындарын шектеуге негіз бола алмайтындығын атап өту керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.    Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты