Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 20:42, контрольная работа

Описание работы

7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының (7-ХБЕС ) 1-53-параграфтар мен А және В қосымшаларында мазмұндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші болады, бірақ нағыз стандартты ХБЕСБ қабылдаған кезде ХБЕСК стандартының форматын сақтайды. 7-ХБЕС мақсаты «Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына алғысөз», сондай-ақ «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамалары» мағыналы мәтінінде оқылғаны жөн

Работа содержит 1 файл

7.docx

— 44.63 Кб (Скачать)

28. Валюталардың  айырбас бағамдары өзгерулерінің  нәтижесінде туындаған өткізілмеген  пайда мен залал ақша қаражаттары  қозғалысы болып табылмайды. Алайда қолда бар және алынуы күтілетін шетелдік валютадағы ақша қаражаттары мен олардың баламаларына валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің ықпалы кезеңнің басында және аяғында ақша қаражаттары мен олардың баламаларын салыстырып тексеру үшін ақша қаражаттары қозғалысы туралы есепте беріледі. Бұл сома операциялық, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысынан бөлек беріледі және оған кезеңнің аяғында валюталардың айырбас бағамдары бойынша есептілікте ақша қаражаттары қозғалысы туралы деректер берілген жағдайда туындайтын айырма жатады.  

Төтенше баптар  

29. Төтенше  баптармен байланысты ақша қаражаттарының  қозғалысы тиісінше операциялық, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысы ретінде бағалануға және бөлек ашып көрсетілуге тиіс.

30. Төтенше  баптармен байланысты ақша қаражаттарының  қозғалысы операциялық, инвестициялық қызметтің немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте бөлек ашып көрсетіледі, мұның өзі пайдаланушыларға кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы ақша қаражаттарының қозғалысы сипатын және оның әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай ашып көрсету 8-«Кезең ішіндегі таза пайда немесе залал, есеп саясатындағы іргелі қателіктер мен өзгерістер» ХБЕС-ына сәйкес талап етілетін төтенше баптардың сипаты мен деңгейі туралы хабарламаны ашуға қосымша ретінде жүргізіледі.  

Пайыздар  мен дивидендтер  

31. Алынған  және төленген пайыздармен және  дивидендтермен байланысты ақша  қаражаттарының қозғалысы жеке ашылуға тиіс. Әрбір осындай түсім немесе төлем операциялық, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде кезең-кезеңімен жүйелі түрде бағалануға тиіс.

32. Кезең  ішінде төленген пайыздың жалпы  сомасы оның пайда мен залал  туралы есепте шығыс ретінде  танылуына немесе 23-«Қарыздар бойынша  шығындар» ХБЕС-ына сәйкес есептің  жол берілетін баламалы тәртібіне  орай капиталдануына қарамастан  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте ашылады.

33. Қаржы  мекемелері үшін төленген пайыздар  мен дивидендтер әдетте операциялық  қызметтен түсетін ақша қаражаттарының  қозғалысы ретінде бағаланады. Ал басқа кәсіпорындарға қатысты ақша қаражаттарының осы тасқындарын бағалау туралы өзге пікір жоқ. Төленген пайыздар мен алынған пайыздар және дивидендтер операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағалануы мүмкін, өйткені олар таза пайданың немесе залалдың есептілігінде ескеріледі. Сонымен бірге төленген пайыздар мен алынған пайыздар және дивидендтер тиісінше қаржылық және инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағалануы мүмкін, өйткені олар қаржы ресурстарын тартуға немесе инвестициялардан кіріс алуға жұмсалған шығындар болып табылады.

34. Төленген  дивидендтер қаржы қызметінен  түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағалануы мүмкін, өйткені олар қаржы ресурстарын тартуға жұмсалған шығындар болып табылады. Сонымен бірге, операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарынан дивидендтер төлеудегі кәсіпорынның қабілетін бағалауда пайдаланушыға көмектесу үшін төленген дивидендтер инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының құрамдас бөлігі ретінде бағалануы мүмкін.  

Пайдаға салынатын салық  

35. Пайдаға  салынатын салықпен байланысты  туындайтын ақша қаражаттарының  қозғалысы, егер тек ол бөлек ашылуға және қаржылық немесе инвестициялық қызметпен нақты ұштаса алмайтын болса, операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары ретінде бағалануға тиіс.  

36. Пайдаға  салынатын салық ақша қаражаттарының  қозғалысын туғызатын операциялар бойынша туындайды, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте бағаланатын операциялық, инвестициялық, немесе қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағаланады. Ал бұл ретте салық төлемі бойынша шығыстар инвестициялық қызметпен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметпен оңай ұштасуы мүмкін, салық ақша тасқындарына қатысты мұндай ұштасуды жүзеге асыру іс жүзінде жиі ретте мүмкін болмайды, сондықтан олар тиісті операциядан түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы болған кезеңде туындамауы мүмкін. Сондықтан төленген салықтар әдетте операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағаланады. Алайда тәжірибеде салық ақша тасқындарын ақша қаражаттарының қозғалысын туғызатын бөлек операциямен байланыстыру және инвестициялық қызметтен, немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысын бағалау мүмкіндігі болған кезде, мұндай қозғалыс тиісінше инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағаланады. Салық ақша тасқындары қызметтің кемінде бір түріне қатысты болған кезде төленген салықтың жалпы сомасы ашылады.  

Еншілес, қауымдасқан кәсіпорындарға және бірлескен қызметтерге берілетін инвестициялар  

37. Қауымдасқан  немесе еншілес кәсіпорынға үлестік  қатысу әдісі немесе іс жүзіндегі  шығындар жөніндегі есеп әдісі  бойынша берілетін инвестициялар  есебі жағдайында инвестор ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есепте өзара және инвестициялау объектісі арасындағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, мысалы, дивидендтер мен аванстар туралы хабарламамен шектеледі.

38. Бірлесіп бақылаушы кәсіпорынның өзінің үлестік қатысуы туралы есебінде хабарлама кәсіпорын беретін кәсіпорын (қараңыз: 31-«Бірлескен қызметке қатысу туралы қаржы есептілігі» ХБЕС) тепе-тең бірлесу әдісін пайдалана отырып, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы өзінің бірлескен есебіне бірлесіп бақылайтын кәсіпорнының ақша қаражаттарының қозғалысындағы тепе-тең үлесін жатқызады. Үлестік қатысу әдісінің көмегімен өзінің үлесі туралы есеп беретін кәсіпорын өзінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне бірлесіп бақылайтын кәсіпорнына беретін оның инвестиясымен байланысты ақша қаражаттары тасқынын, бірлесіп бақылайтын кәсіпорны олардың арасында бөлуді және басқа да ақша түсімдерін немесе төлемдерін жатқызады.  

Еншілес кәсіпорындар мен басқа да құрылымдық бөлімшелерді сатып алу мен олардың шығып кетуі  

39. Еншілес  кәсіпорындар мен басқа да  құрылымдық бөлімшелерді сатып  алу мен олардың шығып кетуі  нәтижесінде туындайтын ақша  қаражаттарының жиынтық қозғалысы бөлек берілуге және инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағалануға тиіс.

40. Кәсіпорын  кезең ішінде еншілес кәсіпорындарды, басқа да құрылымдық бөлімшелерді  сатып алуларға, сондай-ақ олардан  шығып кетуіне қатысты мына  төмендегі кездердің әрқайсысын жиынтығында:  

(а) сатып  алуы немесе шығып кетуі кезінде  жиынақтап өтеу;  

(b) сатып  алуы немесе шығып кетуі кезінде  ақша қаражаттарымен немесе олардың  баламаларымен өтелген құнының  бір бөлігін;  

(с) сатып  алынған немесе шығып кеткен  еншілес кәсіпорындағы немесе  құрылымдық бөлімшедегі ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының деңгейін; және  

(d) ақша  қаражаттарынан немесе олардың  баламаларынан өзгеше сатып алынған  немесе шығып кеткен еншілес  кәсіпорындағы немесе құлылымдық  бөлімшедегі негізгі санаттарының  әрқайсысы бойынша жинақталған активтер мен міндеттемелердің сомасын ашуға тиіс.  

41. Сатып  алынған немесе шығып кеткен  активтер мен міндеттемелердің  құныны жеке ашумен қатар сатып  алынған немесе шығып кеткен  кеткен еншілес кәсіпорындар  немесе құрылымдық бөлімшелер  жеке бап түрінде ақша қаражаттарының қозғалысына жасайтын әсері туралы деректерді бөлек беру осы ақша қаражаттарының қозғалысын басқа операциялық, инвестициялық қызметінің немесе қаржыландыру қызметінің нәтижесінде болатын ақша қаражаттарының қозғалысынан бөлуге көмектеседі.

Ақша  қаражаттарының қозғалысына шығып кетулер әсерінің нәтижелері сатып алулар әсерінің нәтижелерінен шегеріледі.

42. Сатып  алу немесе сату кезінде өтеу  ретінде төленген немесе алынған ақша қаражаттарының жалпы сомасы алынған немесе шығарылған ақша қаражаттарының және олардың баламаларының таза сомасы ретінде беріледі.  

Ақшалай емес операциялар  

43. Ақша  қаражаттарын немесе олардың  баламаларын пайдалануды талап  етпейтін инвестициялық және  қаржы операциялары ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есебінен алынып тасталуға тиіс. Мұндай операциялар басқадай қаржы есептілігінен бұл ашу осындай инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызмет туралы барлық орайлы хабарламаны беруі үшін ашылуға тиіс.

44. Инвестициялық  қызмет пен қаржыландыру жөніндегі  қызметтің едәуір бөлігі, ол кәсіпорын капиталының құрылымына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптардың ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына қатысы болмайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады:  

(а) не  тікелей өзіне тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;  

(b) акциялар  шығару көмегімен кәсіпорынды сатып алу; және  

(c) борыш  міндеттемелерін меншікті капиталға аудару.  

Ақша  қаражаттарының құрамдас бөліктері  мен ақша қаражаттарының баламалары  

45. Кәсіпорын  ақша қаражаттарының құрамдас  бөліктері мен ақша қаражаттарының  баламаларын ашуға және баланста  берілген баламалы баптарымен  бірге оның ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есебінде сомалардың салыстырып тексеруін беруге тиіс.

46. Дүние  жүзінің әр түрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын басқару тәсілдерінің және банк келісімдері түрлерінің әр алуандығын ескере отырып, сондай-ақ 1-«Қаржы есептілігін беру» ХБЕС-ын сақтау үшін кәсіпорын ақша қаражаттарының құрамы мен ақша қаражаттарының баламаларын анықтау үшін қабылданған әдісті ашады.

47. Ақша  қаражаттарының құрамдас бөліктерін  және олардың баламаларын анықтау  әдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын кәсіпорынның инвестициялық портфелінің бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын топтастырудағы өзгерістің ықпалы 8-«Кезең ішішндегі таза пайда мен залал, есеп саясатындағы іргелі қателіктер мен өзгерістер» ХБЕС сәйкес есептілікте беріледі.  

Хабарламаның  басқа да ашылуы  

48. Кәсіпорын өзінде бар, бірақ басшылықтың түсіндірмесімен бірге топтың пайдалануы үшін қол жеткізілмейтін ақша қаражаттары мен олардың баламаларының елеулі сомасын ашуы керек.

49. Орын  алған әр түрлі жағдайда кәсіпорынға тиесілі ақша қаражаттары мен олардың баламаларының қалдықтарын пайдалануға топтың қолы жетпейді. Мұның мысалы – елде жұмыс істейтін еншілес кәсіпорнындағы ақша қаражаттары мен олардың баламаларының қалдықтары, онда осы қаражаттарды бас кәсіпорынның немесе басқа да еншілес кәсіпорындарының жалпы пайдалануына жол бермейтін валюта бақылауы немесе басқа да заңдық шектеулер қолданылады.

50. Қосымша  хабарлама пайдаланушылардың қаржы  жағдайы мен кәсіпорынның өтімділігін  түсіну үшін орынды болуы мүмкін. Басшылықтың түсіндірмелерімен  осы хабарламаны ашу көтермеленеді  және оларға мыналар жатуы мүмкін:  

(а) осы  қаражаттарды пайдалану жөніндегі  орын алған шектеулерді көрсете  отырырып, болашақтағы операциялық  қызметке және капитал жөніндегі міндеттемелерді өтеуге жұмсалуы мүмкін пайдаланылмаған қарыз қаражаттарының сомасы;  

(b) бірлескен  қызметке қатысу үлестеріне қатысты  операциялық, инвестициялық және  қаржыландыру жөніндегі қызметке  бөлініп көрсетілген ақша қаражаттары қозғалысының жалпы деңгейлері, олар туралы деректер тепе-тең топтасу әдісі бойынша беріледі;  

(с) ақша  қаражаттары тасқындарының жалпы  деңгейі, олар операциялық мүмкіндіктерді  қолдау үшін қажетті ақша қаражаттары тасқынынан бөлек операциялық мүмкіндіктердің артуын дәлелдейді;  

Информация о работе Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты