«Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 19:01, реферат

Описание работы

«Директ-костинг» идеясы бүгінде шығындар мен қаржылық нәтеже бойынша бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарында көрсетілген. Бұл шығын стандартына сәйкес есеп беру периодының ұзақтығына тәуелді және кәсіпорынды басқарумен байланыстыруды бұйымның өзіндік құнына қоспауға, ал кәсіпорынның жиынтық табысын жабуға болады.

Работа содержит 1 файл

Директ-костинг 1-2 болим.docx

— 84.10 Кб (Скачать)
  • материалдық  шығындар;
  • еңбекақы шығындары;
  • сақтандыру шығындары;
  • негізгі құралдардың тозуы;
  • басқада шығындар.

Шығындар баптары бойынша  басқару есебінде топталады. Өндірілген өнімнің құнын есептеу үшін өндіріс  процесінде не шығын етілгеніғана емес және олар қандай мақсатпен жұмсалғанын  білу керек. Олардың бағыты және технологиялық  процеске қатынасын да білу қажет. Басқаша  айтқанда калькуляция баптары бойынша  шығынды классификациялау мына сұраққа  жауап береді: ресурстар  не үшін шығындалды және қайда? Бұндай топтау өзіндік құнды оның құрамдас бөліктері  арқылы және өндірістің кейбір түрлері  бойынша талдауға мүмкіндік береді.  Шығындар келесі баптар бойынша топталады:

  • материалдар;
  • еңбекақы;
  • сақтандыруға есептеулер;
  • үстеме шығындар.

Шығындар өндірістің көлемінің  өзгеруіне қарай тұрақты және айнымалы шығын болып бөлінеді. Айнамалы шығын деп өндірістің көлемі немесе өндірістік күштің өзгеру деңгейіне  байланысты  жалпы сомасы өзгеретін  шығындарды айтады. Оларға, мысалы, негізгі  материалдар мен шикізаттарға шығындар, техникалық мақсаттарға отын және энергия, негізгі өндірістік жұмысқа еңбекақы  және т.б. жатады. Өнімнің бірлігіне  есептегенде бұл шығындар өзгермейді.

 

 

    1.   «Директ-костинг» жүйесі бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру

 

Өндірістік  есепті ұйымдастыру, біріншіден, пайдаланатын бухгалтерлік шоттар жүйесі, екіншіден, өз шығындарын топтаудағы кәсіпорынның қолданатын шешімдерін айтуға болады.

Бухгалтерлік  есеп жүйесінің ерекшелігі оның 2 сала бойынша бөлінуінде: қаржылық және басқару есебі.

Қаржылық  есеп пайдаланушылары жеке және заңды  тұлғалар, сонымен қатар инвестор, кредитор және т.б. қаржылық ұйымдарына есептік ақпараттың дайындалу процесі. Оның мақсаты – сыртқы пайдаланушыларға қаржылық есеп беру.

Басқару есебі басқаруды жоспарлау үшін және кәсіпорынның әрекетін өндірістік-коммерциялық бағалау үшін ақпарат дайындау процесін қамтиды. Бұл процеске басқару ақпараттарын жинау, дайындау, талдау, сақтау жатады.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде “басқару есебі” терминімен бірге “өндірістік  есеп”  термні де көп қолданылады, бұл 2 термин синонимдер болып келеді. Бірақ бұл екеуін бір деп қарастыруға  болмайды. Өндірістік есеп басқару  есебінің бастамасы болып табылады. Өндірістік есеп енді дамыған кезде  оның негізгі мақсаты өндірістік шығындарды және өнім бірлігінің  шығындары  болған. Ал қазіргі кезде өндірістік есепке көп шарттар қойылады.

Сонымен өндірістік есеп дегенді қалай түсінуге болады?  К. Друридің жазуы бойынша  өндірістік есеп дегенді - өнімнің қорының  құнын бағалау үшін өндірісітк шығындар туралы мәліметтер жинау деп түсінуге болады. Ал біздің көзқарас бойынша  өндірістік есеп дегеніміз өндірістік шығындарды анықтау, өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау, өнімнің қорын  бағалау, экономикалық резервтерді  шығаруға , әртүрлі зиянды болдырмау  үшін мәліметтерді жинау.  Өндірістік есеп өндіріспен және өнімді өткізумен  байланысты процестерді нақты және ашық көрсету керек. Себебі өндірістік есеп басқару есебінің базасы болып  табылады. Ал басты мақсаты - өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау.

Әлемдік тәжірибеде өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау төмендегілерден шыға отырып, әртүрлі әдістермен анықталады.

  1. шығындар және нәеже туралы мәліметтерді қолдану сферасы:

- басқару функциясы бойынша: жабдықтау, өндіріс, өткізу, әкімшілік және т.б.;

- жауапкершіліктің 4 типі бойынша: шығын, түсім, пайда, инвестиция;

- қызметтің  сегменті бойынша: өткізу каналы, елдегі аудан, сатушылар категориясы;

- қызмет орталықтары бойынша: техникалық, өткізу, инвестициялық қызмет;

- өндірістік бірлік бойынша: цех, бөлімше, завод, филиал;

  1. калькуляциялау түрі бойынша: оптималды, нормативтік, бюджеттік, орташа өзіндік құн;
  2. өнімнің өзіндік құнының құрылымы бойынша: толық, қысқартылған;
  3. шығынды калькуляциялау әдісінен шыға: “стандарт-кост” , коэффициент әдісі, қарапайым және дамыған  “директ-костинг”.

“Директ-костинг” жүйесі бойынша шығындар есебін ұйымдастыру  мынадай бағыттардан тұрады:

  • шығын түрлері бойынша есеп;
  • шығынның пайда болу орны бойынша есеп;
  • жауапкершілік орталықтары бойынша шығын есебі;
  • шығын тасмалдаушылары бойынша.

Шығын түрі бойынша есеп. Бұл есептің бағытында шығындарды біртекті элементі бойынша және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады. Бұл топтастыру  өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауға өте қажет.  Шығын түрлері бойынша есептің міндеті берілген уақыт аралығындағы  түрлері бойынша жүйелік шығын есебі, Ол кәсіпорын шығындарын вертикальды құрылымын көрсетеді.  Бұндай есепті ұйымдастыру кәсіпорынға өндірілетін өнімнің өзіндік құнының құрылымын – шығынның өзіндік құнының жекелеген элементтерінің пайыздық қатынастары есептеуге мүмкіндік береді. Өзіндік құнды құрылымдық талдау нәтежесінде кәсіпорында оны төмендету бойынша резервтерді анықтау мүмкіндігі туады. Материалдық өнімнің өзіндік құнын төмендету резерві болып материалды рационалды пайдалану есептеледі.

Егер  түр бойынша шығындар есебі өндірістік шығындардың соңғы бақылауының  бірінші шарты болса, өндірістік шығындардың ұйымдастырудың екінші бағыты – шығындарды орны бойынша  есептеу.  Шығындардың пайда болу орны – бұл өндірістік шығындар басқару және бақылау  үшін  өндірістік шығындар есебін нормативтеу және жоспарлауды  іске асыратын кәсіпорынның құрылымдық  бөлімі.  Шығындардың   пайда   болу орны  жұмыс   орындары ,участок , бригада,цехтар, кә сіпорын  бөлімдері  болып  келеді. Әрбір осындай участоктардың  өздерінің тіркеу номері болады. Номер  арқылы кәсіпорындағы шығындар пайда  болу номенклатурасы бекітілді. Пайда  болу орны бойынша топтау кәсіпорынның  горизонтальды құрылымын көрсетеді. Бұндай есеп кәсіпорын жетекшілігіне  мыналарды қамтамасыз етеді:

- шығындалған ресурстардың мақсаты бағытталуын, кәсіпорындағы жұмыс тиімділігін, соның ішінде  оның  құрылымдық  бөлімдерін    жан-жақты бақылау;

- үстеме шығындарды өнімнің жекелеген түрлері арасында бөлу;

- өнімнің қызмет өндіріс өз құнын анықтау.

Өндіріс шығындардың есебінің үшінші  бағыты жауапкершілік  орталықтар бойынша  есеп. Бұл  есепті өнімнің өз құнын  бақылауды жақсарту мақсатында әрбір  шығынға жауапты  тұлғаны қою  деп түсінуге болады. Жауапкершілік  орталығы кәсіпорынның  сегменті ретінде  болуы мүмкін, ал  қызметтердің  нәтижесі  үшін оның  жетекшісі  жауап  береді.  Жауапкершілік  орталығы бойынша есепті ұйымдастырудың мақсаты сметадан ауытқу жауапкершілігі жауапты тұлғаға жүктелу үшін әрбір жауапкершілік орталығынан  түсім мен шығыстар туралы мәліметтер жинау.

Шығыс есебінің төртінші бағыты – шығынды тасмалдаушылар бойынша есеп дегенде батыстық өндірістік есепте шығындарды лоардың тасмалдаушыларына жатқызады. Шығындарды тасмалдаушы – нарыққа өткізуге дайындалған кәсіпорынның қызметі, өнімі. Технологияға байланысты шығындарды тасмалдаушылар бұйым немесе жартылай фабрикат, біртекті бұйымдар тобы, біратаулы өнімдер сериясы, құрылыс объектілері бола алады. «Директ-костинг» өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кезінде тұрақты шығындар тасмалдаушылар арасында таратылмайды.

 

2 «Директ  костинг» жүйесі бойынша өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау  және кәсіпорынның зиянсыздығын  талдау 

 

2.1 «Директ  костинг» жүйесі бойынша өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау

 

Өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығыны. Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіруге кеткен еңбек материалдары, еңбек  күші және заттарының құны кірістіріледі.

Калькуляциялау  – өнімнің өзіндік құныны есептеу  немесе өзінің бір өлшемінің өзінідік құныны есептеу болып табылады. Калькуляцияның объектісі – кәсіпорында калькуляцияланатын өнімнің, қызметтің және жұмыстардың  түрлері. Калькуляциялық бірліктер  – тиісті өнімнің техникалық, стандарттық  құжаттарда белгіленген бірліктері. Олар: натуралды, ірілендірілген, шартты натуралды, еңбек бірлігі орындалған жұмыс бірлігі, пайдалы нәтиже бірлігі.

«Директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау үшін  Қазақстанда орналасқан сыра өндіретін  кәсіпорындар және олардың өндіретін  өнімдері мысал ретінде келтірілген. Қазақстандағы сыра өндірісінің  көрсеткіштері туралы мәліметтер 5-кестеде  көрсетілген.

 

5-кесте 

2000-2010 жылдар аралығындағы Қазақстандағы сыра өндірісі

 

Жылдар 

Мың дал

Жылдар 

Мың дал

2000

31330

2006

6933

2001

23011

2007

8503

2002

16922

2008

8244

2003

12907

2009

13568

2004

8121

2010

16924

2005

6360

   

 

Еліміздің ең ірі сыра өндіретін кәсіпорындардың  бірі Шымкент сыра заводы, оның өндірістік күші 1 жылда 7,2 млн. дал сыра. Бірақ бұл күшті қолдануы әлсіз, оны жылдық  өнім көлемінен көруге болады.  Келесі ірі кәсіпорын Алматы №1 сыра заводы. Ал Қарағанды сыра заводы 1958 жылы құрылған, оның күші жылына 1,5 млн. сыра.

Осы кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебін ұйымдастыруды қарастырамыз. Шығын есебін және өзіндік құнды калькуляциялауды ұйымдастыруға бірнеше факторлар қатар әсер етеді: кәсіпорынның қызмет түрі, оның көлемі, басқару құрылымы, құқықтық формалар. Бұл факторларға тәуелділігіне қарай өндіріс шығындарының есебінің объектілері, кәсіпорынның ресурстарын қолдануды бақылау әдісі және есептер нұсқалары жасалады.

Кәсіпорындарда  сыра өндіріс процесін 4-суретте көрсетілген өндірістік цехтарда ұйымдастыруға болады.

 


 

Сурет 4. Сыра өндірісіндегі өндірістік цехтар

 

Еліміздегі  сыра өндіретін кәсіпорындар бухгалтерлік есепті ХҚЕС және бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Зерттеліп отырған кәсіпорындарда бухгалтерияны қаржылық және басқару деп  нақты бөлу жоқ. АҚ «Алматы №1 сыра заводында» өндірістік есеп жеке бөлім болып  келмейді, оның қаржылық бухгалтерия және  өндірістік жоспар бөлімі арасында бөлінген. ЖАҚ  «Шымкент сырада» да осындай жағдай. Ал «ЭФЕС Қарағанды сыра өндіретін заводында»  өндірістік бухгалтерияны өзіндік құн бухгалтері, ал  қаржылық – бухгалтерия  басшысы және қаржылық бөлімінің басшысы жүргізеді.

Қаржылық  бухгалтерия  Бас шоттар жоспарының 1 және 8 бөлімдерге кіретін барлық шоттарын  жүргізеді. Басты кітапты, баланс және барлық қаржылық есеп берудің формаларын құрады.

Басқару өндірістік бухгалтерия Бас шоттар жоспарының 8бөліміндегі барлық шоттарды жүргізеді. Ол өндіріске шығындар, өзіндік құнды калькуляциялау туралы ақпаратты қамтып ,өндіріске  шығарылған шығынның нормасын жасайды және олардың орындалуын қадағалайды, өндірістегі жартылай фабрикаттың қозғалыс есебін ұйымдастырады. Басқару бухгалтериясы жабық түрде болады.

Өндірісте шығын есебі 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Көмекші өндіріс», 8040 «Үстеме шығын» бөлімдеріне  кіретін  комплекстік шоттар жүйесін қолданады. 

Сыраның өзіндік құнына келесідей шығын  баптары кіреді:

  • шикізат пен  негізгі материалдар;
  • ақтарымды қалдық;
  • технологиялық мақсатқа қосалқы материалдар;
  • технологиялық мақсатқа суық;
  • өндірісітк жұмыскерлердің еңбекақысы;
  • әлеуметтік салықтар;
  • үстеме салықтар;

Калькуляциялау  процесіне  өнімнің бірлігіне  кететін тікелей және үстеме шығынның саласын есептеу кіреді. Тікелей  шығындар шығындар есебінің  объектісі  өнім түрлері брйынша ұйымдастырылады. Ал үстеме шығындар тұрақты шығындар ұйымдастыратын шығындар есебінің объектісі  немесе өнімнің түрі бойынша таратылады.

Үстеме  шығындарды тарату әдісі өндірістің спецификасына тәуелді және оны кәсіпорын өз қалауына қарай таңдап алады.  Мысалы, Шымкенттік сыра заводында  үстеме шығындар өндірістік жұмыскердің негізгі жалақысына пропорционалды таратылады. Үстеме шығындарды есепке алудағы типтік операциялардың шоттар кореспонденциясы 6-кестеде берілген.

Информация о работе «Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі