Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2011 в 21:03, реферат

Описание работы

Ескерту. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472 Заңымен енгiзiлген өзгерiстер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - III" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 3" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi.doc

— 243.00 Кб (Скачать)

      30-бап. Хабар-ошарсыз кеттi деп  тану туралы шешiмнiң

              күшiн жою  

      Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адам келген немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы және оның мүлкiне қорғаншылық белгiлеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.   

      31-бап. Азаматты өлдi деп жариялау  

     1. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы мүмкiн.

      2. Соғыс қимылдарына байланысты  хабар-ошарсыз жоғалып кеткен  әскери қызметшi немесе өзге  адам соғыс қимылдары аяқталған  күннен бастап кемiнде екi жыл  өткеннен кейiн өлдi деп жариялануы  мүмкiн. 

      3. Өлдi деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күнi өлдi деп жарияланған адамның өлген күнi болып есептеледi. Өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлдi деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнiн оның өлген күнi деп тануы мүмкiн.

      4. Адамды өлдi деп жариялау  туралы заңды күшiне енген сот  шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал  актiлерiн жазу кiтаптарына оның  өлгенi туралы жазба жасалады. Бұл жазбаның нәтижелерi де нақты өлiм туралы жазбаның нәтижелерi сияқты болады.   

      32-бап. Өлдi деп жарияланған  адамның тiрi оралуынан

              туындайтын жағдайлар  

      1. Өлдi деп жарияланған адам  тiрi оралған немесе оның тұрған  жерi белгiлi болған жағдайда сот тиiстi шешiмнiң күшiн жояды.

      2. Азамат өзiнiң қай уақытта  оралғанына қарамастан, кез келген  адамнан азамат өлдi деп жарияланғаннан  кейiн сол адамға тегiн көшiп,  сақталып қалған мүлкiн қайтарып  берудi талап ете алады. 

      3. Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкiн оның заңды мұрагерi үшiншi бiр адамдарға берiп, олар мүлiктiң сатып алу бағасын адам тiрi оралған кезге дейiн толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тiрi оралған адамға көшедi.

      4. Өлдi деп жарияланған азаматтың мүлкi ақысы төленетiн мәмiле бойынша өзiне көшкен адамдар оған бұл мүлiктi қайтаруға, ал оларда мүлiк жоқ болған жағдайда, егер мүлiктi алған кезде олар өлдi деп жарияланған азаматтың тiрi екендiгiн бiлгенi дәлелденсе, мүлiктiң құнын өтеуге мiндеттi.

      5. Мүлiктi иелiктен шығарушы адам  өлдi деп жарияланған адамның  мүлiктi иелiктен шығару кезiнде  тiрi екендiгiн бiлген болса,  мүлiктi қайтарып беру немесе оның  құнын өтеу мiндетiн мүлiктi алушымен  бiрге мойнына алады.

      6. Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкi мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өтiп, сатылып кеткен болса, адамды өлдi деп жариялау туралы шешiмнiң күшi жойылғаннан кейiн оған мүлiктiң құн төленетiн күнгi нарықтық бағасы ескерiле отырып, оны сатудан түскен сома қайтарылады.  

 Параграф 2. Заңды  тұлғалар   

      Ескерту. III, IV, V бөлiктер V, VI, VII бөлiктер  болып есептелсiн - Қазақстан Республикасының  1998.05.10. N 282 Заңымен.  

  I. Жалпы ережелер  

      33-бап. Заңды тұлға ұғымы  

      1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

      Заңды тұлғаның дербес балансы  немесе сметасы болуға тиiс. 

      2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған  мөрi болады.   

      34-бап. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары  

      1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

      2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

      3. Коммерциялық емес ұйым болып  табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк  қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

      Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк  қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына  сай келуiне қарай ғана айналыса  алады. 

      3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

      4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра  алады. 

      5. Заңды тұлға осы Кодекстiң,  заңды тұлғалар түрлерiнiң әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.

      Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.  

      35-бап. Заңды тұлғаның құқық  қабiлеттiлiгi   

      1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары  болып, өз қызметiне байланысты  мiндеттердi осы Кодекске сәйкес  мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк  кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық  ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.

      Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда  белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге  асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн.

      Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде  белгiленетiн жекелеген қызмет  түрлерiмен лицензия негiзiнде  ғана айналыса алады. 

      2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi  ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

      3. Коммерциялық емес ұйым болып  табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң  есебiнен ғана ұсталатын заңды  тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық  қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.  

      36-бап. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздерi құрған

              заңды тұлғалардың мүлкiне құқықтары  

      1. Заңды тұлғаның оқшау мүлкiне  қатысты оның құрылтайшыларының  (қатысушыларының) мiндеттемелiк  және заттық құқықтары болуы  мүмкiн. 

      2. Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғам мен кооперативтер жатады.

      3. Мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк  құқығын немесе өзге де заттық  құқығын сақтап қалатын заңды  тұлғаларға шаруашылық жүргiзушi  құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар жатады.

      4. Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын сақтамайтын  заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар және дiни бiрлестiктер  жатады.

      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен.  

      37-бап. Заңды тұлғаның органдары  

      1. Заңды тұлға заң құжаттары  мен құрылтай құжаттарына сәйкес  жұмыс iстейтiн өз органдары  арқылы ғана азаматтық құқықтарға  ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды.

      2. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi  және олардың өкiлеттiгi заңдар  мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.

      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.    

      38-бап. Заңды тұлғаның атауы  

      1. Заңды тұлғаның оны басқа  заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк  беретiн өз атауы болады.

      Заңды тұлғаның атауы оның  қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық  нысанын көрсетудi қамтиды. Ол  заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн.

      Заңды тұлғаның атауы оның  құрылтай құжаттарында көрсетiледi.

      Заңды тұлғаның атауында заң  талаптарына немесе қоғамдық  мораль қалыптарына қайшы келетiн  аттарды, егер жеке адамдардың  есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.      

      2. Коммерциялық ұйым болып табылатын  заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.

      Заңды тұлғаның фирмалық атауды  тек қана өзi пайдалануға құқығы  бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

      Заңды тұлғаның фирмалық атауды  пайдалануға байланысты құқықтары  мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi.

      3. (3-тармақ алынып тасталды - 2001.12.24. N 276 Заңымен)

      4. Мемлекеттiк органдар болып  табылмайтын заңды тұлғалардың  фирмалық атауларында, қызмет  көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.

      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30 Заңымен, 1998.03.02. N 211, 1999.07.16. N 440, 2001.12.24. N 276 Заңдарымен.  

      39-бап. Заңды тұлғаның тұрған  жерi  

      1. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс  iстейтiн органы тұрған жер  оның тұрған жерi болып танылады.

      2. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.

      3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.  

      40-бап. Заңды тұлғаның құрылтайшылары  

      1. Заңды тұлғаны бiр немесе  бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн.

      2. Мүлiктi меншiктенушiлер не олар  уәкiлдiк берген органдар немесе  жақтар, ал заң құжаттарында арнайы  көзделген реттерде өзге де  заңды тұлғалар заңды тұлғаның  құрылтайшылары бола алады. Бұл  орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу  немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

      3. Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бiр артықшылықтарға ие бола алмайды.

      Ескерту. 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.  

Информация о работе Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi