Акша каражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа

Описание работы

Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiпбiлугеболады.
Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе – банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күругеболады.

Содержание

I-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алу.
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты.
Ақша қаражаттар есебі және ақша қаражаттар қозғалысы.
II-ТАРАУ. Кассадағы ақшаларды есепке алу.
Кассадағы ұлттық валютадағы ақшаларды есепке алу.
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі салт ақшаларды есепке алу.
Жолдағы ақшаларды есепке алу.
III-ТАРАУ. Ақшалай қаражаттар,бағалы қағаздар,ақшалай құжаттар және қатаң есептегі бланктерді түгендеу .
Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу.
Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi .
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Разия курсовой (2).docx

— 89.65 Кб (Скачать)

 

                                                 МАЗМҰНЫ

                

I-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алу.

    1. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың  мәнi мен мақсаты.
    2. Ақша қаражаттар есебі және ақша қаражаттар қозғалысы.

 

II-ТАРАУ. Кассадағы ақшаларды есепке алу.  
  2.1. Кассадағы  ұлттық  валютадағы ақшаларды есепке алу.

  2.2. Кассадағы шетелдік  валюта түріндегі салт ақшаларды есепке алу.

  2.3. Жолдағы ақшаларды  есепке алу.

 

III-ТАРАУ. Ақшалай  қаражаттар,бағалы қағаздар,ақшалай құжаттар  және              қатаң есептегі  бланктерді түгендеу .

 3.1. Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу.

 3.2  Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi .

 
Қорытынды.

 
Пайдаланған әдебиеттер.

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 Бухгалтерлiк есеп  нарық қатынастары жағдайында  шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде  ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан  нарық экономикасына түгелiмен  күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық  та мойындады. Бұндай жағдайда  бiздiң республикамызда пайдасы  жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта  бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар  неғұрлым күп болса, соғұрлым  бiздiң экономикамыздың деңгейi де  жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең,  алдыңғы отыз жыл iшiнде де  ең үзектi мәселелердiң бiрi  болатыны Қазақстан Республикасының  Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген   халыққа  жолдауында да ерекше  аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң  дұрыс  жолға қойылуы күптеген  факторларға байланысты болып  табылады. Соның  iшiнде бухгалтерлiк  есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық  есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың  дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл  қызметтердiң  мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал   кiм  ақпаратқа ие болса,  сол әлемдi билейдi деген сүз  бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын   осыдан  ақ бiлуге болады.

    Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сүйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай – ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның iшкi аудитi үзектi болып есептелiнедi.  
Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы қарағанда ақша қаражаттар есебiн     дұрыс     ұйымдастырудың рөлi зор.                     

Ақша қаражаттардың есебiн  зерттеп бақылай отырып кез –  келген кәсiпорынның жабдықтаушылары  мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын    күрiпбiлугеболады. 
Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе – банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күругеболады.  
Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бүлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.

 

            І -ТАРАУ. Ақша қаражаттарды есепке алу.

1.1. Ақша қаражаттар  операциясың есепке алу және  мәні, максаты. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы «Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментiнiң» №4  «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында: «Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы жағдайындағы үзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi» делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында:« Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғнисоныменбiрге)тапсырады»делiнген.  
          Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болыптабылады.  
           Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:  
1) ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден үткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;  
2) Шетелдiк валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшiн заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;                 
3) Бюджеттiк мекемелерге , олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, үндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;                                     
4) Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттiк шоттарды;  
5) Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге корреспонденттiк шоттарды ашады.

                  
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:  
1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезiнде есептеу.  
2) Субьектiдегi ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс, тиiмдi пайдалануды бақылау           
3) Есеп айырысу, түлеу тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кiрiстерi мен шығындарын дұрыс есептеу.  
Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi      
1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу            .  
2) Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептiк тiркелiмдерде толықтай және жедел түрде күрсету.  
3) Бүлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.  
4) Белгiленген мерзiмдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық және кредиторлық берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiнiздестiру.  
5) Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегi басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.  
6) Есеп айырысу – төлем тәртiбiнiң сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшiн сомалардың уақтылы аударылуына, сондай – ақ несие тәртiбiнде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 .2. Ақша қаражаттар  есебі және ақша қаражаттар  қозғалысы.

 

Ақша қаражаттарының жалпы  сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек. 
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.                     . 
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.                       . 
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.                 . 
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады. 
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін. 
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.                 . 
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады              . 
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады           . 
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады. 
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.  
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі: 
-төлем тапсырмасының нөмірі                         ; 
-төлем тапсырмасының жазылған күні; 
-жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) 
коды(ЖТК немесе ИИК)  
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі; 
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе код) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді; 
- бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы; 
- банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі; 
- бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде; 
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАКнемесеМФО); 
- төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады; 
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды   – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код; 
- валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) 
банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады. 
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. 
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін. 
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері. 
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек. 
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді. 
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. 
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – депозитттермен қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады. 
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды. 
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса: 
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса; 
- чектің мерзімі өтіп кетсе; 
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса; 
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса; 
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек); 
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса; 
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе; 
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса; 
- чектің басқа да дефектілері бар болса. 
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады: 
біріншісі–банкте;  
екіншісі – көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі; 
үшіншісі–Клирингтік палатаға беріледі;  
төртіншісі–чекті беруші банкке беріледі. 
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.  
Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу 
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді: 
1060 " Өзге ақша қаражаты" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады. 
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:  
жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді. 
Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі. 
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті. 
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды. 
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса. 
Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив. 
Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.  
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет. 
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі. 
Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі. 
Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі. 
1060" Өзге ақша қаражаты " шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.  
Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы. 
1060"Өзге ақша қаражаты" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар. 
1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.  
Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу 
Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды. 
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі. 
Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі. 
Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады. 
Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзегеасырылады.  
                 Ақша қаражаттар қозғалысы  . 
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды. 
Бүгінгі күні ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда,    14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. 
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бугалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» деп аталатын бугалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерге бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарт екінші бабында: «Заңды тұлғалар , субъектілер (банктер немесе бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген. 
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады :                
1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;  
2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау;                  .                            
3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу. 
Ақшалай қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері. 
Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым -қатынасқа түседі.  
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы. 
Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді. 
• Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр: 
• шаруашылық субъектілерменуақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау; 
• есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау; 
• ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу; 
• кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау; 
• есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау. 
Ақша  қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді. 
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жалпы сипаттамасы: 
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган;

2. Мемлекеттің негізгі  міндеттері мыналар: 1) Қазақстан  Республикасының Әлеуметтік-экономикалық  дамуының стратегиялық мақсаттарын  және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын  қалыптастыру; 
2) мемлекеттiң Әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру; 
3) экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру. 
3. Министрлiк қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады. 
4. Министрлiк мемлекеттiк   мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазақстан Республикасы қаржы министрлiгінің қазынашылық органдарында шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық - құқықтық қатынастарға түседi. 
Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
5. Министрлiктiң штат   санының лимитін Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді .

6. Министрлiктiң заңды  мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс  даңғылы, 33-үй. 
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мемлекеттік мекемесi. 
8. Осы ереже Министрлiктiң  құрылтай құжаты болып табылады. 
9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. 
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

                   II-ТАРАУ. Кассадағы ақшаларды есепке алу.

2.1. Кассадағы  ұлттық валютадағы ақшаларды  есепке алу.

     Мекемелердің кассаларына қолма –қол есеп айырсулар арқылы тауарларды сату, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындаудан салт  ақшалар түрінде  түсімдердің үлкен сомалары күнде түседі және жиналады.

Салт ақшаларды қабылдап алу, сақтау және беру, кассалық құжаттарды рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік  мекемелерде кассалық операциялар  жүргізу туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі  №195 бұйрығына (2007 жылғы 03 сәуірдегі  №103 бұйрығына сәйкес  өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне  туралы) сәйкес Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің  тәртібімен белгіленген. Бұл тәртіпті сақтау жауапкершілігі мекеме басшысы, бас бухгалтер және кассирге жүктеледі.

    Сауда мекемелері  мен бөлшек сауда кәсіпорындарының  кассаларында олардың банк мекемелерімен  келісім бойынша белгіленген   кассадагы салт ақшалар  қалдығы  және оларды түсімдерден  пайдалану  мөлшерлері(нормалары , лимиттер )шегінде  ғана салт ақшалар сақтап қалады.Сауда  түсімдерінен жұмсалатын ақшалардың  мөлшерлері банктың еңбекақы және оған теңестірілген төлемдер бойынша есеп айырысуларды қанағаттандыру  дәрежесіне  байланысты белгіленеді.  Көрсетілген мөлшерлер ( лимиттер ) қажет болған жағдайда қайта қаралады.

    Мекемелердің  кассасындағы салт ақшалар қалдықтарының  белгіленген мөлшелерден ( лимиттер ) тыс барлық ақшалары банк  мекемексімен келісілген тәртібі  мен  мезгіліне сәйкес шоттарға  аудару үшін банкке өткізуге  міндетті. Олар өз кассаларында  өздеріне белгіленген мөлшерден  тыс салт ақшаларды еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы және оқуақы  төлеу үшін және тек банк  мекемесінен ақша алған күнді  қоспағанда үш жұмыс күнен  аспайтын мерзімінде ғана сақтауға  құқы бар. Банкпен келісу бойынша бұл мерзім бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзім өткеннен кейін төленбеген  (депоненттелген) еңбекақы банкке өткізуі керек, кейін депоненттердің бірінші талаптары бойынша уақытында алмаған тұлғаларға төлеу үшін қайтадан банктан кассаға түседі.

   Мекемелер салт  ақшаларды мөлшерімен нормалармен  шектелмей еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы  және оқуақы төлеуге және ауыл  шаруашылық өнімдерін сатып алуға  жұмсай алады, егер бұл шығындар  мекеменін устаптарында немесе  оларды алмастыратын құжаттарда  қарастырылған мақсаттарға сай  болса. Бірақ олар төлем мерзімі  келгенше көрсетілген мақсаттарға   арналған салт ақшаларды өздерінің  кассасында жинауға құқы жоқ. 

   Кассалық операцияларды  жүргізу үшін мекеме штатында  кассир қызметті қарастырулуы  тиіс, ол қабылдап алған барлық  құндылықтардың сақталуына толық  материалдық жауапкершілікте болады.

   Кассирді қызметке  алу немесе оның міндеттерін атқаруды басқа қызметкерге жүктеу  мекеме басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Кассирді қызметке тағайындау, сондай-ақ оның міндеттерін басқа қызметкерге жүктелгені туралы бұйрық шыққаннан  кейін мекеме басшысы кассирді өздері дербес дайындаған және бекіткен «Кассалық операцияларды жүргізу ережемен» таныстыруға міндетті, онда кассалық операцияларды жүргізу тәртібі, кассадағы ақшалармен басқа құндылықтарды қабылдап алу, сақтау және беру  тәртібі қарастырылған.

   Мекеме басшысы  кассирмен материалдық жауапкершілігі  туралы келісім-шарт жасайды да , одан қабылдайтын құндылықтар  үшін толық жекематериалдық жауапкершілігі  туралы жазбаша міндеттеме алады  және  «Кассалық операцияларды жүргізу ережемен» таныстырылғаны туралы қолхат алады. Бұл міндеттеме кассирдің жеке ісінде сақталады. Келісімшарт пен міндеттеменің нысандары төменде келтірілген.

Информация о работе Акша каражаттары